Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
№ 6-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы бөлімшеше, барлаудағы бөлімше. 4 сағат
1.Взвод шеруі мен жорық күзетінің негіздері
2.Шерудегі взводтық жорықтың реті — лек
3.Шерудегі взводтың жаппай жою қаруларынан қорғану және химиялық қамтамасыз етілуі
1.Взвод шеруі мен жорық күзетінің негіздері
Қазіргі жағдайда шеру — негізгі қозғалыс тәсілі және әскердің маневрі жоғары ұрыстық әрекетінің құрамдас бөлігі. Осыған байланысты шерудің жеңіске жетудегі шешуші күштерінің бірі ретінде маңызы күрт артьш келеді.
Мотоатқыштар мен танк бөлімшелері әрқашанда шеру жасауға (өз бетінше қозғалыс) және көліктің кез келген түрімен тасымалдауға дайын болуы тиіс. Шеруді жүзеге асыру кезінде шынжыр табанды техника, сондай-ақ қозғалысы баяу болып саналатын техникалар тасымалдануы мүмкін.
Шерудің негізгі мақсаты — қарсыласқа шабуыл арқылы ұрыс міндетін орындау үшін, ұрыста қимыл үстіндегі әскерді күшейту үшін, қарсылас соққысын тойтару немесе ұрыс қабілетін жоғалтқан әскерлерді ауыстыру үшін берілген шепте немесе көрсетілген ауданда әскерлерді дер кезінде шоғырландыру. Шеру, сондай-ақ толықтыру, қалыптастыру, әр түрлі жұмыстар мен демалыс өткізу үшін жаңа ауданға шығу мақсатында да жүргізілуі мүмкін. Қазіргі заманғы ұрыс жағдайында авиация санының көптігін, диверсиялық топтар мен әуе десанттары кең қолданылатынын, ұрыс жүргізудін ошақтық сипатының мүмкін екенін ескере отырып, шерудегі әскер үнемі жоғары ұрыстық қимылдарды дереу жүргізуге қабілетті болуы тиіс. Барлық жағдайларда шеру — жасырын, көрінуі шектеулі жағдайда жүзеге асырылады. Жағдайға сәйкес шеру жасайтын әскерлер көрсетілген аудан немесе шепке дер кезінде және ұрыстық міндетті орындауға толық дайын болуы тиіс.
Ұрысқа кірер алдында шеру жасағанда, оның барлық ұйымдастырушылары алдағы ұрысқа бағынышты болады. Бұл жағдайда жорықтық ретке тұру алдында ұрыс мәнісіне толық жауап беру, қарсыласқа атыс соққысын беру, ұрыстық ретке тез жазылу және қарсыласқа жүріс барысында жойқын соққы беруді жүзеге асыруды қамтуы тиіс. Мұндай шеру қозғалыстың жоғары қарқынына ие, өйткені ол авиацияның, артиллерияның және қарсыластың басқа да атыс құралдарының соққысына тап болады. Бұл жағдайда взвод бас (бүйір, тыл) жорық заставасына бекітілуі мүмкін, ал кейде қозғалатын лекке қарсыластың кенеттен шабуылдауына жол бермеу, оның жер үсті барлауының енуін болдырмау және ұрысқа басты күштердің кіруіне ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында қозғалмайтын бүйір заставасына немесе бас шолғынға бекітіледі.
Қарсыласпен қақтығысу қатері жоқ жағдайда шеру жасау кезінде жорық реті қозғалыс ыңғайлылығын, шерудің жоғары жылдамдығына қол жеткізу, жеке құрамның күшін мейлінше аз қолдану және ұрыстық техниканы сақтауды есепке ала отырып құрылады.
Мотоатқыш (танк) взвод рота легінде немесе өз бетінше жорықтық күзетте шеру жасайды. Лектегі машиналар мен взводтар арасындағы қашықтық — 25 — 50 м.
Көруі шектеулі жағдайда, көктайғақта, сондай-ақ жоғары жылдамдықпен қозғалған кезде арақашықтық ұлғаяды.
2. Шерудегі взводтық жорықтың рет і– лек.
Ол қозғалыстың жоғары жылдамдығын және ұрысқа кіру, ұрыстық ретте тез жазылуды қамтамасыз етуі тиіс. Шерудегі взводтық жорықтық ретке нақты тізілуі міндетке, басқа взводтарға қатысты алғанда орналасу орны, жағдайға, күшейту құралдарының болуына, сондай-ақ жолдардың жай-күйіне және жүргізуші-механиктердің дайындық деңгейіне байланысты болады.
Шеру жүргізудегі ұйымшылдықтың, тәртіптің, басқарудың жоғары деңгейін қолдау үшін бастапқы пункт, реттеу пункті, демалыс аудандары мен аялдамалар анықталады. Бастапқы пункт пен реттеу пункті шеруді дәл уақытында бастау және қозғалыс жылдамдығын реттеу үшін белгіленеді. Бастапқы пункт бөлімшелер легінің түзуленіп созылуын қамтамасыз ететін, қашықтықтағы күндіз де түнде де жақсы көрінетін бағдарға жақын жерден тандалып алынады. Реттеу пункті 3-4 сағ қозғалған сайын қойылады, қарсыласқа байқалатын жергілікті жер заттары немесе нысандарға жақын орналастыруға болмайды. Аялдамалар 3-4 сағат қозғалыс сайын жасалады, оның ұзақтығы
1 сағатқа дейін созылады, тәуліктік жүріп өтудің екінші жартысында 2 сағатқа дейін аялдамалар жасалады. Алыс қашықтыққа шеру жасарында, бұдан басқа әрбір тәуліктік жүріп өтудің соңында күндізгі (түнгі) демалыс қарастырылады.
Аялдамаларда, күндізгі (түнгі) демалыс кезінде қару-жарақ пен ұрыс техникасының техникалық жағдайы тексеріледі, жанар-жағармаймен машиналар толтырылып, жеке құрамның тамақ ішу мен демалысы ұйымдастырылады. Аялдамалар мен демалыс аудандары үшін жасырынуға ыңғайлы, қарсыластың ядролық қару мен авиацияны қолдануынан сақтайтын, су көздері мол жерлер болуы тиіс. Әдетте, аялдамалар ауданы қозғалыс маршрутының реттеу пункті алдында, ал күндізгі (түнгі) демалыс ауданы одан шеткерірек жерден таңдалынады. Бұл аялдамаларда (демалыс аудандарында) взвод рота легінің құрамында жолдың оң жақ шетіне тоқтайды, машиналар арасындағы қашықтық
10 м-ден жақын болмауы немесе аға командирдің белгілеуімен болуы тиіс. Машинадан шығу рота, взвод командирінің пәрмені бойынша жүргізіледі. Рота командирінің дабылдарын және әуе қарсыластарын бақылап тұру үшін бақылаушы бөлінеді. Қажет болған жағдайда радиоқұралдарына кезекші тағайындалады. Кезекшінің атыс құралдары атыс жүргізуге дайын тұруы керек.
Бөлімшені басқару ісін жүзеге асыру үшін взвод командирі жасалған дабылдар кестесіне сәйкес, хабарлаудың, басқару мен өзара әрекеттесудің бекітілген дабылдарын қолданады. Шеру кезінде радиобайланыс қабылдағыш арқылы жүргізіледі. Қарсыласпен бетпе-бет келгенде, ұрыс басталғанда, взвод командирі ашық мәтінмен пәрмен беру арқылы басқарады. Мұнда бөлімшелер атауы мен командирдің қызметі шақыру дабылдарымен, ал жергілікті жер пункттері шартты (кодталған) атаулармен беріледі. Қарсыластар радиокедергі жасаған уақытта — взвод командирі қосалқы жиілікке көшу белгісін береді. Радиостанция істен шыққанда — взвод командирі дабылдың құралдарды пайдаланады. Аға командирдін нұсқауы мен шешіміне сәйкес, шеруге дайындалу және онын барысында — взвод командирі ұрыстық шеруді де ұйымдастырады, бірқатар техникалық және тылдық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Взводты ұрыстық қамтамасыз ету жоғары дәрежеде ұрысқа дайын болу үшін, ұрысқа қабілеттілігін сақтау және қойылған міндетті табысты және дер кезінде орындау үшін қажетті жағдай жасайды. Оған мыналар енеді: барлау, күзету, жаппай жою қаруларынан қорғану, бүркемелеу, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |