3. Мамандық бойынша бітірушінің құзыреттері
Бұл бөлімде мамандық бойынша бітірушінің білім бағдарламасын игеру нәтижесінде қалыптасатын құзыреттерін сипаттау қажет.
4. Білім бағдарламасының мазмұны қамтиды:
- типтік оқу жоспарын
- модульдер сипаттамасын (2 Қосымшаға сәйкес)
- білім бағдарламасымен қалыптасатын жалпы құзыреттер
- білім бағдарламасының модульдері бойынша игерілген кредиттер көлемін көрсететін жиынтық кесте (3 Қосымша)
6. Білім бағдарламасының сараптамасы
Білім бағдарламасының сапасын жетілдіру және қамтамасыз ету мақсаттарында әзірленген бағдарламаларға еңбек рыногының сұраныстарына сәйкестігіне, білім технологияларын пайдалануына, оның ішінде студенттердің жетістіктерін бағалау әдістемесін қоса алғанда, сондай-ақ осы бағдарламаның өзектілігін ескере отырып, жұмыс берушілердің қатысуымен сыни талдау және сараптама жүргізіледі.
Сараптамаға тартылады:
жұмыс берушілердің өкілдері, өйткені нақ солар бағдарламаны игерудің жарияланған нәтижелері кәсіби стандарттардың талаптарына және оларда түзілген маманға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін өзгелерден бұрын жақсы бағалай алады;
білім алушылардың (студенттер, магистранттар, докторанттар) немесе бітірушілердің өкілдері, өйткені олар білім беру қызметтерін тікелей тұтынушылардың пікірлерін көрсетеді;
білім бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруға қатысатын оқытушы-профессор құрамы, өйткені нақ солар оның дидактикалық дұрыстығын бағалай алады.
Білім бағдарламаларын сараптаған кезде ББ қойған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы, ББ құрудың толықтығы мен қисындылығы, сондай-ақ оқыту нәтижелеріне жету бағаланады.
Сараптама қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар беріледі:
- білім бағдарламасы бекітілсін /мақұлдансын;
- әлде де тиянақтау жүргізілсін.
Приложение 1
Достарыңызбен бөлісу: |