Бұл презентация 2 “а” сыныбында қазақ тілі пәнінен өткізілген ашық сабақ жоспары.
“Оқу мен оқытудағы” жаңа әдіс-тәсілдерді сондай-ақ, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту негізінде құрылған. Бұл сабақ оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасай отырып, әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
КММ “Викторовка орта мектебі”
Ақмола облысы
Зеренді ауданы Викторовка ауылы КММ «Викторовка орта мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі Мейрхан Алмагул Қазақ тілі 2 «а» сынып
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: “Сөйлем және мәтін”
Сабақтың жалпы мақсаты:Оқушылардың мәтін туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлем туралы туралы түсініктерін кеңейту. Сабақты Тәуелсіздіктің 25 жылдық тойымен ұштастыру.Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтін туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлем туралы туралы түсініктерін кеңейтеді. Сабақты Тәуелсіздіктің 25 жылдық тойымен ұштастыра отырып, туған еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктері артады. Әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыланады.