химиялық әсерлерінен қорғайды.Кілегейлі қабықтың меншікті
пластинкасы борпылдақ
талшықты дәнекер тінінен түзілген, құрамында дәнекер тіндік перделермен бөлінген
асқазан бездері бар.Асқазан бездерінің негізгі үш түрі ажыратылады: меншікті
бездер,пилорикалық және кардиальды бездер.Әр бездің құрылысынан түбі,денесі және
мойыны ажыратылады.Денесі мен түбі
бездің секреторлы бөлігі,мойыны шығарушы өзегі
болып табылды. Асқазанның меншікті бездері
–
саны
жағынан ең басымы,құрылысы
бойынша қарапайым тармақталған түтікшелі бездер. Олардың шығару өзектері асқазан
шұңқырларына ашылады.Асқазанның меншікті бедерінен безді жасушалардың 5 түрі
ажыратылады:басты экзокриноциттер,
париетальды экзокриноциттер, шырышты мойын
мукоциттері,эндокринді жасушалар және аз дифференцияланған эпителиоциттер. Басты
экзокриноциттер
бездің денесі мен түбі аймағында шоғырланады.
Басты жасушалар
қызметі бойынша пепсиноген мен химозин бөліп шығарады.Париетальды экзокриноциттер
көлемі бойынша басты жасушалардан үлкен,қисық пішінді және бездің денесі мен
мойынында жеке-жеке орналасады. Қызметі бойынша тұз қышқылы мен Кастл факторын
түзеді.Мойын мукоциттері
меншікті бездердің тек мойын аймағында ғана таралған,қызметі
бойынша шырыш бөліп шығарады. Пилорикалық бездер – асқазанның он
екі елі ішекпен
байланысқан аймағында орналасқан.Басқа бездерден сирек орналасуымен,көбірек
тармақталуымен,саңылаулары кең және құрамында париетальды жасушалардың
болмауымен ерекшеленеді.Кардиальды бездер – соңғы бөлімдері
тармақталған қарапайым
түтікшелі бездер тобы.Бездің мойын бөлігі басқа бездерден қысқа болуымен ерекшеленеді
және олар призмалық жасушалардан түзілген.Кілегейлі қабықтың бұлшықеттік
пластинкасы тегіс салалы бұлшықет тінінен түзілген үш қабаттан тұрады: ішкі және
сыртқы
айналмалы,ал ортаңғысы бойлай бағытталған. Қызметі бойынша бұлшықетті
пластинка жиырылу арқылы асқазан бездерінен сөл бөлінуіне ықпал етеді.Асқазанның
шырыш асты негізі эластин талшықтарына бай борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тінінен
түзілген.Қызметі – кілегейлі қабықтың қозғалғыштығын қамтамасыз
еті және құрамында
көптеген артерия мен веноздық өрімдер, лимфа тамырларының торы мен жүйке ұштары
бар.
Достарыңызбен бөлісу: