4. Жауынгердің ұрыстағы міндеттері. Ұрыста жеңіске жету жеке жауынгерлердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады. Әрбір жауынгер қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым кеп жойған сайын, соғұрлым шабуылдағы бөлімшенің алға жылжуы тез және қарсылас үшін тұрақты және берік бола түседі.
Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолдануы тиіс. Ол ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыруға дайын болуға міндетті, сондықтан ол аралас әскери мамандықты игеруі керек. Құрлық әскерінің (взвод, бөлім, танк) Жауынгерлік жарғысында әрбір жауынгердің ұрыстағы міндеттері нақты анықталған. Ол взвод, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың өлсіз және күшті тұстарын жақсы білуі тиіс; ұрыс барысында тыңғылықты бақылау жүргізе алуы қажет; қарсыласты байқаған сәтте ол туралы дереу командирге хабарлауға, шабуылда батыл және шешімді түрде қимылдауға, ал қорғаныста өзін берік және табанды ұстауға, қарсыласты қолда бар тәсілдер мен құралдар арқылы жоюға, батырлық, бастамашылдық және тапқырлық байқатуға, жолдасына көмек көрсетуге әзір болуға, ұрыста жергілікті жердің ерекшеліктерін, жеке құралдары мен машинаның сапаларын тиімді қолдануға; оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға, бөгеттер, табиғи тосқауылдар мен жергілікті жердің зақымдалған учаскесінен өтуге; танкіге және жаяу әскерге қарсы миналар орналастыруға және оны зиянсыздандыруға, санитарлық өңдеу, дезактивизация, газсыздандыру және дизенфекция жүргізуге, әуе қарсыласын тануға және төмен ұшатын нысаналарға атыс қаруынан атыс жүргізуге міндетті. Ол ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, ал егер ол қатардан шығып қалған жағдайда бөлімшеге басшылық жасауды өз мойнына алуға, командирдің рұқсатынсыз ұрыстағы орнын тастап кетпеуге, радиоактивті немесе улағыш заттар мен өртегіш қарумен зақымданғанда немесе жараланғанда, өзіндік көмектің қажетті шараларын жасап, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыруға міндетті. Егер медициналық пунктке бару туралы бұйрық берілсе, жауынгер өзімен бірге жеке қаруын алып жүруі тиіс, ал медициналық пунктке бару мүмкін болмаған жағдайда, қарумен тасаға дейін еңбектеп барып, санитарларды күтуі тиіс. ЖҰМ (БТР) бұзылған сәтте ол жөндеу жұмысына дереу кірісуі қажет.
Бұл міндеттерді табысты орындау үшін жауынгер табанды түрде оқып, табанды түрде жаттығып, жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерді меңгеруі және өзінің дене дайындығы мен шыдамдылығын, төзімділігін көтеруі тиіс
5. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері
Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.
Жорық реті – бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру мен ұрыс реттеріне тез жазылуды, сондай-ақ жеке құрам күшін, машиналар мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесінің, взодының, ротасының жорық реті — лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі лек бойынша, ал взводтың жорық реті — үш лек немесе екі лек бойынша жасалады.
Ұрысқа кіру реті — мандай шеп пен тереңдікке бөлінен бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас қоғанысы терендігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысы кезінде қозғалыстың жоғарғы екпінінде қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез етіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті—лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін — маңдайшеп пен тереңдікте бір-бірінен 100 м-ге дейін алыстағы бөлімше легі саналады.
Жаяу ретте екі лек бойынша жылжыған кездегі мотоатқыштар бөлімшесінін жорық реті
Достарыңызбен бөлісу: |