Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 46 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 49


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дипломына қосымша Diploma Supplement құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар



бет16/18
Дата15.03.2020
өлшемі0,8 Mb.
#60187
түріПравила
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дипломына қосымша Diploma Supplement құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар

Еуропалық дипломға қосымша Еуропалық комиссияның өкілдері бірлескен жұмыс тобының, Еуропа мен ЮНЕСКО Кеңесі әзірлеген моделіне сәйкес қатаң түрде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті аккредитациядан өткен білім беру бағдарламаларының түлектеріне береді.

Еуропалық дипломға қосымша ешқандай бағалау жоспарын, басқа оқу бағдарламаларымен салыстырыруларды және осы диплом немесе біліктілікті тану мүмкіндігіне қатысты ұсыныстарды қамтымайды.

Еуропалық дипломға қосымша барлық бөлімдері туралы мәлімет қамтылуға тиіс сегіз бөлімнен тұрады. Еуропалық дипломға қосымшаның қандай да бір бөлімінде ақпарат болмаған жағдайда қажетті ақпаратты беруден бас тарту себептерін көрсету қажет.

Еуропалық дипломға қосымша әрқашан білім туралы құжаттың түпнұсқасымен қоса берілуі тиіс, себебі оның ешқандай заңды күші жоқ. Еуропалық дипломға қосымшаның болуы оқу орнының мәртебесіне, оның біліктілігіне, сондай-ақ, ол жоғары білімнің ұлттық жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде тану фактісіне кепілдік бермейді.

Әрбір Еуропалық дипломға қосымша кіріспемен басталу қажет: «Бұл дипломға қосымша Еуропалық Комиссияның, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО/CEPES әзірлеген моделіне сүйенеді. Қосымшаның мақсаты - біліктілікті (дипломдар, дәрежелер, сертификаттар, және т.б.) академиялық және кәсіби әділетті тануды және халықаралық «ашықтықтықты» қамтамасыз ету үшін, кешенді тәуелсіз деректерді қамтамасыз ету. Қосымша біліктілігі жөніндегі түпнұсқа құжатта аталған тұлғамен өтілген және табысты аяқталған оқудың сипаты, деңгейі мен мәртебесінің сипаттамасынан тұрады. Қосымшада шешімдердің шығарылуы, эквиваленттілік туралы өтініш немесе тану туралы ұсыныстар рұқсат етілмейді. Барлық сегіз бөлімдер бойынша деректер болуы тиіс. Мұндай мәліметтер болмаған кезде себебін көрсету қажет.»

Еуропалық дипломға қосымшада әрқашан біліктіліктің аты мен дәрежесі; біліктілікті тағайындаған/басшылықты жүзеге асырушы оқу орнының атауы мен мәртебесі, және біліктіліктің жіктелуі көрсетілуі тиіс. Барлық деректер мемлекеттік және ағылшын тілдерінде ұсынылуы тиіс, себебіқате аудару біліктілігі жайлы шешім қабылдаушы тұлғаларды шатастырады. Латын алфавитінен басқа альфавит қолданылған кезде транслитерацияға рұқсат етіледі. Дәрежелер мен біліктілік атауларын сегізінші бөлімінде жоғары білім жүйесінің сипаттамасымен байланыстыруға болады.

Оқу орындары олармен берілетін Еуропалық дипломға қосымшаларда жалған мәлімдеу және бұрмалау мүмкіндігін барынша азайту үшін тиісті шаралар қабылдауға тиіс.

Аудару және терминологияға ерекше назар аудару қажет. Осы салада туындайтын мәселелердің айтарлықтай алдын алу үшін, құжатта көрсетiлген бастапқы тілді пайдалану керек.

Еуропалық дипломға қосымшада басқа елдерде алынған біліктілікті бағалауда дәл эквивалентін емес, ал «әділетті тануды» іздеу керектігін ескере отырып, алынған білімі, қабілеті мен дағдыларына ерекше назар аудару керек.




Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Еуропалық дипломға қосымша Diploma Supplement құрылымы

Бұл дипломға қосымша Еуропалық Комиссияның, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО/CEPES әзірлеген моделіне сүйенеді. Қосымшаның мақсаты - біліктілікті (дипломдар, дәрежелер, сертификаттар, және т.б.) академиялық және кәсіби әділетті тануды және

халықаралық



This Diploma Supplement follows the model developed by the European Commission, Council of Europe and UNESCO/CEPES. The purpose of the supplement is to provide sufficient independent data to improve the international ‘transparency’ and fair academic and professional recognition of qualifications

«ашықтықтықты» қамтамасыз ету үшін кешенді тәуелсіз деректерді қамтамасыз ету. Қосымша біліктілігі жөніндегі түпнұсқа құжатта аталған тұлғамен өтілген және табысты аяқталған оқудың сипаты, деңгейі мен мәртебесінің сипаттамасынан тұрады.

Қосымшада шешімдердің шығарылуы, эквиваленттілік туралы өтініш немесе тану туралы ұсыныстар рұқсат етілмейді. Барлық сегіз бөлімдер бойынша деректер болуы тиіс. Мұндай мәліметтер болмаған кезде себебін көрсету қажет.



(diplomas, degrees, certificates etc.). It is designed to provide a description of the nature, level, context, content and status of the studies that were pursued and successfully completed by the individual named on the original qualification to which this supplement is appended. It should be free from any value judgements, equivalence statements or suggestions about recognition. Information in all eight sections should be provided. Where information is not provided, an explanation should give the reason why.

  1. Біліктілікті иеленуші тұлға жайлы мәліметтер:

    1. Тегі;

    2. Аты;

    3. Туылған күні, айы, жылы;

    4. Студенттің сәйкестендіру нөмірі немесе коды(егер бар болса)

  1. Information identifying the holder of the qualification

    1. Family name(s):

    2. Given name(s):

    3. (Place and) Date of birth:

    4. Student identification number or code:

  1. Біліктілік жайлы мәліметтер:

    1. Біліктілік атауы (егер қолданылса) және берілген атақ (түпнұсқа құжаттың тілінде);

    2. Біліктілік үшін негізгі білім саласы;

    3. Біліктілікті тағайындаған оқу орнының атауы мен мәртебесі (түпнұсқа құжаттың тілінде);

    4. Оқытуды өткізген оқу орнының атауы мен мәртебесі (түпнұсқа құжаттың тілінде);

    5. Оқу/емтихан тілі.

  1. Information identifying the qualification

    1. Name of the qualification: Title conferred:

    2. Main field(s) of study for the qualification:

    3. Name and status of awarding institution:

    4. Name and status of institution administering studies:

    5. Language(s) of instruction/examination:

  1. Біліктілік деңгейі жайлы мәліметтер:

    1. Деңгейі;

    2. Бағдарламаны игерудің ресми уақыты;

    3. Түсу үшін талаптар.

  1. Information on the level of the qualification

    1. Level of qualification:.

    2. Official length of programme:

    3. Access requirements:.

  1. Білім мазмұны мен алынған нәтижелер жайлы мәліметтер:

    1. Оқу формасы;

    2. Бағдарламаның талаптары;

    3. Бағдарлама жайлы толық мәліметтер (мысалы, оқылатын модульдер мен блоктар) және алынған жеке нәтижелер: баллдар/бағалар/кредиттік бірліктер: (егер бұл ақпарат ресми хаттама түрінде болса, онда ол бұл жерде көрсетілуі тиіс);

    4. Бағалау схемасы және, егер бар болса, бағалауды бөлу басшылығы;

    5. Жалпы жіктеу (түпнұсқа құжаттың



    6. тілінде).

  1. Information on the contents and results gained

    1. Mode of study:

    2. Programme requirements:

    3. Programme details (e.g. modules or units studied and individual

grades/marks/credits obtained/.

    1. Grading scheme and, if available grade distribution guidance/

    2. Overall classification of the award:

  1. Біліктілік функциясы жайлы мәліметтер:

    1. Ары қарай оқу мүмкіндігі;

    2. Кәсіби мәртебесі (егер бар болса).


  1. Information on the function of the qualifycation

    1. Access to further study:

    2. Professional status conferred:

6. Қосымша мәліметтер:

6. Additional information




    1. Қосымша мәліметтер;

    2. Қосымша ақпарат көздері.

    1. Additional information:

    2. Further information sources:

  1. Құжатты куәландыру:

    1. Күні;

    2. Қолы;

    3. Қызметі;

    4. Ресми мөр немесе штамп.

  1. Certification of the supplement

    1. Date:

    2. Signature:

    3. Capacity:

    4. Official stamp or seal:

8. Ұлттық жоғары білім берудің жүйесі Ұлттық жоғары білім берудің жүйесі жайлы мәліметтер келтіріледі.

8. Information on the national higher education system(s)



  1. Біліктілікті иеленушіні анықтайтын ақпарат.


    1. Толық тегі көрсетіледі.

    2. Барлық аты көрсетіледі.

    3. Туған күні, айы, жылы көрсетіледі.

    4. Бұл пункт оқытудың белгілі бағдарламасын аяқтаған білім алушыны анықтауға көмектесу қажет, ол өз кезегінде Еуропалық диплом қосымшасымен расталады.
  2. Біліктілікті анықтайтын ақпарат.


    1. Мұнда біліктіліктің толық атауы түпнұсқа тілінде көрсетіледі.

Білім туралы құжат оның иесінің қандай да бір ұлттық танылған атаққа құқығы бар-жоқ екендігі көрсетіледі. Бұл атақ заңмен қорғалғандығы көрсетіледі.

    1. Біліктіліктің басты бағыттарын анықтайтын тек негізгі пәндерді қамтиды, мысалы, персоналды басқару, электрмен жабдықтау, т.б.

    2. Білім беру туралы құжат берген жоғары оқу орнының атауы көрсетіледі. ЖОО-ң мәртебесі, сондай-ақ, оны аккредиттеген орган көрсетіледі, егер бар болса, және т.б. Соңында, жалпы ұлттық білім беру жіктелімі бойынша, диплом берген университет мәртебесі көрсетіледі.

    3. Оқыту жүргізген университет мәртебесін көрсетіледі.

    4. Оқыту және емтихан жүргізу үшін пайдаланылған тіл(дер) көрсетіледі. Оқыту кезінде бірнеше тілді пайдаланылған нұсқалар болуы мүмкін (мысалы, негізгі оқыту тілі – ұлттық (орыс) және тізіммен көрсетілген кейбір пәндер ағылшын тілінде оқылды).
  1. Біліктіліктің деңгейі жайлы ақпарат.


    1. Біліктіліктің нақты деңгейі және білімі туралы құжаттардың спецификалық ұлттық білім құрылымындағы орны көрсетіледі (осы пункт сегізінші бөлімде түсіндіріледі, және оған сәйкес келеді). Жергілікті білім құрылымы сипатталады.

    2. Білім беру бағдарламасының ресми мерзімі апта немесе жылдармен және сынақтық бірліктермен берілген бағдарламаның нақты күрделілігі- ECTS жүйесі бойынша кредиттер көрсетіледі,әрбір маңызды элемент, блок, модуль, әсіресе тәжірибелік сабақтар бойынша ақпаратты қоса алғанда.

    3. Осы диплом қосымшада сипатталған білім беру бағдарламасына қол жеткізу үшін қажет біліктілікті алу немесе оқу кезеңдерінің ұзақтығы мен сипаты түсіндіріледі және тізімде келітіріледі. Мысалы, бакалавр дәрежесі, орта мектепті бітіргені туралы куәлік, т.б. Бұл, әсіресе,оқытудың аралық деңгейінен (мектептен кейін) өтуқарастырылып отырған біліктілікті алу үшін қажетті шарт кезінде маңызды болып табылады.
  2. Біліктіліктің мазмұны және алынған нәтижелер жайлы ақпарат


    1. Оқыту әдісі білім беру бағдарламасының қалай игерілгеніне байланысты мысалы, күндізгі, сырттай, тәжірибеден өтуді қоса алғанда.

    2. Мүмкіндігінше біліктілікті алу үшін төменгі стандарттарды орындау талаптары көрсетіледі, мысалы, кез келген міндетті компоненттердің немесе міндетті практикалық сабақтардың болуы, бітіру жұмысын жазуды реттейтін ережелердің болуы.Егер пәндер арасындағы кредиттік бөлу туралы ақпарат бар болса, ол осы бөлімге енгізілуі тиіс.




    1. Әрбір жеке модуль және оқу жоспары толық сипатталады. Нақты белгілері және/немесе біліктітіктің әрбір модулі үшін алынған бағалары тізімделеді. Ақпарат мүмкіндігінше толық болуы тиіс. Барлық емтихандар мен бағалау шаралары және/немесе,курстық жұмыстар/жобалар және бітіру жұмысы туралы ақпаратты қоса алғанда, емтихан тапсыруға ұсынылған білім саласысипатталады. Бітіру біліктілік жұмысын қорғау жағдайлары көрсетіледі (мысалы, көпшілік алдында қорғау).

    2. Қарастырылып отырған біліктілік аясында білім алушылардың аттестациясында қолданылатын бағалау жүйесі мен шектік балл туралы ақпарат ұсынылады.

    3. Мүмкіндігінше соңғы біліктіліктің толық жіктелуі көрсетіледі, мысалы үздік бірінші класс дәрежесі, Summa Cum Laude,Merit, Avec Distinction, және т.б.
  1. Біліктілік функциясы жайлы ақпарат


    1. Кейінгі академиялық және/немесе кәсіби білім алуға қол жеткізу үшін диплом беруші елде біліктілікпен қамтамасыз ету мүмкіндіктері көрсетіледі. Осы біліктілік осы елдің білім беру жүйесінің оқыту дәрежесі иерархиясында қай орында екендігі көрсетіледі.

    2. Кәсіби мәртебесі мен біліктілігіне сәйкес иеленушіге берілетін құқықтар толық сипаталады.
  1. Қосымша ақпарат


    1. Біліктілікті пайдалану мүмкіндігі мен деңгейі, сипатының бағасына қажет, бұрын көрсетілмеген кез келген қосымша ақпарат келтіріледі, мысалы, қосымша модульдерді оқыту, қосымша біліктілікті алу, т.б.

    2. Осы біліктілік жайлы толық ақпаратты қайдан табуға болатыны туралы ақпарат көздері және оларға сілтемелер сипатталады, мысалы, жоғарғы оқу орнының веб-сайты, біліктілік берілген оқу орнының кафедрасы, т.б.
  1. Еуропалық дипломға қосымшаны куәландыру


    1. Еуропалық дипломға қосымшаның берілген уақыты көрсетіледі. Еуропалық дипломға қосымшаның берілген уақыты дипломның берілген уақытымен сәйкес келмеуі мүмкін.

    2. Еуропалық дипломға қосымшадағы ақпараттың дәлдігін куәландыратын лауазымды тұлғаның аты мен қолтаңбасы көрсетіледі.

    3. Құжатты куәландырған тұлғаның ресми лауазымы көрсетіледі.

7.4. Еуропалық дипломға қосымшаның шынайылығын растайтын университеттің ресми мөрі (немесе штамп) қойылады.
  1. Ұлттық білім беру жүйесі жайлы ақпарат


Біліктілік тұрғысында білім беру жүйесі сипатталған: жоғары оқу орындарына түсу үшін жалпы талаптары; білім беру мекемелері және біліктілік құрылымы түрлері. Ұлттық білім беру жүйесінің сипаттамасы басылған мәтіні екі беттен аспауы тиіс, кестелер мен схемаларды пайдалану дұрысырақ деп есептеледі.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дипломына қосымша Diploma Supplement беру реті





  1. Еуропалық дипломға қосымша өтініш(қосымша 1) және көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар пакетімен қоса толтырылған сауалнама (қосымша 2) негізінде беріледі:

Міндетті - жеке куәлік көшірмесі және салғышымен диплом көшірмесі.

Қалауы бойынша:

  • Басқа жоғары оқу орындарында оқу барысында өтініш берушімен алынған барлық транскрипт көшірмелері;

  • Кәсіби салада практикалық жұмыс тәжірибесі бар болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;

  • Қосымша білім факультеттерінде, курстарда өткені туралы және қосымша біліктілік алғаны туралыкуәліктер, дипломдар, сертификаттарының көшірмелері;

  • Студенттің қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарда, олимпиадаларда алған жүлделерінің көшірмелері.

  1. Сауалнама студенттің жеке мәліметтері, бітірген факультеті және кафедрасы, мамандығы және бағыты, бітіру біліктілік жұмысының атауы, Еуропалық дипломға қосымшаны даярлау кезінде ескерілетін қосымша ақпарат көрсетіледі (мысалы, алынған кәсіби тәжірибесі, халықаралық жобалар, конференциялар және тағылымдамаларға қатысу, т.б.).

  2. Еуропалық дипломға қосымшаны алу үшін өтінішті жоғары білім туралы диплом беру күнінен бір ай бұрын жазған жағдайда, Еуропалық дипломға қосымша дипломмен бір мезгілде берілуі мүмкін.

  3. Еуропалық дипломға қосымшаны алу үшін өтініште көрсетілген мерзімде емес - өзге де уақыт кезеңдерінде жазған жағдайда, оны беру мерзімі мен жағдайы өтініш беруші мен беру, жобалау және ұйымдастыру үшін жауапты лауазымды тұлғамен жеке келісіледі.

  4. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлегі дипломына Еуропалық қосымшаны беру ақылы негізде жүзеге асырылады. Төлем сомасы ұйымдастыру, ресімдеу және беру шығындарын есептеу негізінде белгіленеді және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

  5. Еуропалық дипломға қосымшаның нысанын толтыру үшін жауапты адаммен (құрылыммен) қабылданған құжаттардың негізінде өтініш берушіге Еуропалық дипломға қосымша жасалады.

  6. Еуропалық дипломға қосымшаның дайындау және беру факультет декандарымен бірге академиялық мәселелер жөніндегі департаменті және тіркеуші офисі арқылы жүзеге асырылады.

  7. Факультет декандары транскрипт негізінде Универ жүйесінде Еуропалық дипломға қосымшаның нысанын толтыру үшін жауапты адамды тағайындайды.

  8. Ректор бұйрығымен Еуропалық дипломға қосымшаның мазмұнына және берілуі үшін жауапты академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің құрылымдық бөлiмшесi құрылады.

  9. Еуропалық дипломға қосымша кейін ағылшын тіліне аудармасымен мемлекеттік тілде толтырылады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің халықаралық байланыстар бөлімі Еуропалық дипломға қосымшаның дұрыс аударылып, толтырылуына жауапты болып табылады.

  10. Оқытылған пәндер туралы деректер ECTS сынақтық бірліктермен күрделілігі және аттестация нәтижелері көрсетілген, семестр бойынша олардың толық тізімін қамтиды.

  1. Еуропалық дипломға қосымша академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры, Оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректордың қолдарымен және университеттің ресми мөрімен расталады.

  2. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дипломына Еуропалық қосымша өтініш берушіге ресми жауапты тұлғамен беріледі.

  3. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дипломына Еуропалық қосымшаны беру кезінде арнайы журналға берілген құжаттың тіркеу нөмірі, арнайы графада студенттің қолы қойылады.

  4. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлегіне берілген Еуропалық дипломға қосымша көшірмелері алынған біліктілік/дәрежесі туралы дипломның көшірмелерімен бірге, университет мұрағатында сақталады.


Қосымша 1

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің ректоры



Аты-жөні



Факультетінің

курс студенті





Аты-жөні


Өтініш


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлегі дипломына Еуропалық қосымшаны беру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.


Күні Қолы



Қосымша 2


Анкета





  1. Аты-жөні(толық)

  2. Туылған күні, айы, жылы, туған жері, елі

  3. Факультет


  4. Бітірген кафедрасы

  5. Мамандық

  6. Қосымша мәліметтер (алынған кәсіби тәжірибесі, халықаралық конференциялар, жоблар, стажировкаларға қатысуы және т.б.)



- Байланыс:


Үй тел: Ұялы тел: e-mail:

ОҚУ ҮЛГІРІМДЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУ ПӘНДЕРІНЕН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ КЕШЕНІН ДАЯРЛАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Білім алушылардың оқу үлгірімдерін сырттай бақылау мақсатында университеттің мамандар даярлайтын кафедралары бакалавриатттың базалық және арнайы пәндері үшін тест тапсырмаларының кешенін дайындайды.

Тест тапсырмаларының кешенін дайындайтын оқытушылар тест тапсырмаларының мазмұны мен сапасына тікелей жауапты.

Тест тапсырмаларын даярлаудың этаптары:

1.Жоспарлы дайындық. Сәйкес пәнді таңдау, негіздеу.

2.Типті, оқу,жұмыс бағдарламасын және ғылыми,оқу және оқу-әдістемелік әдебиетті талдау.

3.Тест тапсырмаларын конструкциялау.

4.Пәннің типтік оқу жоспарына сәйкестігін тексере отырып,тест тапсырмаларына талдау жүргізу.

Тест тапсырмаларының кешенін дайындайтын оқытушылар қамтамасыз етуі тиіс:

1) тест тапсырмаларының формаға және тестілеу мақсатына жеткізу (ВОУД);

2) тест тапсырмаларының жаңа ғылыми деңгейге сәйкестендіру;

3)тест тапсырмаларының мағынасы пәннің типтік жұмыс бағдарламасындағы тақырыптарға сәйкестендіру;

4) тест тапсырмаларының мағынасының күрделі деңгейге сәйкестендіру;

5) ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерге сәйкестендіру.

Тест тапсырмаларының кешенін дайындайтын оқытушылар міндетті түрде тест тапсырмаларының әдістемелік және техникалық талаптарын сақтауы тиіс.

Оқу үлгірімдерін сырттай бақылаудың тізіміндегі пәндері бойынша оқытушылар тест тапсырмаларын жаңа формада,яғни жауаптары бірнеше дұрыс варианттардан тұратын таңдау жасатуы тиіс.

Білім алушыға барлық дұрыс жауаптар үшін 2 балл қойылады.Бір қате үшін 1 балл.Екі және одан да көп қате үшін 0 балл қойылады.

Тест тапсырмаларын құрастыру кезінде оқытушылар басшылыққа алуы тиіс:

Біріншіден, тест тапсырмаларының мазмұны қысқа, түсінікті және дәл болуы тиіс.

Мазмұнның дәл болуы терминдерді пайдалану арқылы, жасанды тіл элементтерін және формулуларды пайдалану арқылы жүзеге асады.

Қысқалалығы тапсырманың мәнін сөздерді, символдарды, графиктерді мұқият пайдалану арқылы жүзеге асады.

Түсініктілігі тест тапсырушылар тест мазмұнының түпнұсқасын дұрыс түсінгенде жүзеге асады. Осы мақсатта тапсырмадан аз қолданылатын, түсініксіз, қайталанатын, шеттілінің сөздерімен символдары алынып тасталады.

Екіншіден, тест тапсырмаларын құрастыратын оқытушы әртүрлі күрделі деңгейлерге байланыстыруы қажет. Күрделілік деңгейіне байланысты тест тапсырмалары: жеңіл (1 деңгей) - (32%), орташа (2 деңгей) - (44%), қиын (3 деңгей) - (24%).

1-ші деңгейдегі (жеңіл) тест тапсырмалары білім алушылардың пән бойынша негізгі анықтамаларын,ережелерді, формулаларды, заңдарды,принциптерді, гистограммаларды, оқиғаларды және т.б. тексеру үшін арналған.

2-ші деңгейдегі (орташа) тест тапсырмалары білім алушылардың

нәтижені анықтауы, жәй есте сақтауы: фактілерді, ережелерді принциптерді түсінуі; пән бойынша ойлау қабілетін дамытып, есептерді шешуі; формулаларды пайдалану арқылы бір-бірімен процесстерді байланыстыра отырып, есептерді шешуі үшін арналған.

3-ші деңгейдегі (қиын) тест тапсырмалары білім алушылардың ғылыми-зерттеу қабілетін анықтайтын, пән бойынша жоғарғы деңгейде материалдарды игеру, яғни берілген мәліметтерге сәйкес болашағын сипаттау; дәл практикалық жағдайларда заңдарды қолдана білуі; өткен материалды график, схема, эскиз түрінде бағалай алуы және т.б. үшін бағытталады.

Үшіншіден тест тапсырмаларын құрастыру кезінде оқытушы мынадай талаптарды сақтауы тиіс:

1) Тест тапсырмалары жабық түрде болуы тиіс.

2) Тапсырмадағы жауаптар саны мынадай: жауаптағы 5 вариант– 1-еуі дұрыс; жауаптағы 6 вариант– 2-еуі дұрыс; жауаптағы 8 вариант– 3-еуі дұрыс.

3) Тапсырманы орындауға кететін уақыт - 1,5 минуттан аспайды.

4) Тест тапсырмалары қысқа түрде, нақты тілде тұжырымдалған түрде болуы қажет.

5)Дистракторларда тұжырымдардың қайталануына тыйым салынады.Ұзын сұрақ және қысқа жауап болғаны дұрыс.

6) Тест тапсырмалары екпінді түрде тұжырымдалуы тиіс.

(атаңыз,анықтаңыз,көрсетіңіз, артығын табыңыз).

7) Тест тапсырмаларының жауаптары біріңғай болуы тиіс. Мынадай түрдегі жауаптар рұқсат етілмейді: <Ия>, <Жоқ>, <Дұрыс>, <Дұрыс емес>, <Барлық жауаптар дұрыс>, <Барлық жауаптар дұрыс емес>, <Жауаптар арасында дұрысы жоқ>, <Дұрыс жауап жоқ>, <Жоғары да көрсетілгеннің барлығы>, < Төменде көрсетілгеннің барлығы >, <Өтініш>, <Қатысы жоқ>, <Белгілеңіз>, <Анықтаңыз>, <Дұрыс емесін таңдаңыз … >.

8) Тест тапсырмалары стилистік және орфографиялық түрде сауатты құрастырылуы тиіс.

9) Жауап варианттарының барлығының ұзындығы бойынша бір-біріне сәйкес болуы тиіс, бір жолдан аспауы тиіс.

10)Тест тапсырмаларының мазмұны ұсынылған әдебиеттерге толығымен сәйкес болуы керек және де нормативті-заңды документтерде дәл көрсетілген дереккөздерге сәйкес болуы керек.

11) Тапсырмалар материалды игеру деңгейін бағалауы тиіс.

12) Тест тапсырмалары бірдей стилде болуы керек.Жауап қойылған сұрақтың логикалық аяқталуы болуы тиіс.

13) Тапсырманың тұжырымдамасы хабарлама түрінде болуы тиіс. (сұрақ алып тасталынады). Сұрақтардағы мынадай сөздер алынып тасталынады (<қалай>, <неге>, <қандай>, <қай түрде>, <неден> және т.б.).

14) Тест тапсырмаларында жауапты айтып тұратын варианттар болмауы тиіс, сонымен қатар ерекшеленген жауаптар болмауы тиіс.

15) Тест тапсырмаларында қарама-қайшылық, келіспеушілік мезеттері болмауы тиіс.

16) Тест тапсырмалары қайталанбауы тиіс.

17) Тест тапсырмалары қажет анықтамалық мәліметтерден тұруы тиіс.

В тестовом задании должны содержаться необходимые справочные данные. Білім алушылар тест тапсыру кезінде оқулықтарды, оқу құралдарын, лекция конспектілерін,басқа да ақпарат көздерін, анықтамалық мәліметтерді пайдалану рұқсат етілмейді.

18)Тест тапсырмаларының жауаптарындағы және сұрақтардағы шамалардың өлшем бірліктеріне түсініктеме берілуі тиіс.

19)Word-тағы график объектілерінің қолданылуының өлшемі А4 форматынан аспауы тиіс (jpeg форматын қолданған дұрыс).

20) Тест тапсырмалары бұрын оқып үйренген (пререквизит), пәнді оқу кезінде алған білімдеріне негізделуі тиіс.

21) Тест тапсырмаларын құрастыру кезінде пәнді оқу кезінде алған білімдеріне және одан соң оқитын білімдеріне көңіл бөлу маңызды.

22) Тест тапсырмаларының пәнге байланысты минимум саны: 1 кредит – 100 тест тапсырмалары, 2 кредит – 200 тест тапсырмалары, 3 кредита – 300 тест тапсырмалары.

Тестілік тапсырмаларды теруде рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Тестілік тапсырмаларды теру үшін «Microsoft Word 2003» редакторы пайдаланылады. Тестілік тапсырмалардың терілген файлын «RTF» форматы түрінде сақтаймыз. Ол үшін «Файл» мәзірінен «Қалай сақтау…» жолын таңдау керек және ашылған терезеден «Файл типі» өрісінде «RTF форматы түрінде текст» жолын таңдап «ОК» батырмасын басу керек.

2. Беттің параметрлері. Өрістері: жоғарыдан - 2 см, төменнен - 2 см, оң жағынан - 2 см, сол жағынан - 2 см. Парақ өлшемі «А4», ориентациясы «Кітап түрінде». Азат жол болмайды.

3. Тестілік тапсырмалар қазақ және орыс тілдерінде «Times New Roman» қаріпімен терілуі керек (бұл қалыпты қаріп барлық компьютерлерде орнатылады), қаріп өлшемі - 14, қатар аралығы – бірыңғай, теңестіру – енң бойынша.

4. Тестілік тапсырмалардың жауаптары {A),B),C),D),E),F),G),H)} латын қаріпімен теріледі және тізім түрінде, яғни авто форматта ұсынылмауы тиіс.

5. Өрнектері өрнектер редакторында жазылады. Құжатта суреттер, автофигуралар, жазбалар мен басқа да текстік емес объектілер текстке қойылу керек. Ол үшін объектіні таңдап алып тышқанның оң жақ батырмасын басып ашылған контекстік мәзірде «Формат автофигуры…» пунктісін таңдаймыз. Әрі қарай «Состояние» сұхбат терезесінде «Обтекание» - «В тексте» таңдау қажет. Болмаса объектер ескерілмейді немесе сұраққа енбейді.

6. Тестілік тапсырмалардың әрбір тақырыбын жеке файлда теру қажет. Терілу кезінде сөз арасында бір ғана бос орын қалуы тиіс (бос орындар мен басқа да белгілерді белгілеу « ¶» сілтемесімен тексеріледі).

Әрбір тақырып келесі па йыздық қатынастармен көрсетілетіндей күрделіліктің әр түрлі деңгейінде тестілік тапсырмаларды қамтиды: 1 деңгей - тақырып бойынша тестілік тапсырмалардың жалпы санының 32%, 2 деңгей - тақырып бойынша тестілік тапсырмалардың жалпы санының 44%, 3 деңгей - тақырып бойынша тестілік тапсырмалардың жалпы санының 24%.

7. Тестілік тапсырмалар университеттің деректер қорына ену үшін келесі түрде ұсынылуы тиіс:



7.1. Папка атауы: Автор_ Пәні_YYY

Құрушы оқытушының аты-жөні Тілі (орыс/каз)



Мысалы: Иманов И.И._Информатика_каз

7.2. Файл атауы: NN_тақырыбы_ Пәні_YYY.rtf

Тақырып нөмірі



Мысалы: 01_Кодтау_Информатика_каз.rtf

7.3. Тапсырманың өзін теру кезінде қатардың басында бос жолсыз $$$ қойылады және тестілік тапсырма нөмірі жазылады. Фигуралық жақшамен алынған тестілік тапсырманың барлық параметрлері (Дұрыс жауабы, Күрделілігі, Оқулық, Курсы, Семестрі) толтырылуы тиіс.

Мысалы:

001(Бағдарлама бойынша тақырыбы өзгереді)_Ұңғыманы бұрғылау_каз.rtf

$$$001

Ұңғыманы тазалау сызбасы:



A)Түзу сызықты

B) Зигзаг тәрізді

C) Тура

D)Қисық сызықты



E) Кері

F) Спираль тәрізді

G) Комбинирленген

H) Толқын тәрізді

{Дұрыс жауабы} = С, Е, G

{Күрделілігі} = 1

{Оқулық} = Учебно-методический комплекс, Володин Ю.И. Основы бурения. М.: Недра, 1979; Шамшев Ф.А, Тараканов С.Н., Кудряшов Б.Б. Техника и технология разведочного бурения. Учебник. 3 изд., перераб. и доп М.: Просвещение, 1983.

{ Сипаттамасы }=

{Курсы} = 4

{Семестрі}= 7



Тестілік тапсырмалар үшін орыс тілінде де, қазақ тілінде де келесі параметрлерді аударуға болмайды!!!:

{Дұрыс жауабы} =

{Қиындығы} =

{Оқулық} =

{Сипаттама}=

{Курс} = 4

{Семестр} = 7

ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР МЕКТЕБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Негізгі ережелер

1. Жас оқытушылар мектебі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Жарлығымен бекітілген, 2011 жылғы 24 қазандағы №487, 2012 жылғы 9  қаңтардағы №535, 2012 жылғы 10 шілдедегі 36, 2014  жылғы 18 ақпандағы №175, 2015 жылғы 21 шілдедегі №337,  2015жылғы 13 қарашадағы №398,  2015 жылғы 24 қарашадағы №419 Жарлықтармен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың ережесіне» сәйкес дайындалды.

2. Ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі (бұдан әрі - университет) жас оқытушылар мектебінің қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

3. Жас оқытушылар мектебі университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

4. Жас оқытушылар мектебінің мақсаты – университет кафедраларында ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылға толмаған жас оқытушылардың оқу сабағына дайындалуына және оны ұйымдастыру мен өткізуіне тәжірибелі профессор-оқытушылардың оқу-әдістемелік тұрғыдан көмектесуін, педагогикалық тәлімгер ретінде кеңес беруін жүзеге асыру.

5. Жас оқытушылар мектебінің міндеттері:

- жас оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, олардың кәсіби өсуі мен тұлғалық дамуына ықпал жасау;

- жас оқытушыларды университеттегі ғылыми-педагогикалық қызметке бейімдеу;

- тәжірибелі профессор-оқытушылардың педагогикалық шеберлігін кеңінен тарату;

- тәжірибелі профессор-оқытушылар мен жас оқытушылардың бірлескен әріптестік ғылыми-педагогикалық қызметін қамтамасыз ету.





      • 2. Мектептің қызметін ұйымдастыру

6. Кафедрада еңбек өтілі 5 жылға толмаған әрбір жас оқытушыға тәлімгер ретінде тәжірибелі бір профессор-оқытушыдан бекіту үшін жаңа оқу жылының басында кафедра меңгерушісі факультет деканының келісімімен университет ректорына ұсыныс береді. Жас оқытушылар мен тәжірибелі оқытушылардың сандық ара салмағы тең болмаған жағдайда тәлімгерге бекітілетін жас оқытушылардың саны кафедра меңгерушісімен реттеледі.

7. Жас оқытушыларға тәжірибелі оқытушыларды бекітуді кафедралардан берілген ұсыныстар негізінде университет ректоры бұйрықпен рәсімдейді.

8. Тәлімгер ретінде бекітілген тәжірибелі профессор-оқытушы айына кемінде екі рет жас оқытушының сабағына қатысып талдау жасауы және кеңес беруі қажет.

9. Тәлімгер оқытушы айына кемінде бір рет жас оқытушыны тәжірибе жинақтауы үшін өз сабағына қатыстыруы қажет.

10. Жас оқытушылар мектебінің жұмысы айына бір рет кафедра мәжілісінде және академиялық кезеңде бір рет факультет кеңесінде, оқу жылында бір рет университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралуы тиіс.

11. Факультет кеңесінде талқылау кезінде тәлімгер оқытушы жас оқытушының жарты жылдық жұмысына баға береді.

12. Жас оқытушылар мектебінің қызметін бақылау университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде жүзеге асады.



3. Жас оқытушы мен тәлімгер оқытушының міндеттері
13. Тәлімгер оқытушының міндеттері:

- ғылыми-педагогикалық қызметте пайдаланылатын ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік құжаттарды дайындауға жас оқытушыларды үйрету;

- жас оқытушыларды білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың заңнамалық, нормативтік-құқықтық құжаттарымен, еліміздегі және шетелдегі жоғары кәсіби білім берудің даму тенденцияларымен таныстыру;

- жас оқытушыларды жаңа педагогикалық технологияларды игеруге баулу;



  • оқу бағдарламалары, силлабустар, пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуде жас оқытушыға көмек көрсету;

  • жас оқытушының сабағына қатысу;

  • инновациялық технологиялар мен жаңа педагогикалық тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуде жас оқытушыларға көмектесу.

14. Жас оқытушының міндеттері:

- өзінің кәсіби әлеуетін үздіксіз жетілдіріп отыру үшін қазіргі заманғы білім беру мәселелерін талқылауға арналған әдістемелік семинарларға, шеберлік сабақтарына, тренингтерге, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға үнемі қатысу;

- кафедраның жылдық жоспарына сәйкес бекітілген ашық сабақтар мен өзара сабақтарға қатысу;

- тәлімгер оқытушының сабағына қатысу;

- тәлімгер оқытушы тарапынан берілген кеңестер мен ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізу;

- жаңа әдістемелік әдебиеттермен танысу;

- үнемі педагогикалық ізденісте болу.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде

білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық, midterm және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі



  1. Пайдалану аймағы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық, midterm және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) университеттегі білім алушылар үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық, midterm және қорытынды аттестаттау ұйымдастыру тәртібіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Осы Ереженің талаптары міндетті болып табылады.



  1. Нормативтік сілтемелер

Ережені жасауда төмендегі нормативтік құжаттар негізге алынған:




  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы Заңы (2011 жылдың 24 қазанында өзгертулер толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережелері (ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 16 наурыздағы №94 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылдың 2 маусымдағы №198 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);




  1. Жалпы ережелер

    1. Білім алушы – бакалавриаттың кәсіптік білім бағдарламаларын игеруші студент немесе магистратураның кәсіптік білім бағдарламаларын игеруші магистрант;

    2. Үлгерімді ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі;

    3. Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;

    4. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

    5. Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

    6. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

    7. Транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген, тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар, белгіленген нысандағы құжат;

    8. Аралық (межелік) бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

    9. Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

    10. Емтихан сессиясы - білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі;

    11. Белсенді үлестірмелі материалдар (АРМ) (Hand-outs) – сабақ үстінде білім алушыларға тақырыпты шығармашылықпен, әрі жемісті игеруі үшін таратылатын белсенді көрнекілік құралдар (дәрістер тезистері, сілтемелер, мысалдар, анықтамалар, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар);

    12. Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау - әр түрлі тапсырмалар (жазбаша жұмыс, тесттер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сауалнамалар т.б.) негізінде білім алушылардың нақты пән бойынша білім жетістіктерін анықтау;

    13. Білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ) - барлық танымдық іс-әрекетте шығармашылық ойлауды дамытатын және интеллектуалды қабілетін оятатын білім алушының жеке жұмыс нысандарының жиынтығы;

    14. Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы (БАОӨЖ) - оқытушының басшылығымен және оның тапсырмаларымен жүргізілетін дәрісханалық және дәрісханадан тыс өзіндік жұмыс;

    15. Білім алушының оқу жетістіктері – білім алушының оқу үрдісінде қол жеткізген деңгейін көрсететін білімі, ебдейлігі мен дағдысы;

3,16 Midterm - академиялық кезеңнің ортасында жүргізілетін студенттердің оқу жетістіктерін бақылау түрі.


  1. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау және бақылау




  1. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық, midterm және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) университеттегі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық, midterm және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

  2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеруді университет өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың емтихан тапсыру және сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде жүзеге асырады.

  3. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша білімді бақылау және бағалау негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес анықталады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару 1-кестеге сәйкес жүргізіледі.

Кесте 1


Пән бойынша бағалау жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық

құрамы, %

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

4. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады.

5. Үлгерімнің ағымдық бақылауы кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын орындау, білім алушының өзіндік жұмысы, аралық бақылау) 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланып, ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі. Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.

6. Аралық бақылау әрбір пән бойынша бір академиялық кезеңде екі рет өткізіледі.

7. Білім алушыларды аралық аттестаттау, midterm оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Білім алушылардың аралық, midterm аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу тіркеуші офисіне жүктеледі.

9. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді.

10. Сараланған (дифференциалдық) сынақтар білім алушылардың зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады.

Сараланған (дифференциалдық) сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі.

11. Білім алушылардың кәсіби  практикадан (оқу, оқу-танысу, педагогикалық, өндірістік т.б.) өтуі кезінде бағалануы сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының практикада болу мерзіміндегі жұмысы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, практика есебін қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі.

Пән бойынша бақылау түрі тек курстық жұмысты (жобаны) қорғау болған жағдайда, білім алушының білімін бағалау сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының курстық жұмысты (жобаны) орындауына 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, курстық жұмысты (жобаны) қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі. Бұл жағдайда курстық жұмыстың (жобаның) бағасы мемлекеттік стипендияны, курстан курсқа көшіру балына есептеуде ескеріледі. Пән бойынша курстық жұмысты (жобаны) тапсыру беріліп, бірақ сол пәннен бақылау түрі емтихан болған жағдайда курстық жұмысты (жобаны) бағалау пән бойынша ағымдық бағалауға енгізіледі.

12. Практика аяқталғаннан кейін білім алушы практика қорытындысы бойынша тиісті кафедраға практика жетекшісі мен консультанты тексеретін және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғалатын есепті ұсынады.

Есепті қорғау нәтижелері №125 бұйрыққа сәйкес бағалардың балдық-рейтингтік әріпті жүйесі бойынша бағаланады.

Есепте орындалған жұмыс туралы мәліметтер көрсетіліп, тәжірибе базасының қысқаша сипаттамасы беріледі, сонымен қатар есепте мамандық бағыты бойынша атқарған қызметінің талдауы, қорытындылар мен ұсыныстар болуы керек.

Есепке қосымша ретінде:


  • қол қойылған және мөр басылған кәсіпорындағы практика жетекшісінің білім алушының жұмысы туралы пікірі;

  • практика өтілген кәсіпорынның басшысы қол қойып бекіткен, мөр басылған жұмыс жоспар-кестесі;

  • практиканың күнделік- есебі;

  • өз бетінше орындаған жұмыстары туралы мәліметтер тіркеледі.

Практиканың мерзімі біткен соң кәсіпорын жетекшісінен мінездеме алғаннан кейін, кафедра меңгерушісі бекіткен комиссия алдында білім алушы -практикант есебін қорғайды.

Кәсіби практика бойынша бағалау нәтижесі практика ведомосына қойылады. Академиялық рейтинг ведомосы Оқу процесінің тіркеу офисына тапсырылады.

Практиканың қорытындысы GPA есептеу кезінде және курстан курсқа көшіру барысында ескеріледі.

Кәсіби практикадан денсаулығына байланысты немесе басқа да дәлелді себеппен өтпеген студенттер үшін оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректордың бұйрығымен жеке мерзімде практикадан өтуге мүмкіндік беріледі.

13. Практикадан себепсіз өтпеген немесе «Ғ қанағаттанарлықсыз» бағаны алған студенттер үшін ол академиялық қарыз болып есептеледі, соңдықтан практиканы келесі академиялық кезеңде теориялық білім алуымен қатар немесе жазғы семестр кезінде қайта өтеді.

14. Midterm - академиялық кезеңнің ортасында жүргізілетін студенттердің оқу жетістіктерін бақылау түрі. Midterm екі аралық бақылаудың ортасында, 10 аптада өткізіледі.

15. Білім алушының оқу жетістігін, игерген білім деңгейін анықтау барысында жүргізілетін аралық бақылаулардың (Midterm Exam) барлық түрлері және қорытынды бақылау жазбаша түрде ұйымдастырылады (білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ВОУД) бойынша бекітілген пәндерден басқасы).

Білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ВОУД) бойынша бекітілген пәндерден 1,2 аралық бақылау тест түрінде, ал Midterm мен емтихан жазбаша түрде қабылданады. Midterm тапсырмаған жағдайда білім алушы емтиханға жіберілмейді. Midterm 100 балмен бағаланады және сол аптадағы білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы (БАОӨЖ) балына жалпы қосылады.



16. Midterm форматында аралық бақылауды ұйымдастыру барысында оқытушы пән бойынша Midterm формасына ерекше мән беріп, арнайы жазбаша тапсырмалар жиынтығын даярлап, құрастырады және ол кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Midterm кезінде қарастырылатын сұрақтар тізімі, әдістемелік нұсқаулықтары, тапсырманың нақты тұжырымдамасы және студенттің дайындалуы үшін әдебиеттер тізімі білім алушыға арналған оқу бағдарламасында (SILLABUS) келтіріледі. Midterm нәтижесіндегі талданып, бағаланған білім алушылардың мөр басылған жазбаша жауаптары факультет деканатында жинақталады.

17. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бөлінеді. Сонымен қатар, жазғы қосымша семестрде аралық емтихан сессиялары болуы мүмкін.

18. Оқу жылының аяғына қарай емтихан сессиясының қорытындысы негізінде университет ректорының бұйрығымен білім алушылардың келесі курсқа көшірілуі жүзеге асады.

19. Емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтылығы мамандықтың оқу жұмыс жоспары және университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген академиялық күнтізбе бойынша анықталады.

20. Емтиханды өткізу үшін біліктіліктері сол пәннің бейініне сәйкес келетін және сол академиялық топта сабақ өткізбеген профессор-оқытушылар құрамынан емтихан қабылдаушы эксперттік комиссия тағайындалады.

21. Факультет деканының емтихан сессиясына жіберу туралы өкімінде білім алушының аты-жөні, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіледі.

Емтихандық сессияға жіберу екі кезеңнен тұрады:

а) бірінші кезеңде факультет деканының жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, барлық ағымдық (Midterm Exam), аралық бақылауларын тапсырған, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ білім алушылардың сессияға жіберілуі жүзеге асырылады;

ә) екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық (Midterm Exam), аралық бақылаулары қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде білім алушылардың емтиханға автоматты түрде жіберілуі жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру емтихан ведомостарындағы әрбір білім алушының тегінің тұсына тіркеуші офисі тиісті белгі қоюымен орындалады.

Аталған пән бойынша жіберу рейтингісін (50 балл және одан жоғары) ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған білім алушылар тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

22. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі.

Емтиханда білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

23. Оң баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», D, D+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен білім алушының сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомосына ғана жазылады.

24. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң білім алушыға оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады.

Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингісінің бағасы (орташа рейтинг) мен қорытынды бақылау бағалары кіреді.

25. Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) пән бойынша қорытынды бағаның 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40 %-ын құрайды.

26. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып, білім алушының транскриптіне жазылады.

27.Білім алушы қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

28. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

29. Факультет деканы кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) білім алушыға емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады.

Факультет деканы білім алушыға денсаулығына, сәбиінің дүниеге келуіне, жақын туыстарының қайтыс болуына, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырған жағдайда емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруына рұқсат береді.

30. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест түрінде өткізіледі.

31. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің түрі және емтихан қабылдаушы эксперттік комиссия құрамы университеттің Ғылыми кеңесімен академиялық кезең басталғаннан бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.



32. Барлық оқыту нысанына арналған емтихандар кестесін факультет деканы тіркеуші офисімен бірлесе жасайды.

Емтихандар кестесін бірінші проректор-оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді. Сессия басталғанға дейін екі апта мерзімінен кешіктірмей емтихандар кестесі білім алушылар мен оқытушылар назарына жеткізіледі.

33. Емтиханға келгенде білім алушының қолында емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөр басылған сынақ кітапшасы болуы міндетті.

34. Қорытынды бақылау өткізу үшін тіркеуші офисі тарапынан емтихан қабылдаушыға білім алушылардың академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингісі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.



35. Білім алушының пән бойынша дәрісханалық жұмысының, оқытушымен өзіндік жұмысының және аралық, қорытынды бақылау (емтихан) жұмыстарының әрқайсысы, сондай-ақ сабақтардағы әрбір жауап, тапсырылған жеке тапсырма, әрбір зертханалық жұмыс және реферат 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады. Білім алушылардың білімін бағалауда тапсырма түрінің ерекшелігі мен күрделілігін анықтайтын коэффициенттер (салмақтық үлес) беріледі. Сол тапсырма бойынша білім алушының ағымдық бақылау бағасы 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланған бағасын осы салмақтық үлеске көбейту арқылы есептелінеді (2- кестеде жеке тапсырмалар түрлері бойынша салмақтық үлестер 3-бағанда келтірілген).

36. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады. Бағалау приципі 1-қосымшада көрсетілген.

Дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау бағасы пән ерекшеліктеріне байланысты тарсырмалар түрлері бойынша бағалануы 2-кестеде берілген.

Кесте-2


Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы




Тапсырма

түрлері


Салмақтық үлесі


Орындалған әрбір тапсырма 0-100 балл (пайыз) аралығында бағаланады




Орташа арифметикалық қосынды (%)



t1- 1-ағымдық бақылау (%)

Орындалған әрбір тапсырма 0-100 балл (пайыз) аралығында бағаланады




Орташа арифметикалық қосынды (%)

t2- 2-ағымдық бақылау(%)

1

апта


2

апта


3

апта


4

апта




5

апта


6

апта


7

апта








8

апта


9

апта


10

апта


Midterm

11 апта

12 апта

13

апта


14 апта

15 апта







1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

І

Дәрісханалық жұмыс, оның ішінде


0,60







60







60

1

Сабаққа қатысу

0,15


























































2

Бақылау жұмысы





























































3

Зертханалық жұмыс





























































4

Сабақтағы белсенділік





























































ІІ


СӨЖ, оның ішінде:

0,40







40







40

1

ЕГЖ (презентация)





























































2

Үй тапсырмасы





























































3

Реферат, баяндама, курстық жұмыс
































































Ағымдық бақылау

1

























100




























100

2-кестедегі дәрісханалық және білім алушының өзіндік жұмысындағы тапсырмалардың түрлері пән ерекшеліктеріне байланысты құрылымдалады, сабаққа қатысуға 0,15 салмақтық үлес міндетті түрде беріледі, қалған тапсырмалардың тізімі мен салмақтық үлесі оқытушының таңдауымен өзгертілуі мүмкін. Дәрісханалық жұмыс бойынша қосынды салмақтық үлес 0,60-тан аспауы және білім алушының өзіндік жұмысы бойынша қосынды салмақтық үлес 0,40-тан аспауы қажет.

Есептеулерге түсіндірме: 11-бағандағы нәтиже сол тапсырма түрі бойынша әрбір аптадағы білім алушының алған бағаларының (100 пайызға дейін) орташа арифметикалық қосындысы түрінде анықталады.

Тиісті тапсырма бойынша 12-бағандағы ағымдық бақылаудың бағасы сәйкес жолдардағы 11-бағандағы орташа арифметикалық қосындының 3-бағандағы салмақтық үлеске көбейтіндісі түрінде анықталады.

Әрбір тапсырманың 12-бағандағы нәтижелері қосылып, ағымдық бақылаудың нәтижесін береді.

2-ағымдық бақылаудың қорытынды бағасы да осы тәртіппен шығарылады.

Есептеулер бүтін санға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі.

37. Білім алушының пән бойынша қорытынды бағасының 60%-ын оқытушы бағалайды (ағымдық бақылау), ал емтихан бағасы қорытынды бағаның 40%-ын құрайды, Қорытынды бақылау (емтихан) тіркеуші офисі арқылы ауызша, жазбаша немесе тест түрінде өткізіледі.

38. Жазбаша түріндегі аралық бақылауды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.

Жазбаша емтихан сұрақтары алдын ала кафедрада үш деңгейлік етіп бекітіледі де деректер қорына енгізіледі. Күрделі деңгейдегі сұрақ есеп болуыда мүмкін.



Жазбаша емтихан кезінде әрбір білім алушыға кафедрада бекітілген сұрақтар деңгейлері бойынша кездейсоқ ретпен жауап парағына шығады. Әрбір жауап парағында білім алушы туралы мәлімет штрих-код арқылы құпияланады. Бұл жауап парағында білім алушы жайлы ешқандай ақпарат болмайды. Білім алушы бар білімін осы жауап парағына түсіреді. Егер жауап парағы жетпей жатса қосымша жауап парағын компьютерлік бағдарламамен шығаруға болады. Емтиханнан соң барлық жауап парақтары жиналып осы пәннен бекітілген эксперттерге өткізіледі. Емтихан мәліметтері енгізіліп болған соң «Ведомость» бағдарламасы арқылы емтихан ведомосі шығады. Осы ведомостің нәтижесін тіркеуші офис әдіскері емтихан болған күні «Platonus» бағдарламасының мәліметтер қорына енгізеді.

39. Ауызша емтиханды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.

40. Тест түрінде өткізілген аралық бақылауда білім алушыға 20 сұрақ беріледі. Аралық бақылаудың тест түріндегі бағалау көрсеткіші 3-ші кестеде берілген.
Кесте 3

Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)


Тест балы

Әріптік жүйе

бойынша бағасы

Пайыздық құрамы, %

20

А

100

19

А

95

18

А-

90

17

В+

85

16

В

80

15

В-

75

14

С+

70

13

С

65

12

С-

60

11

D+

55

10

D

50

9-0

F

49-0


Ал, тестілеу емтиханында білім алушыға 50 сұрақ беріледі. Бағалау көрсеткіші 4-кестеде берілген.
Кесте 4
Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)




Тест балы

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Пайыздық

құрамы, %

50

А

100

49

А

98

48

А

96

47

А-

94

46

А-

92

45

А-

90

44

В+

88

43

В+

86

42

В

84

41

В

82

40

В

80

39

В-

78

38

В-

76

37

С+

74

36

С+

72

35

С+

70

34

С

68

33

С

66

32

С-

64

31

С-

62

30

С-

60

29

D+

58

28

D+

56

27

D

54

26

D

52

25

D

50

24-0

Ғ

49-0


41. Білім алушы 1-аралық бақылауды тапсырмаған жағдайда 2-аралық бақылауға жіберілмейді. Сондай-ақ, білім алушы екі аралық бақылаудың біреуін немесе екеуін де тапсырмаған жағдайда емтиханға жіберілмейді.

42. Егер білім алушы дәлелді себептермен ағымдық бақылауды мерзімінде толық тапсыра алмаған жағдайда, факультет деканының рұқсатымен ағымдық бақылауды тапсыра алады.

43. Егер білім алушы аралық бақылауды белгілі себеппен мерзімінде тапсыра алмаған жағдайда, факультет деканының рұқсатымен аралық бақылауды тапсырады. Факультет деканының өкімімен 2-аралық бақылауға дейін 1-аралық бақылауды және 2-аралық бақылауды сол пәннен емтиханға дейін тапсыра алады.

44. Пән бойынша ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы ағымдық,аралық бақылау бағаларынан орташа мән түрінде анықталады.

Пән бойынша білім алушының орташа ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингінің бағасы) 50%-дан аз болса, бұл білім алушы емтиханға жіберілмейді.



45. Қорытынды бақылауды (емтиханды) өткізу үшін тіркеуші офисі емтихан қабылдайтын оқытушыға білім алушының академиялық кезең бойында жинақтаған балы мен рейтингтік бағасын көрсететін емтихан ведомостін ұсынады.

46. Білім алушының дәрісханалық сабақтарда алған ағымдық бақылау бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40%-ын құрайды, аралық бақылау бағасы 20%-ын, емтихан бағасы қорытынды бағаның 40%-ын құрайды, яғни сәйкесінше дәрісханалық сабақтардағы ағымдық бақылаудың пайыздық бағасының орташа мәні 0,4 коэффициентке, аралық бақылаулардың пайыздық бағаларының орташа мәні 0,2 коэффициентке және емтиханның пайыздық бағасы 0,4 коэффициентке көбейтіледі.

Пән бойынша қорытынды баға келесі формуламен анықталады:


I = Cp ·0,4 + Рcp·0,2 + E·0,4
мұндағы: Ср – дәрісханалық сабақтардағы ағымдық бақылаудың пайыздық бағасының орташа мәні, ол білім алушының дәрістік, практикалық (семинар), зертханалық, сабақтарда және басқа тапсырмаларды орындағанда алған бағаларының арифметикалық қосындысының орташа мәніне тең болады;

Рср –аралық бақылаулардың пайыздық бағаларының орташа мәні, ол білім алушының екі аралық бақылауды тапсырып алған бағаларының арифметикалық қосындысының орташа мәні;

Э – емтиханның бағасының пайыздық мөлшері.

47. Емтихан аяқталған соң пән оқытушысы ведомостпен сынақ кітапшасына білім алушының алған бағасын толтырып, қол қояды және емтихан ведомостін тіркеуші офисіне қайта өткізеді. Көшірмесі деканатқа тапсырылады. Емтихан ведомостері негізінде деканатта білім алушылардың жиынтық бағалары даярланады.

48. Егер білім алушы емтихан кезінде «қанағаттанарлықсыз» баға алса, онда сол пәннің толық курсын игеру үшін жазғы қосымша семестрге ақылы негізде қайта оқуға қалдырылады.

49. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы қосымша семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

50. Егер білім алушы оқу бағдарламасын толық көлемде орындай отырып, емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Білім алушының дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіледі. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «келген жоқ» белгісі «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы жазғы семестрде жүзеге асырылады.

51. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушы емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға өтініш беруге құқы бар.

Апелляция нәтижелері хаттамамен ресімделеді және оның шешімі негізінде сол пән бойынша апелляциялық емтихан ведомосы шығады.

52. Білім алушы дәлелді себеппен емтиханға келе алмаған жағдайда, жеке кестеге сәйкес емтиханды тапсыруға рұқсат беріледі.

53. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан нәтижелері 1-кестеге сәйкес әріптік балдық-рейтингтік жүйе негізінде жоғарыда көрсетілген тәртіпке сәйкес бағаланады.

54. Әрбiр оқу жылының аяғында білім алушының оқу жетістіктері бойынша үлгерімнің орташа балы – GРА есептелiп шығарылады. GРА былайша анықталады: оқу пәніне берілген кредит көлемі мен білім алушының сол пәннен алған қорытынды балының (1-ші кестеде берілген) көбейтіндісі оқу жылына жоспарланған барлық пәндер бойынша қосылып, сол пәндердің жалпы кредитінің санына бөлінеді. Формуласы:



;

Мұндағы - әрбір пән бойынша кредиттердің саны, - білім алушының әрбір пәннен алынған қорытынды балы.

Білім алушының курстан курсқа өту балы GРА болып табылады. Ғылыми кеңестің шешімімен білім алушыны курстан курсқа өту балы (GPA) белгіленген (кесте 5,6,7).

Бакалавриат

Кесте 5


Курс

Өту балы

GPA

Әріптік бағалау жүйесі бойынша

1-курстан 2-курсқа

1,5

D+

2-курстан 3-курсқа

1,67

C-

3-курстан 4-курсқа

1,84

C-

4-курстан 5-курсқа

1,9

C-


Магистратура

Кесте 6

Курс

Өту балы

GPA

Әріптік бағалау жүйесі бойынша

1-курстан 2-курсқа

2,0

С



Докторантура

Кесте 7

Курс

Өту балы

GPA

Әріптік бағалау жүйесі бойынша

1-курстан 2-курсқа

2,0

С

2-курстан 3-курсқа

2,33

C+

55. Өту балын алған білім алушылар факультет деканының ұсынысы негізінде университет басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

56. Ең төменгі өту (GPA) балын ала алмаған білім алушы оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

57. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

58. Қайта тапсырылған емтиханнан қанағаттанарлық нәтиже алған жағдайда қорытынды баға қайта есептеліп, ол емтихандық ведомосы мен сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады.

59. Орташа үлгерім балын есептеуде әр пән бойынша соңғы бағалар есепке алынады.

60. Транскрипке білім алушының қайта тапсырған емтихандарының оң нәтижелерімен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады.

61. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.

62. Бітіруші курстың білім алушысы жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.

63. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша білім алушылардың білімі 1-кестеге сәйкес әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.

64. Өту балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар білім алушы сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

65. Емтихан сессиясының қорытындысы және оқу үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін кафедра, факультет мәжілістерінде, университетің Ғылыми Кеңесінде талқылануға ұсынылады.

66. Университет емтихан сессиялардың (қысқы және жазғы) қорытындысы бойынша білім саласындағы өкілетті органға тиісті нысанда электронды және қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді.

67. Академиялық қарызы үшін білім алушы унверситеттен шығарылмайды. Егер курстан курсқа өту балын білім алушы жинақтай алмаса, ол сол курсқа қайта қалдырылады. Бұл жағдайда білім алушы жеке оқу жоспарын толықтырады немесе жаңа жеке оқу жоспарын жасайды.

68. Мемлекеттік білім гранты есебінен оқитын білім алушы курстан курсқа өту балын жинақтай алмаса, яғни, сол курсқа қайта қалдырылса, мемлекеттік білім грантынан айырылып, ақылы негізде оқуын жалғастырады.

69. Мемлекеттік білім грантында оқитын білім алушы курстан курсқа өту балын жинақтап, бірақ пәндерден академиялық қарызы болса, онда ол грантын сақтай отырып келесі курсқа көшіріледі. Ал академиялық қарызын ақылы негізде қайта оқып тапсырады.

70. Мемлекеттік білім грантында оқитын білім алушылардың емтихан тапсыру нәтижелері «А», «A-» «B», «B+», «B-» аралығында болған жағдайда оларға ректордың бұйрығымен шәкіртақы тағайындалады.

71. Барлық оқу мерзімі бойынша емтихандарды «А», «A-» «B», «B+», «B-» бағаларымен тамамдаған, қорытындысында үлгерімінің орташа балы 3,5 және одан жоғары болатын, мемлекеттік емтихан мен қорытынды жұмысты (дипломдық жұмысты, жобаны) «өте жақсы» деген бағаға (А, А-) тапсырған студентке үздік диплом беріледі.

Ереже университеттің Ғылыми-әдістемелік Кеңесінде қаралып мақұлданды.

№ хаттамасы

ОҚУ САБАҚТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу процесі №152 «Жоғары оқу орындарында оқитындардың сабақ үлгеріміне бақылау жасау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің типтік ережелеріне», ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына, жоо Жарғысына, университет ректорының (проректорының) бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүргізіледі.
1. Оқу сабақтарын ұйымдастыру
Оқу қыхметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүргізіледі.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу сабақтары оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректормен бекітілген сабақ кестелеріне қатаң сәйкестікте өткізіледі.

Аудиториялық сабақтардың кестеге сәйкес өткуіне тексеру жүргізу жоспарлы түрде жүргізіледі:


  1. Оқу процесін ұйымдастыру бөлімінің (ОПҰБ) қызметкерлерімен;

  2. деканат қызметкерлерімен;

  3. кафедра меңгерушілерімен,

Оқу сабақтарының мониторингі бейнебақылау арқылы да өткізіле алады.

Тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктер сабақтың бұзылуы немесе болмай қалуы болуы мүмкін.



Бұзылуы - оқытушының кестедегі оқу сабағына 5 минуттан аса кешігуі, сабақты уақытынан бұрын аяқтау, оқу сабағын бөгде адамның өткізуі (жоқ оқытушының орнына кафедра меңгерушісінің ұсынысына сәйкес басқа оқытушымен ауыстырудан бөлек), дәлелсіз себептермен сабақ күнін, уақытын немесе аудиторияны ауыстыру .

Болмай қалу өтілмеген сабақ (студенттердің немесе оқытушының келмей қалуы).
2. Оқытушылардың міндеттері


  1. Сабақты кестеде көрсетілген уақытта, лекцияға (семинарлық, зертханалық сабақтар) қатысушы студенттердің санына қарамастан бастау.

  2. Студенттер сабақ басталғаннан кейін 15 минут бойына сабаққа толық қатыспаған кезде оқытушы бұл туралы факультет деканатына мәлімдеме жасап, әрі қарай басшылықтың нұсқаулығымен әрекет етуі тиіс.

  3. Барлық оқу сабақтарының түрлерін өткізу барысында оқытушы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және Студенттің ар-намыс кодексін бұзуға әкелетін іс-әрекеттер жасамауы тиіс.


3.Оқу сабақтарын жүргізу тәртібі


  1. Оқу процесін ұйымдастыру бөлімінің (ОПҰБ) қызметкері деканат қызметкерімен бірге сабақ кестесі негізінде оқу сабақтарына тексеру жүргізуге мсіндетті.

Оқу процесінің сәйкессіздік фактісі анықталған кезде ОПҰБ қызметкері оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректордың атына мәлімдеме жазуға (1 Қосымша) және түпнұсқасын Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорына, мәлімдеме көшірмесін – факультет деканына немесе деканның орынбасарына беруге тиіс. ОПҰБ қызметкерінің оқу сабақтарының сәйкссіздігі туралы мәлімдемесінде келесі ақпараттар болуы тиіс:

  1. сабақтың өту күні мен уақыты, кесте бойынша оқытушының ТЕӘ, пәннің атауы, оқу сабағының түрі, аудитория;

  2. сәйкессіздік түрі көрсетілсін (бұзылуы, болмай қалуы);

  3. мәлімдеме соңында тексеру күні және тексерушінің, деканат қызметкерінің (немесе декан орынбасарының) визасы тұруы тиіс.

  1. Сәйкессіздік анықталған жағдайда оқытушы оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректордың атына себептерін көрсетіп, түсініктеме беруі тиіс, оған кафедра меңгерушісі қолын қояды.

  2. Оқу процесіне сәйкессіздік фактісі бірінші рет анықталған кезде факультет деканы шара көреді.

  3. Оқу процесіне сәйкессіздік бірнеше рет анықталған кезде академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры оқу процесін бұзған оқытушымен әңгімелесу өткізіп, себебін анықтайды, оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректордың атына мәлімдеме жасап, тиісті шара қолдану туралы ұсынысын көрсетеді.

  4. Оқытушы түсініктеме беруден бас тартқан кезде ОПҰБ қызметкерлері тиісті акті жасайды (2 Қосымша).

  5. Берілген ақпаратқа талдау жасау негізінде оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор факультет деңгейінде әкімшілік шара қабылдау немесе университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне беру туралы шешім қабылдайды.

1 Қосымша

Оқу ісі жөннідегі проректорға

ОПҰБ-нен_________________________

___________________________

(т.е.ә.)
Мәлімдеме


___________________________________ факультетінің оқу сабақтарына «___»_______201__ж. сағ. _____ тексеру жүргізген кезде _____________________________________кафедрасының __________________________ академиялық тобында _____________________________ пәні бойынша оқытушы _____________________________________ оқу сабағын (лекциялық, практикалық, СОӨЖ, зертханалық) өткізбегені/бұзғандығы тіркелгені туралы Сіздің назарыңызға жеткіземін.
Күні

Уақыты


Тексерушінің лауазымы, қолы

Деканат қызметкерінің лауазымы, қолы


2 Қосымша


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қызылорда қ-сы, «_____» _______________20__ ж.

Оқу процесінің сәйкессіздігі анықталғаны туралы

АКТІ

Біз, төменде қол қоюшылар

______________________________________________________________

(Т.Е.Ә., қызметі, құрылымдық бөлімше)

_______________________________________________________________

(Т.Е.Ә., қызметі, құрылымдық бөлімше)

_______________________________________________________________

(Т.Е.Ә., қызметі, құрылымдық бөлімше)

_______________________________________________________________

(Т.Е.Ә., қызметі, құрылымдық бөлімше)


«_____» _______________20__ ж.

төмендегілер туралы осы актіні жасадық:


______________________________________________________________

_______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________


Осы уақытқа дейін оқытушы түсініктемесін ұсынған жоқ.
Акті жасаған тұлғалардың қолдары:
___________________________(қолы)_______________________________

___________________________(қолы)_______________________________

___________________________(қолы)_______________________________

___________________________( қолы)______________________________

___________________________(қолы)_______________________________

Осы актімен таныстырылды:


________________________( қолы)_________________________________

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


      1. Жалпы ережелер




    • 1. Ережелер университеттегі оқытудың кредиттік жүйесі бойынша іске асырылатын жоғары білімнің кәсіби оқыту бағдарламасы мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімнің бірыңғай талаптарын айқындайды.

    • 2. Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде алынатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады.

    • 3. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ)

  • бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (ОДӨЖ) болып бөлінеді.

Білім алушының өзіндік жұмысы оқу жоспарына сәйкес белгілі бір пәнді меңгеру барысында алған білімнің сапасын, тереңдігі мен беріктігін арттыруға, сонымен болашақ кәсіби қызметінде де қолдана алатын студенттің өзіндік іздену, өзіндік даму мен өзіндік жетілу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады.

4. Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу үрдісін ұйымдастырудың басқа да түрлерімен өзара байланысын көздейді, атап айтқанда:

- пән тақырыптарын меңгерудегі білім алушының өзіндік жұмысы орнының айқындалуы;

- дәрістік және тәжірибелік сабақтардың білім алушының өзіндік жұмысына бағытталуы;

- білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру түрінің, әдіс-тәсілдерінің таңдалуы;

- білім алушыларға өзіндік жұмыс тапсырамаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың жасалуы;

- білім алушының өзіндік жұмысын сабақтардың басқа түрлерімен үйлестірілуі.
5. Білім алушылар өзіндік жұмысты ұйымдастыру ережелерін, нормалары мен талаптарын білуі тиіс.

6. Өзіндік жұмыс барысында білім алушы оқу үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде еркін түрде сыни және креативті ойлау, өзінің пікірін дәлелдеп қорғау дағдыларына ие болады.

7. Өзіндік жұмыс түрлері, олардың еңбек сыйымдылығы, формалары мен бақылау мерзімдері әр пәннің силлабусында көрсетіледі. БӨЖ түрлері мен формаларының мысалдары:

- Реферат – әдебиеттерге міндетті түрде шолу жасай отырып, мәселені жазбаша мазмұндау немесе ғылыми жұмыстың, кітаптің мазмұнын талдай отырып баяндау.

- Коллоквиум – оқу материалын меңгеру сапасын анықтау мақсатымен пәннің оқылған тақырыптары бойынша сұхбаттасу түрінде өткізілетін білім алушының өзіндік жұмысын бақылау формасы.

- Эссе – сын, публицистика және сол сияқты т.б. жанрдағы өзекті мәселе бойынша өзінің жеке көзқарасының жазбаша түрдегі мазмұндамасы.

- Мақсаттар ағашы – мәселені таңдап, деңгей бойынша мақсаттарын белгілеуді; барлық деңгейдегі тапсырмалар мен оларды орындау алгоритмін анықтауды; мақсатқа жету жолдарын анықтауды; жұмыс сапасының көрсеткіштері мен тапсырманы бақылау түрлерін таңдауды көздейтін тапсырма.

- Презентация – белгіленген мәселе бойынша негізгі қағидаларды слайд, бейнеролик және т.б материалдар арқылы көрсете отырып жасайтын ауызша баяндама.

- Жағдаяттық тапсырма – әртүрлі жағдайлардың сипаттамасы мен оларға байланысты тапсырмалар тізімдемесі.

- Іскерлік ойындар – білім алушының болашақ кәсіби қызметіне байланысты дағдыларды қалыптастыруға бағыттылған және алдын-ала дайындық пен өз бетінше аяқтауды талап ететін кез-келген процестің имитациясы.

- Топтық жоба – 3-5 білім алушыдан тұратын топтың жоба жасауына арналған тапсырма.

- Жеке жоба – дайындық деңгейі жоғары білім алушылар үшін өзекті тақырып бойынша зерттеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма.

- Глоссарий (тізбек сөздер) – берілген тақырып бойынша терминдер мен түсініктердің қысқаша анықтамасы.

8. Әр пән бойынша өзіндік жұмыс түрлері мен формалары пәннің ерекшелігіне, мақсат-міндеттеріне, күрделілігі мен өзектілігіне, білім алушылардың дайындық деңгейіне, пәннің еңбек сыйымдылығына қарай анықталады.

9. Білім алушының өзіндік жұмысының технологиялық элементтері ретінде өзіндік жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру, оның орындалуын бағалау мен бақылау, БӨЖ-ді талдау мен жетілдіру болып табылады.

10. Білім алушының өзіндік жұмысын факультет, кафедра, әр оқытушы сәйкес келетін оқу-әдістемелік құжаттарды жасау арқылы жоспарлайды.

11. Білім алушының өзіндік жұмысын деканат, оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі, кафедра және осы академиялық топта сабақ беретін оқытушы үйлестіріп отырады.

12. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент БӨЖ-дің әдістемелік қамтамасыз етілу мәселелері бойынша оқытушы-профессорлық құрамы үшін семинарлар өткізіп кеңес береді, БӨЖ формалары мен түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсыныстарды сараптайды, білім алушылардың үлгерімін талдау негізінде БӨЖ ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды.

13. Деканат аудиториялық қорды ескере отырып, ОБӨЖ және оқытушылардың кеңес беру кестелерінің оңтайлы құрастырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімін бақылап отырады.

Кафедра:


- кредиттің анықтамасына сәйкес дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар мен БӨЖ арасындағы оптималды қатынастың анықталуын;

- дәріс, практикалық, зертханалық сабақтар мен БӨЖ мазмұны және көлемінің құрылымдануын;

- білім алушылардың әр тақырып бойынша білімін бағалау критерийлерінің құрастырылуын;

- оқу жұмыс жоспарында бекітілген көлемдегі пәннің оқу жұмыс бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді

14 Оқытушы:

- БӨЖ ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік материалдардың және әдебиеттер көздері бойынша ұсыныстардың жасалуын;

- тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптардың, әр БӨЖ тапсырмасы бойынша бақылау мерзімдері мен түрлерінің, бағалау көрсеткіштерінің жасалуын;

- білім алушар өзіндік жұмысының, оның ішінде тапсырмалардың түрлері мен күрделілік деңгейі бойынша дифференциациялануын қамтамасыз етеді.

15. Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы оқытушының негізгі міндеті:

- білім алушының оқу, ғылыми-зерттеу, практикалық жұмыстарын өз бетінше атқару дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау;

- білім алушылардың кәсіби, ғылыми және тәжірибелік қызығушылығын дамытуға мүмкіндік туғызу;

- болашақ мамандардың кәсіби маңызды қабілеттері, білімдері мен дағдыларының қалыптасуына себепкер болу;

-білім алушылардың тұлғалық шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.
2. Білім алушының өзіндік жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар
16. Өзіндік жұмыстың мазмұны академиялық кезеңдегі өзіндік жұмыстың көлемін, тапсырмалардың саны мен сипатын, олардың еңбек сыйымдылығы мен орындалу мерзімдерін, ағымдағы және аралық бақылау түрлерін көрсету арқылы оқу-әдістемелік кешенде, силлабуста анықталады.

17. БӨЖ тапсырмаларын рәсімдеу талаптары:



  • пәнді оқудың толық кезеңіне арналған БӨЖ кестесі;

  • пәннің негізгі бөлімдеріне сәйкес тапсырмалар жүйесі;

  • рефераттар, баяндамалар, эссе, есептер және т.б. тақырыптары;

  • БӨЖ тапсырмаларының мазмұнына, көлеміне және рәсімделуіне қойылатын талаптар;

  • негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;

  • кеңестік жәрдем түрлері;

  • бағалау критерийлері;

  • жұмыстың тапсырылу мерзімі.

18. Өзіндік жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптар:

  • тапсырманы немесе ұжымдық жұмыстың бір бөлігін студентжеке өз бетімен орындау

керек;

  • белгілі тақырып немесе оның бір бөлігі бойынша өзекте мәселелер талқыланып шешімі шығарылатын толығымен аяқталған жұмыс (немесе бір сатысы) болып табылу керек;

  • қарастырылып отырған мәселені шешудегі автордың құзыреттілігін көрсете білу

керек;

  • оқу, ғылыми және/немесе практикалық бағдар мен маңыздылыққа ие болу керек;

  • белгілі бір ғылыми жаңалық элементтері (егер де ол ғылыми-зерттеу еңбек болса) болу керек.

19. Білім алушының өзіндік жұмысын қабылдап бағалау кезінде қойылатын шарттарды міндетті түрде көрсету керек, яғни:

  • қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес тақырыбы көрсетілген жұмыс мазмұнының толықтығы мен тереңдігі бағаланады;

  • әдеби дерек көздерге шолу жасау дәрежесі бағаланады;

  • жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі бағаланады;

  • материалды нақтылығы мен сауаттылығы бағаланады;

  • жұмыстың қорытындысы мен талдау дәрежесі бағаланады;

  • пәннің теориялық мәселелерін қорытындылау қабілеті бағаланады;

  • тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы бағаланады;

  • қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы бағаланады;

-қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады;

  • өз көзқарасын дәйектей алуы бағаланады;

  • және т.б.

20. Пәнді оқытудағы бір семестрдегі БӨЖ тапсырмаларының саны 5-тен аспауы керек.

21. Әр БӨЖ тапсырмасы оқытушының белгілеген балы бойынша бағаланады.

22. Әрбір білім алушы академиялық кезең басталғанға дейін БӨЖ-ді орындау туралы қағаз немесе электронды тасымалдағыштардағыәдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Онда тапсырмалардың мақсаты, тақырыптары мен мазмұны; ұсынылатын әдебиеттер тізімі; есеп формалары мен бақылау кестесі; бағалау талаптары көрсетулге тиіс.

23. Пәнді оқытудың тиімділігі үшін білім алушының өзіндік жұмысын келесідегідей ұйымдастыруға болады:

- негізгі қызмет білім алушыға жүктелетін аудиторияда тыс жұмыс (дәріс, практикалық және зертханалық сабақтарға дайындық, рефераттар мен баяндамалар жазуы, презентация дайындау, есеп шығару, басқа да үй тапсырмаларын орындау);

- негізгі қызмет білім алушымен қатар оқытушыға жүктелетін белсенді түрдегі аудториялық жұмыс (үй жұмысына дайындалумен қатар, сабақ кезіндегі жұмыс – тренинг, диспут, іскерлік ойындар, презентациялар, логикалық есептер, кейстер және т.б.).

24. БӨЖ-дің орындалуы мен ұйымдастырылуын бақылау кафедраның БӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

25. БӨЖ-ді орындау мен ұйымдастырудың барлық түрі кеңес беру, аралық бақылау есептері, оқытушының БӨЖ тапсырмаларын қабылдау және т.б. кестелердің, жеке пәндер бойынша БӨЖ бақылау журналдарының болуын талап етеді.

26. Білім алушының өзіндік жұмысының жалпы көлеміне оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) кіреді.

27. ОБӨЖ көлемі БӨЖ-дің жалпы көлемінің 25-50% құрайды және оқытушының академиялық мерзімдегі педагогикалық жүктемесі бойынша анықталады:жүктеме 1-4 кредит болған жағдайда офис-сағаттар саны аптасына 1 академиялық сағатын құрайды, сәйкесінше 5-9 кредит – 2 сағат, 10-15 кредит – 3 сағат.

28. Кәсіби пәндер бойынша ОБӨЖ академиялық топтарда, жалпыға міндеттер пәндер бойынша білім алушылардың саны 50-ден аспайтын академиялық ағымдарда ұйымдастырылуы тиіс.

29. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысының кестесі негізгі оқу кестесінен бөлек құрастырылады.

30. ОБӨЖ барысында үй жұмысын, курстық, семестрлік және бақылау жұмыстарын, есептер мен басқа да тапсырмаларды орындау бойынша кеңес беріліп, ағымдағы және аралық бақылау жүргізіледі.

31. Егер БӨЖ тапсырмасының орындалуы қиындық тудырмаса, білім алушы кестеге сәйкес ОБӨЖ сабағына қатыспауына болады.

32. ОБӨЖ кестесінде көрсетілген уақытта оқытушының аудиторияда болуы міндетті.

33. ОБӨЖ семинарлар, практикалық немесе зертханалық сабақтарға алмастырылмайды.

БІЛІМ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУГЕ ЖӘНЕ САРАПТАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
ТЕРМИНДЕР, АНЫҚТАМАЛАР, ҚАСҚАРТУЛАР
Осы Әдістемелік ұсынымдарда келесі негізгі терминдер, анықамалар мен қысқартулар қолданылады:

Біліктілік – кәсіби қызметтің нақты түрін немесе нақты еңбек міндеттерін орындауға даярлау (дайындық) деңгейінің сипаттамасы;

Біліктілік деңгейі – қызметкердің құзыреттеріне қойылатын талаптар жиынтығы, еңбек әрекеттерінің стандарттантыс, күрделілік, жауапкершілік пен өз бетіндік параметрлері бойынша жіктелінеді;

Құзыреттілік – білімді, икемділік пен тәжірибені еңбек қызметінде қолдана білу қабілеті;

Біліктіліктердің ұлттық шеңбері – еңбек рыногында мойындалатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдандырылған сипаттамасы.

Кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі бар (ұқсас немесе жауық бағыттар, нысандар, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) және еңбек атқарымдары мен оларды орындауға арналған ұқсас құзыреттіктер жиынтығын көздейтін салалық еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

Кәсіби қызмет нысаны – ықпал ету бағытталған жүйелер, нысандар, құбылыстар, үдерістер;

Негізгі білім бағдарламасы (оқыту деңгейоері бойынша) – оқу жоспарын, оқу курстарының, сабақтардың, пәндердің (модульдердің) жұмыстық бағдарламаларын және білім алушыларды тәрбиелеу мен даярлау сапасын қамтамасыз ететін басқа материалдарды, сондай-ақ оқу және өндірістік іс-тәжірбелердің бағдарламаларын, күнтізбелік оқу кестесін (академиялық күнтізбе) және тиісті білім технологиясын іске асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік құралдарды қамтитын оқу-әдістемелік құжаттамалар жиынтығы;

Кәсіби стандарт – нақты кәсіби қызмет саласында біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасы мен жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

Кәсіп – еңбек қызметінің түрі, арнайы даярлық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде алынған арнайы теориялық білімдер мен іс-тәжірибелік дағдылар кешенін игеруді талап етеді;

Бейін – білім бағдарламаларының нақты бағытын айқындайтын, кәсіптің өзіне тән негізгі сипаттарының жиынтығы (даярлық, мамандықтар, маманданулар бағыттары);

Оқыту нәтижелері – игерілген білімдер, икемдіктер, дағдылар мен меңгерілген құзыреттіліктер;

Еңбек атқарымы –бизнес-процестерді айқындайтын еңбек әрекеттері мен оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін интеграцияланған және салыстырмалы автономды жиынтықты білдіретін еңбек қызметінің құрамдас бөлігі;

Білім деңгейі – нақты көлем мен күрделілік деңгейіндегі аяқталған білім циклының нысандандырылған көрсеткіші, оның негізгі сипаттамалары федералды мемлекеттік білім стандартымен айқындалады.

Осы әдістемелік ұсынымдарда мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес келесі қысқартулар қолданылады:



МЖБС (ГОСО) – мемлекеттік жалпы білім беру стандарты

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ББ –білім бағдарламасы

ТОЖ – типтік оқу жоспары

ПОӘК пәннің оқу-әдістемелік кешені
1. Қолдану саласы

Осы әдістемелік ұсынымдар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жоғары және жоо кейінгі білімінің білім бағдарламаларын жасау, бекіту және сараптау ережелерін айқындайды.

Әдістемелік ұсынымдар университет кафедраларында қолданылуға міндетті.
2. Нормативтік сілтемелер

Осы әдістемелік ұсынымдар:



  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ЗРК «Білім туралы» Заңына (03.12.2015ж өзгертулер мен толықтырулары арқылы);

  • ҚР Үкіметінің 2012 ж. 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген жоғары және жоо кейінгі білімнің Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына (ҚР Үкіметінің 13.05.2016ж №292 қаулысымен редакцияланған);

  • Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 16.10.1999 жылғы №22 Қаулысымен бекітіліп, іске енгізілген Қазақстан Республикасының 01-99 «Сабақтар жіктеуіші» Мемлекеттік Жіктеуішіне;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі №444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі №373-ө-м бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберлеріне;

  • Қызмет бағыттары бойынша кәсіби стандарттарға;

  • ҚР БҒМ-ң 2011 ж. 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік ттехнологиямен оқыту бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелеріне (28.01.2016ж. өзгертулер мен толықтырулар арқылы) сәйкес әзірленді.


3. Жалпы ережелер

Жоғары және жоо кейінгі білім МЖБС сәйкес университеттің бітіртуші кафедралары мамандықтар бойынша оқыту нәтижесіне бағдарланған білім бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.

Білім бағдарламаларын әзірлеу жұмыс берушілермен бірлесіп бітіртуші кафедрамен жүргізіледі.

Білім бағдарламалары оқу жылының басында әзірленеді. Білім бағдарламаларын қайтадан бекіту білім саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер өзгерген кезде жүргізіледі.

Білім бағдарламаларының құрылымы, жасау тәртібі, қайта қарау, сараптау Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Академиялық мәселелер департаментімен жұмыс берушілердің келісімі арқылы айқындалады.

Білім бағдарламаларын Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор бекітілген тәртіпте, жұмыс берушілердің және Даярлық бағыттары бойынша академиялық кеңестің келісімі арқылы бекітеді.

Білім бағдарламаларының сапасына бітіртуші кафедра жауапкершілік арқалайды.
4. Білім бағдарламасын әзірлеу тәртібі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет