2. Оттекгің қасиеттері а) Атомарлық және молекулалық оттектің тотықтырғыш қасиеттерінің айырмашылықтары. Құрғақ сынауық алып, оны 1/5 бөлікке дейін калий нитратымен толтырыңдар.
Оны темір тұрғыға ұстатып, тік қойып, ішіндегі тұз балқығанша қыздырыңдар. Нені байқауға болады? Балқыған массадан газ түйіршіктері бөліне бастағанда отқа қыздырылған көмір түйірін сынауыққа салыңдар (24-сурет).
Қыздыруды тоқтатып, оттек бөлінген кезде көмірдің қалай жанатынын бақылаңдар (Абайландар!). Көмір жанып біткен кезде сынауыққа күкірт түйірін салыңдар. Күкірттің молекулалық (газометрден) және атомарлық оттекте жануының айырмашылығын байқаңдар.