Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 46 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 49



бет13/18
Дата15.03.2020
өлшемі0,8 Mb.
#60187
түріПравила
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

VII. Аралық бақылаулар мен емтихан сұрақтары:
VIII. Midterm сұрақтары:

Midterm - академиялық кезеңнің ортасында жүргізілетін студенттердің оқу жетістіктерін бақылау түрі. Midterm екі аралық бақылаудың ортасында өткізіледі.

Midterm форматында аралық бақылауды ұйымдастыру барысында оқытушы пән бойынша Midterm кезінде сұрақтарға жазбаша жауап алып, ауызша оны қорғатады. Midterm форматындағы бағалау нәтижесі пән бойынша ағымдық бағалауға (10 аптадағы) Платонус бағдарламасына енгізіледі. Midterm нәтижесіндегі талданып, бағаланған білім алушылардың жазбаша жауаптары факультет деканатында жинақталады.


IX. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:
1. Кокенова Г.Т. Электр тізбектерінің теориясы. Алматы.:2013.

5. Балабатыров С.Б. Электротехниканың теориялық негіздері. 1-ші бөлім. Алматы.:2010

6. Балабатыров С.Б. Электротехниканың теориялық негіздері. 2-ші бөлім. Алматы.:2010

7. Берд, Дж. Электр және электроника негіздері мен технологиясы. Т1. А.:2013

17. М.Қ. Қайырбаев, В.И. Полищук Электротехника негіздері және жалпы автоматика.—Алматы,2007.-425бет.

18. Данилов П. Общая электротехника с основами электроники-М.:ВШ,2008-663с.

19. Полищук В.И. Задачник по электротехнике и электронике-М.:Академия,2009 г.

20.С.Н.Бравичев, Л.В.Быковская. Линейные электрические цепи постоянного и переменного тока. Методические указания к расчетно-графическим заданиям-Оренбург, 2011-41с.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Войнова Э.С. и др. Методические указания к проведению лабораторных работ № 6, 7, издание 2-е. - Красноярск, 1996.

  2. Вайс А.А., Лурье М.С. Электротехника: Курс лекций. Ч.1. – Красноярск, 2001.

  3. Касаткин А.С., Немцов М.В. Электротехника. – М.: Высшая школа, 1999.

  4. Интернет ресурстардан ақпарат көздерінің сілтемелерін көрсетуге болады.



X. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Барлық жұмыс түрлерін көрсетілген мерзімде орындау және қорғау қажет. Тапсырмаған студенттер кезекті тапсырманы немесе оны орындауда 50%- дан кем балл алған болса, берілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Студенттер, зертханалық жұмыстарды себептермен өткізіп алса, оларды оқытушының рұқсатынан кейін, лаборант қатысуымен қосымша уақытта келіп жасайды. Сонымен қатар, бағалау барысында студенттердің сабақтағы активтілігі мен сабаққа қатысуы есепке алынады.

Басқаның пікірін құрметтеп, толерантты болыңыз. Қарсылықты сыпайы түрде көрсетіңіз. Плагиат пен басқа әділсіз жұмыстарға жол берілмейді. СӨЖ тапсыру уақытында, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде, көмектесуге,басқа тұлғалардың шығарған есептерін көшіруге және басқа білім алушы үшін емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаумен шұғылданса, интернеттен рұқсатсыз пайдаланса және шпаргалка қолданса студенттің қорытынды бағасы "F"болады.

Өзіндік жұмыстарды орындауда консультация алу, оларды тапсыру және қорғау бойынша, сондай-ақ оқылған курстың өтілген материалына және басқа да барлық туындаған мәселелерді оқытушыға оның офис-сағат бағамы бойынша хабарласыңыз.




Ариптік жүйедегі бағалар

Сандықэкви-

валенттік балдар



%-дық мазмұны

Дәстүрліжүйебойыншабағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Кафедра меңгерушісі:
Пән оқытушылары:


Қосымша 3

«БЕКІТЕМІН»



«________________________» кафедрасының

меңгерушісі________ _______________



(қолы) (аты-жөні)

«____» __________ 20 ж.


20___ - 20 ___ оқу жылына

«__________________________________________________»

пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы


Мамандық

Білім алушы саны

Оқулықтар мен

оқу құралдары

(соның ішінде электронды тоқулықтар)


Саны

Практикумдар, дәріс конспектілері, зертханалық, практикалық сабақтарды және,ОБӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Кітап саны

Семестр

Кітап-

ханада





Кітап-

ханада


Кафе-

драда


1-2 сем

-






14


 

Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка, 2009

30

 

1


Лекция жинағы , 2008




10







Имангалиева Г.С. Русский язык для студентов гуманитарных вузов: учебное пособие

10

 2

Курстық жұмысты орындау бойынша практикалық нұсқау, 2006

5

10 

Оқытушы____________________________________



(қызметі, қолы, аты-жәні)
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және рәсімдеу Ережесі университеттің Ғылыми кеңесінің мәжілісінде қаралып, мақұлданған

(Хаттама № 2 «_29___» «_08__» 2016ж.)



Пәндердің негізгі оқу бағдарламаларын әзірлеудің және рәсімдеудің ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары бойынша пәндердің негізгі оқу бағдарламаларын әзірлеудің және рәсімдеудің Осы Ережесі университет профессор-оқытушыларына негізгі оқу бағдарламаларын дайындау барысында пайдалануға және мамандықтың бағыты бойынша Академиялық кеңестерге талдау жүргізу үшін әзірленген.

  2. Негізгі оқу бағдарлама – мамандықтың кәсіби-білім бағдарламасының мамандануы негізінде дайындалатын, негізгі оқу жоспарының таңдау компоненттері бойынша пәндердің оқытылу көлемі мен реттілігін анықтайтын, игеруге қажетті негізгі білім, дағды, құзыреттіліктері аймағын және ұсынылатын әдебиеттерді белгілейтін құжат.

  3. Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары жұмыс берушінің сұраныстарына сай мәліметтер ағынын талдау негізінде, іс-тәжірибе негізінде өндіріске енген, ғылыми жаңалығы бар ғылыми зерттеулер, оқулықтар мен оқу құралдары негізінде әзірленеді және сараптаудан өтеді.

  4. Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары қазақ, орыс және ағылшын тілінде жасалады.

  5. Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарында талқыланып, сараптаудан өтеді және бағыт бойынша Академиялық кеңесінде қаралып, университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітіледі.


Негізгі оқу бағдарламаның құрылым мен мазмұны

Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:

-сыртқы беті;

- алғы сөз;

- түсіндірме жазба;

- пәннің тақырыптық жоспары;

- пәннің мазмұны;

- ұсынылатын әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша).

Сыртқы беті үлгіге сәйкес рәсімделеді (1-қосымша). Пәннің атауы міндетті түрде мамандықтың негізгі оқу жоспарына сәйкес болуы тиіс.

Алғы сөзде 2-қосымшаға сәйкес пән бойынша негізгі оқу бағдарламасын әзірлеушілері, рецензенттері (рецензенттердің саны екеуден кем болмауы тиіс, біреуі – басқа білім беру ұйымынан, өндірістен және т.б.).

Түсіндірме жазбада пәннің мақсаты, оның бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудағы рөлі мен маңызы, мамандықтың кәсіптік білім беру бағдарламаларының пәнаралық байланыстарын жүйелендіруі, пәнді оқытатын пәндер тізбесі және пәнді меңгеру үшін қажетті білімді, іскерлік пен дағдыны қамтитын пәндер тізбесі көрсетілуі тиіс.

Пәннің мазмұны кіріспе мен негізгі бөлімнен тұрады.

Кіріспеде пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті, пәннің объектілері мен оны оқытудың әдістері туралы мәліметтер, пәннің басқа да ғылымдар арасындағы рөлі мен алатын орны қамтылады.

Пән мазмұнының негізгі бөлімі пәнді меңгеру үшін білім көлемі туралы нақты ақпарат беруі, әрбір тақырып бойынша білім саласына сәйкес келетін іргелі, жалпыға танылған және арнайы түсініктен тұруы тиіс.

Оқу бағдарламасында пән мазмұны тараулар мен тақырыптар бойынша жасалады. Осы ретте тақырыптар тізбесі пәнді толық түсіну сияқты оқылатын объект туралы түсінік алуды да қамтамасыз етуі тиіс. Пәннің мазмұнына ғалымдардың осы ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат енеді, оның дамуының қазіргі заманғы үрдістері мен келешегі көрсетіледі.

Пәннің мазмұны қысқаша, айқын тілмен, шегіністерсіз баяндайлу қажет.

Негізгі бөлімнің соңында практикалық (семинарлық) және зертханалық сабақтар (лабораториялық практикум) тақырыптарының болжамды тізбесі, курстық жобалар мен жұмыстардың, графикалық және есеп-графикалық жұмыстардың, сондай-ақ сабақтар мен тапсырмалардың пәннің құрылымына сәйкес басқа да түрлері мен болжамды тақырыптары жазылады.

Ұсынылған әдебиеттердің (негізгі және қосымша) тізімі пән мазмұнының барлық мәселелерінің қазіргі заманғы ғылыми және әдіснамалық деңгейде толық қамтылуын қамтамасыз ететін атаулардың жеткілікті санынан тұруы тиіс.

Ұсынылыған әдебиет жаратылыстану-техникалық бағытындағы мамандықтарға соңғы 10 жылдағы басылымдарды қамту қажет, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтарға – соңғы 5 жылдағы.

Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары мынадай талаптарға сәйкес рәсімделеді: А-4 форматында, әрбір беті нөмірленген, шектері – 2 см барлық жақтарынан, бір жоларалық интервал арқылы ені тураланып, автоматты түрде көшірілуімен Times New Roman, 14 шрифтімен терілуі тиіс. Абзац басындағы шегініс – 1 см.


1-қосымша

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

НЕГІЗГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМА

(пәннің коды мен атауы)


___________________________________________________________

(мамандықтың коды мен атауы)

______________

(кредиттер көлемі)

Кызылорда 2016


1 ӘЗІРЛЕНГЕН

( жасаған кафедраның атауы, оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы)



2 РЕЦЕНЗЕНТТЕР

_______________________________________________________________

(аты-жөні. ғылыми дәрежесі, атағы, ұйым атауы)

_______________________________________________________________



3 Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары мамандықтың кәсіби-білім бағдарламасының мамандануына сәйкес әзірленген
__________________________________________________

(мамандықтың шифры мен атауы)



4 Университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңесінде ҚАРАЛҒАН

2016_ жылғы «___» __________ №___ хаттама



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НӘТИЖЕЛЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНДІРУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Негізгі ережелер
1. «Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру туралы» Ережесі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу үдерісіне ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) нәтижелерін ендіру бойынша бірыңғай талаптарды белгілейді.

2. Университеттің оқу үдерісіне ҒЗЖ нәтижелерін ендірудің мақсаты ғылыми-зерттеу қызметі мен оқытудың интеграциясын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Ендіру нысандарына ҒЗЖ орындау нәтижелері бойынша дайындалған жасалымдар жатады.

4.Ұжымның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістіктерін білім беру бағдарламаларына енгізу оқытудың заманауи және көкейтесті сипатын, оның жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейін, білім алушылардың білімдерге және оларды болашақ кәсібіне пайдалануға деген қызығушылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар білім алушыларды ғылыми қызметтің жобалық-зерттеу жұмысы, ғылыми конференцияларда баяндама жасау, ғылыми жұмыстар байқауларына қатысу, мерзімді басылымдар мен еңбектер жинағында жариялану, патенттерге ұсынымдарды бірлесе беру сынды түрлеріне тартады.

5. ҒЗЖ ендірілетін нәтижелеріне мазмұны бойынша мыналар жатуы мүмкін:

- жаңа теориялық қорытындылар, жалпыламалар;

- жаңа әдістер, зерттеу әдістемелері;

- заманауи құрылғылар мен жаңа аспаптар қолдану;

- белгілі бір қызмет аясында ҒЗЖ нәтижелерін іс жүзінде енгізу;

- басқа да жетістіктер.

6. Кафедра, факультет ҒЗЖ нәтижелерін іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі ұйымдық бірліктер болып табылады. ҒЗЖ нәтижелерін оқу үдерісн ендіруді үйлестіру мен бақылауды факультет деканы жүзеге асырады.
2. ҒЗЖ нәтижелерін білім беру үдерісіне ендірудің түрлері
7. ҒЗЖ нәтижелерін білім беру үдерісіне ендіру түрлері сан алуан, оқу қызметінің барлық элементтерін қамтиды және ішінара бір білім беру бағдарламасы аясының шегінде болуы да мүмкін.

8. ҒЗЖ нәтижелерін білім беру үдерісіне ендірудің формаларына мыналар жатады:



  • білім алушылардың болашақ кәсіби қызметімен өзара байланыстыра отыра ҒЗЖ тақырыптамасы бойынша проблемалық дәрістер оқу;

  • дәрістер мен семинарларға жаңа теориялық бөлімдер қосу;

  • ҒЗЖ тақырыптамасы есебінен міндетті және қосымша оқу әдебиеттері тізбесін кеңейту;

  • пәннің оқу бағдарламасының зертханалық практикумына жаңа жұмыстарды енгізу;

  • қосылыстарды зерттеу, талдау, сәйкестендірудің жаңа әдістемелерін игеру;

  • жаңа аспаптарда жұмыс жасау қағидаларын меңгеру;

  • ҒЗЖ тақырыптамалары бойынша білім алушылардың рефераттар, курстық жұмыстар, теориялық шолулар жазуы;

  • кафедраның ҒЗЖ байланысты оқу-ғылыми орталықтарда көшпелі теориялық және тәжірибелік сабақтар;

  • Кафедраның ғылыми бағыттары бойынша білім алушылардың ғылыми-зерттеу жобаларын орындауы;

  • ҒЗЖ тақырыптамасы бойынша білім алушыларды экспериментталды, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;

  • білім алушыларды студенттік ғылыми конференцияларға қатысуға дайындау;

  • білім алушыларды университеттегі және университеттен тыс ғылыми конференцияларға қатысуға дайындау;

  • ҒЗЖ қорытындылары бойынша мақала жазуға білім алушыларды тарту;

  • кафедралар үшін ҒЗЖ проблематикасы және қорытындылары бойынша білім алушылардың стенділер, плакаттар, слайдтар, мультимедиялық таныстырылымдарды жасауы мен безендіруі;

Осы ереже ҒЗЖ ендірудің басқа түрлерін шектемейді.
9.ҒЗЖ нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру кезінде ғылыми ұжымның ҒЗЖ туралы мәліметтерінен тұратын ақпараттық құралдардың барынша кең ауқымының пайдаланылғаны мақсатқа сай болады. Олар: монографиялар, патенттер; ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters, Scopus мәліметтер базасына енетін жоғары рейтингілі ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар мен шолулар; алыс шетелдердегі конференциялар, симпозиумдар материалдарындағы баяндамалар тезисі; жоғары деңгейдегі конференциялар мен кеңестердегі стенділік баяндамалар; диссертация қорғау және басқа ғылыми ақпарат көздері.
3.ҒЗЖ нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу тәртбі
10. Ғылыми, инновациялық және т.б. жобалар бойынша ҒЗЖ нәтижелері ендіруге жатады.

11. ҒЗЖ нәтижелерін ендіруді кафедра іске асырады.

12. ҒЗЖ нәтижелерін ендіруді кезең-кезеңмен іске асырады:
1) Нәтижелерді сынақтан өткізу (апробация):

-жұмыс авторы сабақ беру барысында жасалымды ендіру көзделіп отырған оқу пәні бекітілген кафедра мәжілісінде ендіру нысаны және нақты мамандық, пән, сабақ түрі үшін оқу үдерісіне оны пайдаланудың ықтимал мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы баяндайды.

-кафедра мәжілісінде талқылау қорытындысы бойынша оқу үдерісіне ендіру мүмкіндігі туралы шешім қабылданады. Жасалымды ендіруге қатысушы автор мен оқытушылар пәндерін қолданыстағы оқу-әдістемелік кешендерін, пәннің оқу бағдарламасына сәйкес дәрістер курсын, семинарлық, тәжірибелік және зертханалық сабақтардың материалдарын түзетуді қамтамасыз етеді; университет оқытушыларының пайдалануы үшін ғылыми және оқу-әдістемелік, оның ішінде электронды тасымалдағыштағы материалдардың ақпараттық қорын-жасалымды оқу үдерісінде сынақтан қалыптастырады өткізу кезеңі анықталады.

2) ҒЗЖ нәтижелерін оқу үдерісінде пайдаланудың тиімділігін бағалау және ендіру туралы акт алу (бұдан әрі Акт).

3) Сынақтан өткізуге бөлінген кезең аяқталған соң кафедра мәжілісі өткізіледі, онда жасалымды пайдаланған оқытушылар тыңдалады және факультет әдістемелік кеңесіне ҒЗЖ нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру туралы Актті мақұлдау жөнінде өтініш беруге шешім қабылданады.

4) Ендіру тиімділігі жасалым пайдаланылатын дәрістік, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтардың сағаттар саны, т.б. көрсетілген кафедра мәжілісі хаттамасынан көшірме, ҒЗЖ нәтижелерінің ендірілуін айғақтайтын силлабус талқылау және университет комиссиясына одан әрі қарастыруға ұсыну үшін факультеттің әдістемелік кеңесіне беріледі.

5) Актіні мақұлдау бойынша өтініштерді қарастыратын университет Комиссиясының отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия құрамына: оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор (төраға), академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, ғылым және ЖОО кейінгі білім департаментінің директоры сәйкес факультеттің деканы мен әдістемелік кеңесінің төрағасы кіреді.

6) Комиссия ұсынылған құжаттар негізінде Актіны мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешім қабылдайды.

7) Оң шешім қабылданған жағдайда Актты оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор бекітіп, комиссия мүшелері қолын қояды.

13. Акт академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне немесе ғылым және ЖОО кейінгі білім департаментіне тіркеледі.

14. Акттің негізіндегі Комиссияның шешімі бойынша авторларға ҒЗЖ нәтижелерінің оқу үдерісіне ендірілгенін растайтын сертификат берілуі мүмкін.

15. Жасалым ендірілген кафедралар және автролар ендіру нысанын ілгерілетуді (әріптестеріне кеңес беру) қамтамасыз етеді; жасалымның мазмұнын жетілдіру мен одан әрі ендіру барысын бақылайды.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ






«БЕКІТЕМІН»

Оқу ісіжөніндегі проректор-

бірінші проректор,

комиссия төрағасы ________________А.Т.Жүнісов «_____»________________201__ж.





AKT

аяқталған ғылыми-зерттеу жұмысын оқу үдерісіне ендіру жөнінде
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің комиссиясы:

төраға: _____________ -оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор, мүшелері: академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры _____________, ғылым және ЖОО кейінгі білім департаментінің директоры____________, _____________ факультетінің деканы ___________, ___________ факультеті әдістемелік кеңесінің төрағасы ____________, ________ _________ кафедрасының меңгерушісі 201__/201__ оқу жылында _______________ кафедрасында _______________ (ғылыми дәрежесі мен атағы, қызметі, аты-жөні) «______________» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері ендірілгені жөнінде осы актіні жасады.



р/ с




Ендіру түрі

(жаңа курс, арнайы курс, дәріс бөлімі, зертханалық жұмыс,қондырғы, оқу құралы, т.б. атаулары);

курс, мамандық


Ендіру көлемі

(жұмыстар, дәрістік сағаттар көлемі)



Ендірілген жұмыстың қысқаша мазмұны

1

«_________» ҒЗЖ нәтижелері докторантура, магистратура, бакалавриат мамандығының (шифрі,атауы)

__ курсына

«_______________________»

( кредит саны)

атты курсы ендірілді


Дәрістер – сағат саны____
«_____»

(семинарлық сағаттар саны)


«_______»

( тәжірибелік сағаттар саны)

Зертханалық жұмыс

(сағаттар саны)

«_____» __ жұмыс





Осы актінің материалдары ____________ факультетінің методикалық кеңесінде қаралды (хаттама № __ , ______ 201__ж.)
Комиссия мүшелері:
Академиялық мәселелер жөніндегі

департамент директоры _______________________________ аты-жөні


Ғылым және ЖОО кейінгі білім

департаментінің директоры_______________________________аты-жөні


Факультет деканы(факультеттің атауы) _______________________________ аты-жөніі
Факультет әдістемелік кеңесінің

төрағасы( факультет ататуы) _______________________________ аты-жөні


Кафедра меңгерушісі (кафедра атауы) _______________________________аты-жөні

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


      1. Негізгі ережелер




  1. Осы ережелер жоғары оқу орындарында кредиттік технологияны енгізу жағдайындағы білім беру қызметінің негізгі ережелерін айқындайды.

  2. Дипломдық жұмыс (жоба) жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, ол егер мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мен оқу жоспарында қаралған болса, оқытудың қорытынды сатысында орындалады.

  3. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау мақсаты болып табылады:

  4. - мамандық бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды жүйелеу, бекіту және кеңейту, оларды ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік нақты міндеттерді, сондай-ақ мәдени бағыттағы міндеттерді шешуде қолдану;

  5. - өз бетінше жұмыстар жүргізу дағдыларын дамытып, әзірленетін проблемалар мен мәселелерді шешуде ғылыми зерттеу мен сынақтан өткізу әдістемесін игеру;

  6. - заманауи өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайларында студенттің өз бетінше жұмысқа дайындығын, сондай-ақ оның кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

Дипломдық жұмыс (жоба) тиісті ғылым саласының нақты мамандығының өзекті проблемаларын өз бетінше зерттеу және үйрену нәтижелерін тұжырымдауды білдіреді.

Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшінің жетекшілік етуімен орындалады және келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:



  1. -ғалымда, сарапшылар, практиктер: инженерлер, конструкторлар, менеджерлер, экономистетрмен жүргізілген зерттеу нәтижелерін, жобалық шешімдерді тұжырымдау;

  2. - зерттелетін нысан бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдары болуы;

  3. - ғылыми негізделген нәтижелері болуы, оларды қолдану нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.




    1. Дипломдық жұмыс (жоба) тақырыптарына қойылатын талаптар

  1. Дипломдық жұмыс (жоба) тақырыптары өзекті, ғылымның, техниканың қазіргі жағдайы мен даму келешегіне сәйкес болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс (жоба) тақырыптарын анықтаған кезде өндірістің, білім мен ғылымның шынайы міндеттері мен проблемаларын ескеру ұсынылады.

  1. Дипломдық жұмыс (жоба) тақырыптары мамандар даярлау бейіні мен мамандыққа сай келуі тиіс.

  2. Дипломдық жұмыс (жоба) тақырыптарын бітіртуші кафедра әзірлейді, факультет кеңесі қарап, бекітеді.

  3. Дипломдық жұмыс (жоба) тақырыптарының жалпы тізбесі жыл сайын кемінде 30% жаңартылуы тиіс.

  4. Дипломдық жұмыс (жоба) тақырыптары бітіру курсының басында студентке бекітіліп, университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Дипломалды практика аяқталғаннан кейін дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбы қажет болса, бітіртуші кафедраның ұсынысымен өзгеруі, нақтылануы, түзетілуі тиіс.



    1. Дипломдық жұмыс (жоба) жазу тәртібіне қойылатын талаптар




  1. Дипломдық жұмыс (жоба) жазу үшін кафедраның ұсынысы бойынша әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.

  2. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшілері болып ғылыми зерттеулер саласы мен ғылыми жарияланымдары білім алушының мамандық бейініне сай келетін профессорлар, доценттер, университеттің ең тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызмектерлері, не болмаса басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері мен жоғары білікті мамандары тағайындалады.

  3. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі:

  4. - дипломдық жұмыс (жоба) орындау үшін тапсырмалар береді;

  5. - студентке дипломдық жұмыс (жоба) орындаудың барлық кезеңіне күнтізбелік жұмыс кестесін жасауға көмектеседі;

  6. - студентке тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиеттерге, анықтамалық және архив материалдарына, типтік жобалар мен басқа да дереккөздерге ұсыныс береді;

  7. - кеңес беру кестесін белгілейді, оны жүргізу кезінде студенттің диплом жұмысын орындаудың күнтізбелік кестесін қадағалауына ағымды бақылау жасайды;

  8. - дипломдық жұмыстың (жобаның) барлық бөлімдерінің көлемін айқындайды және диплом жазушы мен кеңес берушілердің жұмыстарын үйлестіріп отырады.

Күнтізбелік жұмыс кестесі барлық кезеңге жасалып, жекелеген бөолімдерді орындау кезектілігі көрсетіледі және ғылыми жетекшімен келісіледі.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсыныс беруімен, қажет болған жағдайда, кафедра ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен дипломдық жұмыстың (жобаның) жекелеген бөлімдері бойынша кеңес беруші шақыра алады.

Профессорлар, доценттер, жоо-ң оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері кеңес берушілер бола алады. Кеңес берушілер студент орындағын жұмыстың тиісті бөлімдерін тексеріп, оған қолдарын қояды.

Бітіртуші кафедра дипломдық жұмысты (жобаны) орындау басталғанға дейін әдістемелік нұсқаулықтар жасап, студенттерді қамтамасыз етуі тиіс, оларда мамандық және осы ережелер бойынша кәсіби-білім бағдарламаларына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға қойылатын талаптар белгіленеді.

Кафедра меңгерушісі студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындауы бойынша мезгіл-мезгіл есеп беру мерзімдерін белгілейді. Осы мерзім ішінде студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісінің алдында есеп беріп, олар дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейін тіркеуге алып, бұл туралы факультет деканынан хабарлайды.

Дипломдық жұмыс (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтар, оқу құралдары, мерзімді әдебиеттер, лекциялық курстар, журналдар, оның ішінде шетел тілдеріндегі, нормативтік әдебиеттер т.б.) терең зерттеу негізінде орындалады.

Әрбір дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмаға сәйкес жекелеген перспективті теориялық немесе практикалық мәселелерінің әзірленімі болуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі мәтіні шығармашылық пайымды ашуы, зерттеудің қолданылған әдістерін негіздеуі, әдетте компьютерлік технологияларды қолдану арқылы орындалатын есептеулердің өзі мен есептеудің қабылданған әдістері, жүргізілген сынамалардың сипаттамасы, олардың талдауы мен олар бойынша тұжырымдар, нұсқалардың техника-экономикалық салыстырмалары және қажет болса иллюстрациялар, графикалар, эскиздер, диаграммалар, схемалармен, бағдарламалық өнімдермен және т.с.с. қоса жүруі тиіс.



    1. Дипломдық жұмыспен (жобамен) жұмыс істеуді студент жоо-да, сондай-ақ кәсіпорындарда, ұйымдарда, ғылыми, жобалау-конструкторлық және басқа ұйымдарда орындай алады.





      1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрлымы




    1. Өз мазмұны бойынша дипломдық жұмыс (жоба) жоғары оқу орны студентінің нақты мамандық бойынша бітіруші курста қолжазба түрінде өз бетінше дайындайтын ғылыми-зерттеу жұмысын (жобалық шешімін) білдіреді.

    2. Дипломдық жұмыс (жоба) көлемі, ереже бойынша, ғылыми-жаратылыстық және техникалық бағыттардың мамандықтары бойынша 40-60 бет, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттардың мамандықтары үшін 50-70 бет болады. Гуманитарлық мамандықтар бойынша дипломдық жұмыс көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне кірмейді.

    3. Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері болып табылады:

    4. - мұқаба;

    5. - титуль парақ;

    6. - реферат;

    7. - мазмұн;

    8. - кіріспе;

    9. - негізгі бөлім;

    10. - қорытынды (тұжырымдар);

    11. - пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

    12. - қосымшалар.



    13. Мұқабада келесі мәліметтер беріледі:

- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйым атауы;

- студенттіңтегі мен инициалдары;

- дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының атауы;

- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба);

- мамандықтың шифры мен атауы;

- қала, жылы.



    1. Титуль парақ дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беті болып табылады және құжатты іздеу мен өңдеуге қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.

Титуль парақта келесі мәліметтер беріледі:

- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйым атауы;

- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған кафедраның атауы;

- шектеуші гриф (ол қажет болғанда);

- кафедра меңгерушісінің бекіткен қолы;

- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба);

- дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының атауы, «.... тақырыбына » деп көрсетілген;

- мамандықтың шифры мен атауы;

- сол жақта – «орындаған» сөзі, қарсысындағы оң жақта студенттің тегі мен инициалдары көрсетіледі;

- бір жол қатар төменде «ғылыми жетекші» деп жазылып, жетекшінің тегі мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі;

- қала, жылы.

Мұқаба мен титуль парақты рәсімдеу үлгісі сәйкесінше 1 және 2 Қосымшаларда берілген.



  1. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі рефератта болуы тиіс:

- жұмыстың көлемі туралы, иллюстрациялар, кестелер, пайдаланылған көздер саны туралы мәліметтер;

    1. бітіруші жұмыстың мазмұнын сипаттайтын кілт сөздердің тізбесі;

    2. жұмыстың мақсаттаыр мен міндеттері, пайдаланлыған әдістер мен аппаратура, алынған нәтижелер;

  1. олардың практикалық пайдаланылуы.

Реферат көлемі 1000 белгіден аспауы тиіс.


  1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелердің реттік номерлері мен атаулары, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және дипломдық жұмыстың (жобаның) элементтері басталатын беттерінің номерлері көрсетілген қосымшалар атауын қамтиды.

  2. Кіріспеде дипломдық жұмыстың (жобаның) өзектілігін, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығын негіздеу, шешілетін ғылыми проблеманың қазіргі жағдайын бағалау болуы тиіс, сондай-ақ дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері мен объектісі, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың теориялық және методологиялық негізі мен практикалық базасы келтірілген болуы тиіс.

  3. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтерді келтіреді.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігі, ереже бойынша, бөлімдер мен бөлімшелерге (тараулар мен параграфтар) бөлінеді.

  1. Қорытындыда (тұжырымда) дипломдық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдар, қойылған міндеттердің толық шешілуіне берілген бағасы, зерттелген объекті бойынша нақты ұсынымдар болуы тиіс.

  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.

  3. Қосымшада дипломдық зерттеуді орындауға қатысты, бірақ негізгі бөлімде көрініс таппаған материалдар қамтылады.

  4. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) барлық мәліметтердің қабылданған дәлдігі мен жан-жақтылығына студент - дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы жауапкершілік арқалайды.


5. Дипломдық жұмысты (жобаны) рәсімдеу ережелері
37. Дипломдық жұмыс (жоба) компьютер мен принтерді пайдаланып, баспа тәсілімен, А4 форматтағы ақ қағаздың бір бетіне бір интервал арқылы орындалуы тиіс. Шрифт – TimesNewRoman, кәдімгі, кегль 14.

Дипломдық жұмыс (жоба) мәтінін беттің келесі көлемдерін сақтай отырып басу керек: сол жағы – 30 мм, үстіңгі жағы – 20 мм, оң жағы – 10 мм және төменгі жағы – 25 мм.

Белгілі бір терминдер, формулалар, теоремаларға назар түсірудің компьютерлік мүмкіндіктерін түрлі гарнитураларды қолдана отырып пайдалануға рұқсат етіледі.


    1. Дипломдық жұмыс (жоба) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің және иллюстрациялар, кестелер, басып шығарылғандардың сапасы оларды айқын шығару талаптарына жауап беруі тиіс.

    2. Дипломдық жұмыс (жоба) орындау процесінде қате басылу, жаңылыстар мен графикалық дәлсіздіктерді өшіріп тазарту немесе ақ бояумен бояп, сол жерге түзетілген мәтінді (графиканы) машинкаға теру немесе қолмен жазу тәсілімен (қара сия немесе қара тушьпен) түзетуге рұқсат етіледі.

    3. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) тегі, мекеме, ұйым, фирмалар атауы мен бұйым атаулары және басқа жалқы есімдер түпнұсқа тілінде беріледі.

Жалқы есімдерді транслитерациялауға және ұйым атауын дипломдық жұмыс (жоба) жазу тіліне аударып келтіруге рұқсат етіледі.

  1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілемелер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланған әдебиеттер тізімі» жұмыстың құрылымдық элементтерінің тақырыбы қызметін атқарады.

  2. Дипломдық жұмысты (жобаны) бөлімдер мен бөлімшелерге бөлу керек. Әрбір бөлім мен бөлімшеде аяқталған ақпарат болуы тиіс.

Бөлімдердің жиынтық атауы дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын ашуы, ал бөлімшелердің жиынтық атауы тиісті бөлімді ашуы тиіс.



  1. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары өздерінің мазмұнын айқын әрі қысқаша көрсетуі тиіс.

  2. Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларын жаңа жолдан бос жер қалдырып, бас әріптермен соңына нүкте қоймай, астын сызбай жазу керек.

Егер атау екі сөйлемнен тұрса оларды нүктемен бөледі.

  1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін араб сандарымен, барлық мәтін бойына номерлеуді сақтай отырып номерлеу керек. Беттің номерін парақтың төменгі жағының қақ ортасына нүктесіз қояды.

  2. Титуль парақ беттердің жалпы номерленуіне кіреді. Титуль парақтың бет номері қойылмайды.

  3. Бөлек парақтарға орналасқан иллюстрациялар мен кестелерді дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерінің жалпы номерленуіне кіргізеді.

A3 форматтағы иллюстрациялар, кестелер бір бет деп есептеледі.

  1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) бөлімдерінің барлық құжат шегінде реттік номерлері болуы тиіс, олар араб сандарымен нүктесіз белгіленіп, жаңа жолдан бос жер қалдырып жазылады. Бөлімшелер әр бөлім шегінде номерленуі тиіс. Бөлімше номері бөлім мен бөлімшенің номерлерінен тұрып, нүктемен бөлінеді. Бөлімше номерінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі және одан көп бөлімшелерден тұруы мүмкін.

Мысал




1. Типтік және негізгі көлемдері

1.1

1.2

Құжаттың бірінші бөлімінің бөлімшелерінің номерленуі

1.3




2. Техникалық талаптар

2.1

Құжаттың екінші бөлімінің бөлімшелерінің номерленуі

2.2

2.3







  1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) әр бөлімін жаңа парақтан (беттен) бастау керек. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелерді өзара мәтіннен екі жол қатардан бос қалдырып бөледі.

  2. Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін және дипломдық жұмыстың (жобаның) құрамына кіретін қосымшаларды номерлеу өн бойына жүруі тиіс.

  3. Иллюстрацияларды (сызбалар, графикалар, картталар, схемалар, компьютерлік баспалар, диаграммалар, фотосуреттер) дипломдық жұмыста (жобада) оларды мәтінде бірінші рет еске алынған жерде тікелей мәтін соңында немесе келесі бетте орналастыру керек.

  4. Иллюстрациялар компьютермен орындалуы мүмкін, оның ішінде түрлі-түстілері де. Барлық иллюстрацияға дипломдық жұмыста (жобада) сілтемелер берілуі тиіс.

  5. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ішінде орналастырылған сызбалар, графикалар, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар, Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

  6. Қосышалардың иллюстрациясынан бөлек иллюстрацияларды араб сандарымен өн бойына номерлеу керек.

  7. Егер сурет біреу болса, онда ол «1 Сурет» деп белгіленеді, «Сурет» сөзі мен оның атауы жол қатардың ортасына жазылады.

  8. Иллюстрацияларды бөлім шегінде номерлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда иллюстрация номері бөлім номері мен иллюстрацияның реттік номерінен тұрып, нүктемен бөлінеді. Мысалы: 1.1. Сурет.

Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы мен түсіндірме жазбасы бола алады (сурет астындағы мәтін), «Сурет» сөзі мен оның атауы түсіндірме мәліметтерден кейін жазылып, былайша орналастырылады: 1 Сурет - Банк жүйесінің құрылымы.

Иллюстрацияларға сілтеме жасаған кезде өнбойына номерлегенде «2 суретке сәйкес...» деп және бөлім шегінде номерлегенде «1.2 суретке сәйкес...» деп жазу керек.

Кестелерді көрнекілік жақсы болуы үшін және көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетіп, нақты әрі қысқа болуы тиіс. Кестенің атауын кестенің үстіне, жаңа жолдың басынан бос жер қалдырып, «1 кесте» сөзінен кейін келесі жол қатарға жазу керек.

Кестені дипломдық жұмыста (жобада) ол бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін тікелей немесе келесі бетте орналастыру керек.

Барлық кестелерге дипломдық жұмыста (жобада) сілтеме болуы тиіс. Сілтеме кезінде «кесте» деп жазып, оның номерін көрсету керек.

Жол қатарларының саны көп кестені келесі параққа (бетке) жалғастыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін келесі параққа (бетке) көшкен кезде «Кесте» сөзі мен номері кестенің бірінші бөлігінің үстіне сол жағына бір рет жазылады, басқа бөліктерінің үстіне «Жалғасы» деген сөз жазылып, кесте номері көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестенің бір бөлігі келесі параққа (бетке) көшкен кезде тақырыбын тек оның бірінші бөлігінің үстіне жазады. Кестенің бір бөлігі келесі бетке көшкен кезде беттегі төменгі жазық сызықты жаппайды.

Графалары саны көп кестені қосымшаға шығарған жұрыс.

Егер кестенің әртүрлі жол қатарларында (графаларында) қайталанатын мәтін бір сөзден тұрса, онда оны бірінші рет жазғаннан кейін тырнақшалармен ауыстыруға болады; егер екі және одан көп сөз болса, онда ол бірінші қайталанған кезде «Сондай» сөздерімен, әрі қарай – тырнақшалармен ауыстырылады. Қайталанатын сандар, маркілер, таңбалар, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақша қоюға рұқсат етілмейді. Егер кестенің қайсы бір жол қатарында сандық немесе басқа мәліметтер берілмейтін болса, онда оған сызықша қойылады.

Қосымшалардың кестелерінен басқа кестелерді араб сандарымен өн бойына номерлеумен номерлеу керек.

Кестелерді бөлім шегінде номерлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кесте номері бөлім номерінен және кестенің реттік номерінен тұрып, нүктемен бөлінеді.



Кестенің графалары мен жол қатарларының тақырыптарын жекеше түрде бас әріппен жазу керек, ал графалардың тақырыпшаларын – егер олардың атауы бір сөйлемнен тұрса кіші әріппен, немесе егер олардың жеке мағынасы бар болса бас әріппен жазылады. Кестелердің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңына нүкте қойылмайды.

  1. Кестелерді, ереже бойынша, сол жағынан, оң жағынан және төменінен сызықтармен шектейді. Кестедегі шрифттің көлемін мәтіндегіден кіші етуге рұқсат етілді.

  2. Графалардың тақырыптарын, ереже бойынша, кестенің жол қатарларына параллельді түрде жазады. Қажет болған жағдайда графалардың атауын перпендикулярлы орналастыруға болады. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен сызықпен бөлініп тұруы тиіс.

  3. «Ескертпе» сөзін бас әріппен жаңа жолдан бастап әріптердің арасын ашып жазып, астын сызбау керек. Ескертпені дипломдық жұмыста (жобада), егер мәтініне, кестелер немесе графикалық материал мазмұнына түсіндірмелер немесе анықтамалық мәліметтер қажет болса келтіреді.

  4. Ескертпені мәтіндік, графикалық материалдан кейін тікелей немесе осы ескертпенің қатысты бар кестеде орналастыру керек. Егер ескертпе біреу болса, онда «Ескертпе» сөзінен кейін тире қойылып, ескертпе бас әріппен жазылады. Бір ескертпе номерленбейді. Бірнеше ескертпелер араб сандарымен рет- ретімен, нүкте қойылмай номерленеді. Кестеге берілген ескертпені кестенің соңында, кестенің аяқталғанын белгілейтін сызықтың үстіне орналастырады.

  5. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жолға бөліп алу керек.

  6. Әр формуланың немесе теңдеудің үсті мен астынан кемінде бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға симаса, онда ол (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (-), көбейту (х), бөлу (:) немесе тағы басқа математикалық таңбалардан кейін ауыстырылуы тиіс, және де таңбаны келесі жолдың басында қайталайды.

  7. Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерін түсіндіруді формула астына тікелей, олардың формулада берілген рет-реттілігімен келтіру керек.

  8. Формулаларды дипломдық жұмыста (жобада) барлық жұмыс шегінде дөңгелек жақша ішінде араб сандарымен жол қатардың оң жақ шетіне бір жол қатарда реттік номермен номерлеу керек.

  9. Мәтіндегі формулалардың реттік номерлеріне сілтемелерді жақшаға алады. Мысалы – формулада (1)

  10. Формулаларды бөлім шегінде номерлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда формула номері нүктемен бөлінген бөлім нөмері мен формуланың реттік номерінен тұрады мысалы (3.1).

  11. Пайдаланылған дереккөздерге сілметелерді тік жақшаларға алады.

  12. Сілтемені құжатқа тұтастай немесе оның бөлімдері мен қосымшаларына жасайды. Бөлімшелерне, тармақтар, кестелер мен иллюстрацияларға сілтемелерге рұқсат етілмейді. Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтеме жасаған кезде тек олардың таңбалануы ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған көздердің тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда бекіту жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.

  13. Пайдаланылған дереккөздер туралы мәліметтерді дипломдық жұмыс (жоба) мәтініндегі дереккөздерге сілтеме пайда болған тәртіппен орналастырып, араб сандарымен нүктесіз номерлеп, жаңа жолдың басында бос жер қалдырып жазу керек (3 қосымша).

  14. Қосымшаларды дипломдық жұмыстың (жобаның) жалғасы ретінде, оның келесі парақтарында рәсімдейді.

  15. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшаларды дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтініндегі оларға берілген сілтеме тәртібімен орналастырады.

  16. Әрбір қосымшаны жаңа беттен, үстіңгі жағына жол қатардың ортасына «ҚОСЫМША» сөзін, оның белгілемесін көрсетіп бастау керек.

  17. Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол мәтінге қатысты симметриялы, бөлек жол қатармен бас әріппен жазылады.

  18. Егер дипломдық жұмыстың (жобаның) қосымшасы біреу болса, онда оны белгілемеуге болады.

  19. Қосымшалардың дипломдық жұмыстың (жобаның) қалған бөлігімен ортақ, беттердің өн бойына номерленуі болуы тиіс.



    1. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі

  1. Дипломдық жұмыс (жоба) бітіртуші кафедраға алдын ала қорғау процедурасынан өту үшін ұсынылады.

  2. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау процедурасы кафедраның ашық мәжілісінде студенттердің қатысуымен және ғылыми жетекшінің, ал қажет жағдайда кеңесшілердің міндетті түрде қатысуымен өткізіледі.

  3. Алдын ала қорғау кафедра мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді.

  4. Аяқталған, алдын ала қорғаудан сәтті өткен және бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген дипломдық жұмысқа (жобаға) студент, ғылыми кеңесшілер қолдарын қойып, ғылыми жетекшіге беріледі.

  5. Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) пікір жазады.

  6. Дипломдық жұмысты (жобаны) мақұлдаған жағдайда жетекші оған қолын қойып, қорғауға жіберу туралы өзінің жазбаша пікірімен бірге кафедар меңгерушісіне ұсынады.

  7. Дипломдық жұмыс (жоба) мақұлданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қолын қоймайды, бірақ жазбаша пікір жазып, онда дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеуі туралы өзінің шешімін негіздейді.

    1. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі аталған дипломдық жұмыс (жоба) бойынша түпкілікті шешім қабылдап, бұл туралы оның титуль парағында тиісті жазба жасайды.

Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп есептеген жағдайда, бұл мәселе кафедра мәжілісінде осы студент пен оның ғылыми жетекшісінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Кафедра мәжілісінің хаттамасы униыерситет ректорының бекітуіне ұсынылады.

    1. Бітіртуші кафедрамен қорғауға жіберген дипломдық жұмыс (жоба) плагиатқа тексеру үшін сараптық комиссияға беріледі. Сараптық комиссияның оң бағасын алған дипломдық жұмыс рецензиялауға жіберіледі.

    2. Өндіріс пен ғылыми ұйымдардың мамандары қатарынан рецензенттердің пікірі бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы арқылы ректордың бұйрығымен бекітіледі.

  1. Рецензенттер ретінде сонымен бірге, басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері мен оқытушылары тартыла алады.

    1. Рецензенттердің қорғалатын дипломдық жұмыс (жоба) бейініне сәйкес базалық жоғары білімі және/немесе ғылыми не академиялық дәрежесі, ғылыми атағы болуы тиіс

    2. Рецензенттер дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша рецензия береді, онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы мен практикалық маңызы, дипломдық зерттеу тақырыбының маманды даярлау бейініне, берілетін академиялық дәреже мен иеленетін біліктілігіне сәйкестігі, зерттеуді өз бетінше жүргізуі, тұжырымдар мен ұсынымдардың болуы, пролеманың шешілу деңгейі мен зерттеудің аяқталуы көрсетілуі тиіс.

Рецензияда баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен бағасы және тиісті академиялық дәреже беру мен біліктілік иелену мүмкіндігі көрсетілген дәлелденген қорытынды беріледі.

    1. Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген, бірақ рецензентпен F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған дипломдық жұмыс (жоба) жалпы шарттармен қорғалады.

    2. Пікірі мен рецензиялары бар дипломдық жұмыс (жоба) бір күннен кешіктірмей қорғау үшін Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына беріледі.

    3. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау студенттің қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.

    4. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау электронных ресурстарды пайдалану арқылы заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар базасында мультимедиялық таныстырылым түрінде жүргізіле алады.




      1. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі




      1. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі ҚР БҒМ бекіткен Білім ұйымдарында оқитындардың сабақ үлгеріміне ағымды бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізу ережелерімен айқындалады (ҚР БҒМ №125 бұйрығы, толықытрулары және өзгертулерімен).

    1. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық мәжілісінде оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысуымен өткізіледі.

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бітіртуші кафедраның студенттері, оқытушыларының қатысуымен көпшілік түрде ұйымдастырылады. Қорғауға тағы ғылыми жетекші, базасында дипломдық зерттеу жүргізілген ұйым өкілі мен басқа да мүдделі тұлғалар шақырыла алады.

    1. Бір дипломдық жұмысты қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы керек.

    2. Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мен қатысушылардың алдында 15 минуттан аспай баяндама жасайды.

    3. Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақтар немесе сөз сөйлеу түрінде қатыса алады.

    4. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікірді (ғылыми жетекші қатысып отырса жеке өзі шығып сөйлей алады) және рецензияны оқып береді. Пікірде және/немесе рецензияда ескертпелер болған жағдайда студент олардың мәні бойынша дәлелденген түсіндірме беруі тиіс.

    5. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бұл жерде теоирялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы назарға алынады.

    6. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері әр студентке мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мәжілісінің хаттамасымен рәсімделіп, қорғау өткізілген күні жария етіледі.

1 Қосымша

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Т.Е.Ә.
ПРОЕКТ ДЕВЯТИЭТАЖНОГО ЖИЛОГО ДОМА В г.КЫЗЫЛОРДЕ


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандығы 5В072900 – «Құрылыс»

Қызылорда 201___

2 Қосымша

Титуль парақты рәсімдеу үлгісі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Қызметтік қолдану үшін (қажет болғанда)

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі ______

_____________ Т.Е.Ә.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «ПРОЕКТ ДЕВЯТИЭТАЖНОГО ЖИЛОГО ДОМА В г.КЫЗЫЛОРДЕ»

5В072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша

Орындаған студент _________ оқу тобы, _________ Т.Е.Ә.., қолы


Ғылыми жетекші:___________________________ Т.Е.Ә.., қолы
Нормобақылаушы: _______________________ Т.Е.Ә.., қолы

Қызылорда, 201___

3 Қосымша
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІН ЖАЗУ МЕН ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Кітаптар мен монографиялар тізімі
Смолянинов В. В. Математические модели биологических тканей.- М.:Наука,1980.-с.


  1. Дрягина И.В., Мурин А.А., Янсиков В.Н. Экспериментальный мутагенез садовых растений.- Кишинев: Штиинца, 1981. -240 с.

Список периодических изданий


1. Кольтовер В.К. Термические конформационные переходы в электронпереносящих био-логических мембран //Биофизика.- 1973.-Т. 18.- Вып.2., ч.1. – С. 827-833.
Возможно сокращение названий журнала в соответствии с принятыми в каждой специализации нормами, например: Бюлл. эксп. биол. и мед.; Физиол. Журн. СССР.
Список статей и непериодических изданий
14. Берестовский Т.Н. Электроннооптические эффекты в мембранах // В кн.: Биофизика мембран.- Каунас, 1971. – С.111-155. Или. В сб.: Физико-химические методы изучения, анализа и функционирования биополимеров.- М., 1996. – С. 10-39.
Список диссертаций и авторефератов
131. Соколов Ю.В. Изучение взаимодействия летосом с плоскими бислойными фосфолипидными мембранами: Автореф. канд. дис. биол. наук.- Киев, 1982. – 19 с.

Магистратурадағы курстық жұмыс туралы ереже
1.Қолдану саласы
Осы ереже курстық жұмыстың мазмұнына, рәсімдеуіне қойылатын негізгі талаптарды, курстық жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі мен қорғау процедурасын айқындайды.

Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедраларында қолдануға міндетті болып табылады.


2.Нормативтік сілтемелер
Осы Ереже мыналарға сәйкес әзірленді:

- ҚР 27.07.2007ж. «Білім туралы»Заңына;

- ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген, 13.05.2016ж. №292 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына.
3. Негізгі ережелер
1. Курстық жұмыс ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім бағдараламаларында білім алатындар үшін магистрлік диссертацияның бірінші сатысы болып табылады.

2. Курстық жұмыстың мақсаты – мамандық пен ғылыми маманданудың теориялық тақырыптарының бірін зерттеу және шешу.

3. Курстық жұмыстың міндеттері:

– ғылыми-практикалық талдау икемділіктері мен дағдыларын алу;

–бастапқы ақпаратты, эксперименталды жабдықтарды, материалдар мен кәсіби инструментарийлерді шығармашылықпен пайдалана білу.

4. Курстық жұмысты қорғау кафедрада жүргізіледі, жазғы емтихан сессиясына жіберуге рұқсат болып табылады.


5. Курстық жұмысқа қойылатын талаптар
6. Мазмұнға қойылатын талаптар:

– жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін қысқа әрі айқын түрде көрсету;

– осы мәселенің зерттелу жағдайына сипаттама (әдебиеттерге шолу);

– пайдаланылған ғылыми әдістемелерді негіздеу және сипаттау;

– алынған нәтижелерді баяндау және талодау;

– нәтижелерді пайдалану мүмкін болатын салаларды анықтау;

– қорытынды;

– пайдаланылған көздер тізімі.

7. Баяндауға қойылатын талаптар:

– материалды баяндаудың сауаттылығы, айқындығы, нақтылығы мен қисынды рет-реттілігі;

– дәлелдеменің нанымдылығы;

–тұжырымдардың әркелкі түсіндірілу мүмкіндігін болдырмайтын қысқалығы мен дәлдігі.

8. Курстық жұмыс компьютер мен принтерді пайдаланып, баспа тәсілімен А4 форматты ақ қағаздың бір бетіне біржарым аралық жолмен орындалуы тиіс. Шрифт –TimesNewRoman, кегль-14.

Курстық жұмыстың мәтінін беттің келесі көлемін сақтай отырып басу керек: оң жағы - 10мм, үсті - 20мм, сол жағы - 30мм, төмені - 20мм.

Түрлі шрифтардағы гарнитураларды қолданып, нақты терминдер, формулалар, теоремаларға назар салу арқылы компьютердің мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Курстық жұмыстың қосымшасыз көлемі – 25-30 беттен аспайды.


6. Курстық жұмыстың құрылымы
9. Магистранттың курстық жұмысында материал келесі тәртіппен болуы тиіс:

– титуль парақ;

– мазмұны (беттерін көрсетіп);

– кіріспе;

– негізгі бөлім (бөлімдер, бөлімшелермен);

– қорытынды;

– пайдаланылған көздер тізімі;

– қосымша (қажетіне қарай).

Титуль парақ бекітілген үлгіге сәйкес рәсімделуі тиіс.

Курстық жұмыстың беттерін араб сандарымен, жұмыстың барлық мәтіні бойынша түгел нөмірлеуді сақтай отырып нөмірлеу керек. Беттің нөмірлері парақтың төменгі жағындағы қақ ортасына нүктесіз қойылады.

Титуль парақты беттердің жалпы нөмірленуіне енгізеді. Титуль парақта бет нөмірі қойылмайды. Титуль парақтан кейінгі келесі бет (МАЗМҰНЫ) «2» санымен нөмірленеді және т.с..

Әрбір жаңа бөлім жаңа беттен басталды. Бөлімшелерді жаңа беттен бастап керегі жоқ.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атауы бір аралық жолдан кейін басылады.

Құрылымдық элементтердің атауы: КІРІСПЕ, ҚОРЫТЫНДЫ, ПАЙДАЛАНЫЛҒАН КӨЗДЕР ТІЗІМІ, ҚОСЫМША беттің ортасына, соңына нүкте қойылмай жазылады.

Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары жаңа жолдан бастап, соңына нүкте қойылмай жазылады.

Жұмыстың мәтініндегі бөлімдер араб сандарымен нөмірленеді. Бөлімше нөмірі бөлім нөмірінен және осы бөлім ішіндегі өзінің нөмірінен тұрады. Мысалы, бірінші бөлімнің екінші бөлімшесі 1.2. нөмірін алады. Бөлім, бөлімше нөмірінен кейін олардың атауы алдында нүкте қойылмайды.

Көздерді пайдалануға жасалған сілтемелерді квадрат жақша ішіне алу керек.

Пайдаланлыған дереккөздердің тізімінде декерккөздер туралы мәліметтер болады, олар курстық жұмыстың мәтінінде дереккөздерге сілтеме пайда болуына қарай ретімен орналасып, араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді. Басып терген кезде жаңа жолсыз (абзац) бос жер қалдырмай жазу керек.

Қосымшаларды орыс алфавитінің бас әріптерімен, А әрпінен бастап, Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа әріптермен белгілейді. «ҚОСЫМША» сөзінен кейін оның реттілігін белгілейтін әріп келеді. Орыс алфавитін толық пайдаланып болған жағдайда латын алфавитін пайдалауға рұқсат етіледі, I, O, әріптерінен басқа, әрі қарай араб сандарын да.
7. Курстық жұмысты орындап, қорғауға дайындау тәртібі
10. Курстық жұмыстардың тақырыптарын орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын ескере отырып, бітіртуші кафедралар ұсынады.

11. Курстық жұмыстың жетекшісі магистранттың диссертациялық зерттеуінің жетекшісі болып табылады.

12. Бітіртуші кафедра магистранттың ғылыми семинарлардағы есептерін мезгіл-мезгіл тыңдай отырып, курстық жұмыстың орындалу барысын бақылап отырады.

13. Курстық жұмысты қорғау мерзімін бітіртуші кафедра белгілейді.

14. Магистрант орындалатын курстық жұмыстың сапасына және оның қорғауға дер кезінде ұсынылуына жеке жауап береді.
8. Курстық жұмысты қорғау
15. Курстық жұмыс кафедра мәжілісінде қорғалады. Қорғау хаттамамен тіркеуге алындады.

Курстық жұмыс келесі критерийлер бойынша бағаланады:

– орындалған жұмыстың ғылыми мамандану бағытына сәйкестігі;

– жүргізілген зерттеудің мақсаттары мен міндеттерінің негізделуі;

– заманауи ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану;

– жүргізілген сынама көлемі және өңдеудің статистикалық (қажет болғанда) әдістерін таңдауды негіздеу;

– жұмыс нәтижелерін рет-ретімен, сауатты және айқын баяндай алуы;

– пайдаланылған ғылыми әдебиеттердің заманауилығы;

– алынған нәтижелер мен тұжырымдардың шынайылығы;

– ғылыми және практикалық маңызы;

– рәсімдеу сапасы;

–курстық жұмысты қорғау (қорғау кезінде қойылған сұрақтарға толық жауап беру, кәсіби сөйлеу тілін игеру деңгейі, демонстрациялық материал).

16. Магистрлік даярлау аясында курстық жұмыстарды оң бағалаудың келесі критерийлері алынды:

«Үздік»


Магистрантпен:

-зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқын анықталған;

-оның өзектілігі дәлелденді;

-тақырыптың негізгі сұрақтары мазмұнды түрде баяндалған;

-қаралып отырған проблемалар шеңбері бойынша автордың ұстанымын көрсететін дәлелденген тұжырымдар мен ұсыныстар бар;

- курстық жұмысты жазған кезде ақпарат көздерінің кең ауқымы пайдаланылған (монографиялар, ғылыми еңбектердің жинақтары, мерзімді, статистикалық басылымдар, шетел тіліндегі әдебиеттер);

- курстық жұмыста келтірілген статистикалық материал кестелер мен суреттер түрінде ресімделген, автордың сараптамалық сипаттағы түсініктерімен қоса берілген;

-қойылған сұрақтарға магистранттың берген жауаптары толық әрі дәлме-дәл;

-курстық жұмысты орындау мерзімі қатаң қадағаланған;

-курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар толық орындалған.


«Жақсы»

Жалпы алғанда, жұмысты «Үздік» деп бағалауға қойылатын талаптарды магистрант орындаған, алайда бірқатар кемшіліктері бар:

-тақырыптың негізгі сұрақтарының талдауы онша терең емес, тақырыптың мазмұны толық ашылмаған, тұжырымдар жеткілікті негізделмеген;

-бірақатар қолжетімді заманауи ақпараттық көздер жоқ;

- курстық жұмысты орындау мерзімі бұзылған;

- курстық жұмыста дәлсіздік пен түзетулер, кейбір қателіктер бар, оның ішінде иллюстрациялық материалдарда;

- магистрантқа қойылған сұрақтарға берілген жауаптар жеткіліксіз дәлделденген немесе толық емес.
«Қанағаттанарлық»

Жұмыстың негізгі мақсатына қол жеткізілген, дегенмен:

- курстық жұмыс белгілі ережелерді құрастырып жазуды (компиляция) көрсетеді, суреттеушілік сипаты бар, магистранттың өзінің пікірі мен пайымдары жоқ;

- магистрантқа қойылған сұрақтарға жауаптары дәлелдемесіз (толық емес), сұрақтардың бір бөлігіне жауаптар жоқ, магистрант ғылыми зерттеу тақырыбының проблематикасына жеткіліксіз бағдарланған;

- әдебиеттер тізімінде монографиялар мен оқу құралдары басым;

- курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар бұзылған.

17. Қорғау нәтижелері бойынша комиссия «қанағаттанарлықсыз» деген баға қоюға шешім шығаруы мүмкін. Мұндай шешім, егер қорғауға ұсынылған жұмыс курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптарға сәйкес келмесе, сондай-ақ, егер магистрант қорғау барысында жұмыстың ережелерін қорғай алмаса, комиссияның қойған сұрақтарына жауап бермесе шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет