Дәрістер
- №10 дәріс тақырыбы. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
-
-
-
- Жоспар:
-
- 1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
-
- 2. Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамалық негізі.
-
- 3. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі.
-
-
-
- Дүниетанымның қалыптасуы күрделі әлеуметтік педагогикалык мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы орасан зор. Дүниетанымның калыптасуы көп қырлы, күрделі үрдіс, сондықтан педагогикалық ұғымда бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар.
- Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамдардың алатын орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, олардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының бірыңғай жүйесі. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға
-
- - дүниетанымның субьектісі болып саналады.
-
- Дүниетанымды қалыптастыру -тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
-
- Дүниетаным - адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылыктарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік ұстанымдары.
-
- Ғылыми дүниетаным - қоғамдык сананың жалпы, ең жоғарғы формасы. Дүниетаным негізіне тұлғанын дүниеге көзкарасы, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы, дүниетаным түрлі білімді менгерумен бірге, күнделікті көзкарастарды да меңгеру барысында қалыптасады. Көзкарас үнемі білім, ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелермен толығып, жетіліп отырады.
-
- Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамалық негізі.
-
- №11 дәріс тақырыбы. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
-
-
-
- Жоспар:
-
- 1.Тәрбие - тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі.
-
- 2. Тәрбиенің мазмұны.
-
- 3. Тәрбиенің түрлері.
-
- 4. Тәрбиенің заңдылықтары.
-
-
-
- 2.1. Тәрбие - тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. Тәрбие үдерісі - тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі болып табылады. Педагогиканың негізгі категориялары мен ұғымдарын тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, құзыреттілікті қамтиды.
-
- Қазіргі жалпы білім беретін мектеп тәрбие институты ретінде мыналарды камтиды:
-
- - -білім беретін және тәрбиелейтін мекеме, тәрбиені окыту қызметі арқылы жүзеге асырады;
-
- - -оку үдерісінен тыс уақытта педагогтардың оқушылардың өмірін ұйымдастыруы;
- Мектептегі тәрбиені осылай бөліп көрсету аркылы оқушылардың өзара әрекеттесу белсенділіктері жүзеге асырылып, жеке тұлғалық сапалары жетілдіріледі.
-
- Мектеп ашык әлеуметтік жүйе ретінде мынадай жұмыс түрлерін ұйымдастырады:
-
- - -мектептің отбасымен катынасын кеңейту;
-
- - -мектептің қосымша білім беру ұйымдары, мәдени және баска да әлеуметтік институттармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
-
- - -педагогтардың ұйымдастыруымен оқушыларды қоғамдық ортамен байланыстыру, мысалы, мектеп түлектері, ардагерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері;
-
- - -педагогикалык ұжымның көмегімен өзге балалар шығармашылык ұйымдарымен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру;
-
- - -сабак пен сабақтан тыс іс-шараларды мектептен тыс орындарда жүргізу: шеберханалар, зертханалар, табиғат аясында.
-
- - Тәрбиенің мазмұны. Тұтас педагогиалық үдерісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылыда, оқушының өзінің белсене катынасуы арқылы да қалыптастырылатын үдеріс.
- №12 дәріс тақырыбы. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
-
-
-
- Жоспар:
-
- 1. Тәрбие әдістері жайлы түсінік.
-
- 2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
-
- 3. Оқушының жағымды тәжірибесі мен мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері.
-
- 4. Тұлға тәрбиелігінің диагностикасы.
-
-
-
- 5.1. 1.Тәрбие әдістері жайлы түсінік. Педагогикада әдістер жүйесі туралы әр түрлі пікірлер орын алып келді. Ғалымдар «Әдіс дегеніміз - тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдык көзкарастар мен рухани - адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы»,- деген анықтама беріп келді. Бұл жерде әдіс дегенді тәрбие құралы деген мағынаның синонимі ретінде алынып отыр.
-
- Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындықка, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Ал, кейінгі шыккан оку кұралдарында тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып карастырады. Ең алдымен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қалыптасады.
-
- Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), накты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің койылган максатқа тез жетуі үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпак жол деуге болады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бірімен-бірі тығыз байланысты.
-
- Педагогикалық үдерісте баланың еңбексүйгіштік сезімі калыптасады. Мұның бәрі педагогтардан оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырып жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жаксы меңгеруін және оны тәжірибеде түрлендіріп қолдана білуін талап етеді.
-
- 5.1. 2.Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Сендіру - тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардын адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасу ісімен тығыз байланыста қарастырады. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық процестегі көп қырлылыгы мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н.И.Болдырев «Сендіру - баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-қүлыкты қалыптас- тыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі»,- деп көрсетеді.
-
- Дәріс 13. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
-
-
-
- Жоспар:
-
- 1.Отбасы - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.
-
- 2. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері.
-
- 3. Отбасындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
-
-
-
- 1.Отбасы - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді
-
- субъектісі. Отбасы - үйелмендердін жанұялық бірлігі, қоғамның құрамындағы институт, баланың туған сәттен бастап әлеуметтену қызметін атқаруына ықпал етеді. Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды кызмет атқарады. Халыктын әлауқат деңгейі әр түрлі болғандыктан ата-аналар мен балалар арасындағы катынас та әр түрлі болады. Біреулер мейілінше өбектеп, тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін. Ондай отбасындағы балалар дайынға ие болғысы келіп, енжар, жалқау болып тәрбиеленеді.
-
- Жас отбасының бөлек шаңырақ көтеруі, олардың жауапкершілігін арттырумен қатар, үлкендердің бала тәрбиелеу тәжірибесіне құлақ салып, түсіністікпен бала тәрбиелеуге көмектеседі. Жас отбасыларының тұрмысының материалдық жағынан дұрыс жолға қойылмауы, бала тәрбиесіне қиындықтар келтіреді.
-
- 2. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері. Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке, өмірде өз орнын таба білуге, алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге, белсенді, өз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу көзделеді.
-
- Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінін өзіндік ерекшеліктері бар. Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың манызы зор. Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады.
-
- Отбасы тәрбиесінін міндеттері:
-
- - баланың өзін-өзі тануын дамыту, өсіп жетілу, айналасымен, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, мәдени қарым-қатынас кұру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылықтарын санасына сіңіру;
-
- - -отбасы мүшелерінін тіл табысып түсінісуін қалыптастыру, бірін - бірі тыңдап, ата - ананы, туған - туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап құрмет тұтуға үйрету;
-
- - -адамгершілік және эстетикалык, еңбексүйгіштік жағынан қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;
-
- - -денсаулығын нығайту, ақыл-ой, шығармашылык қабілеттерін жетілдіру.
-
- - Отбасы тәрбиесінің мазмұны: жас баланы қоғам талаптарына карай тәрбиелеу, жеке басының мумкіндіктерін жетілдіру, ақыл-ой, сана-сезімін қапыптастыру, ұлттық салт-дэстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас кұру, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
- №14 дәріс тақырыбы. Оқыту - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
-
- Жоспар:
-
- 1.Дидактика - оқыту және білім беру теориясы.
-
- 2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.
-
- 3.Дидактика - жеке әдістеменің негізі.
-
- 4.Оқыту – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
-
-
-
- 5.1. Дидактика - оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың нысаны, пәні, қызметтері, міндеттері. Қазіргі уақытта дидактика педагогика ғылымының дамыған, неғұрлым қалыптасқан маңызды да күрделі саласы ретінде қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде мектеп алдына қойылатын жаңа аса жауапты міндеттерді ойдағыдай шешу барысында үнемі дамып отыратын ғылым. Орта білім беру жүйесінде дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, құрылымын, оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын, ерекшеліктерін, талаптарын, шарттарын, оны ұйымдастару әдістері мен формаларын және технологиясын, оқыту нәтижелілігін зерттейтін педагогиканың маңызды саласы болып табылады.
- Тұтас педагогикалық үдерістің құрауыштары - оқыту мен тәрбиелеу. Бұлар өзара тығыз байланыста болса да, әрқайсысының ерекшеліктері бар. Педагогикалық үдерісте оқыту үдерісі өзіндік орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағды және тәжірибе, қабілеттер қалыптасады. Оқыту үдерісінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, ұстанымдарын, категорияларын педагогиканың арнайы саласы - дидактика зерттейді. Дидактика - оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістеріне және ұйымдастыру түрлеріне ғылыми негіздеме беретін оқытудың педагогикалық теориясы.
-
- Дидактика ғылым ретінде мына мәселелерді қарастырады: не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)?; кімді оқытамыз (оқыту субьектілері)?; оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту ұстанымдары)?; неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны)?; оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы)?; оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу кұралдары, компьютерлік бағдарламалар, т.б.)?; оқыту нәтижесінде неге қол жеткізіледі (оқыту нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер мен нәтижелер)?; оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады? (оқыту үдерісін бақылау түрлері).
-
- Дидактика - бұл оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалык ғылыми пән. Дидактиканы кез келген педагог білуі қажет, өйткені ол теориялық білімге сүйене отырып, соған сәйкес практикалык мәселені ойдағыдай шеше алады. Сондықтан мұғалімге практикалык әрекет теориясы, яғни окыту әрекетінің теориясы қажет.
-
- Дидактиканың объектісі мен пәні. Оқыту дидактің де, әдіскердің де, психологтың да, ақпарат теориясы маманының да, зерттеу нысаны бола алады.
-
- №15 дәріс тақырыбы. Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негізі
-
-
-
- Жоспар:
-
- 1. «Білім мазмұны» ұғымы. Білім мазмұнының теориялары.
-
-
-
- 5.1. «Білім мазмұны» ұгымы. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында «білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырландыруда нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу»,- деп атап көрсетілген. Қазіргі заманғы білім парадигмасына сәйкес білім беру жүйесін өзгерту, білім мазмұнын жаңарту маңызды мәселеге айналып отыр.
-
- Қазакстан Республикасы Біпім Заңында: «Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі. Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады».
- XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысынан бастап, жалпы орта білім беру мазмұны теориясын жасау саласында жаңа зерттеулер басталды. Білім беру мазмұны мәселесін терең зерттеу «білім беру мазмұны» түсінігін нақтылауды талап етті. Бұл мәселені шешуде И.Я. Лернер маңызды үлес косты. Оның жасаған тұжырымдамасы бойынша, білім мазмұны әлеуметтік тәжірибеге сәйкес және білімдер, дағдылардан басқа шығармашылык әрекет тәжірибесін және сезімдік өмір тәжірибесін қамтиды. Білім мазмұнының аталмыш бөліктерінің арақатынасы тарихи сипатта және коғам дамуының талаптарына орай өзгеріп отырады.
-
- Білім мазмұнының теориялары. Білім мамұны - педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе. Көрнекті педагог, академик В.В.Краевский жалпы орта білім беру мазмұнын қоғамның білім беруге қоятын талаптарының моделі деп қарастырды; оның теориясын жасау мен мәселелерінің әдіснамалык негіздерін ашып көрсетті; білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлерін анықтады: жалпы тео- риялык түсінік; оқу пәні; оку материалы; оқыту үдерісі және тұлғаның кұрылымы. Бұл тұжырымдама Педагогика ғылымдары академиясының жалпы педагогика институтындағы В.В.Краевский және И.Я.Лернер жетекшілік еткен топ даярлаған білім беру мазмұны теориясының негізіне алынды. Ғалымдар жалпы орта білім беру мазмұнын калыптастырудың ұстанымдарын түзді.
-
- Оқу пәні-оқыту үдерісінде оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған жалпы орта білім мазмұнын жүзеге асыратын құрал.
-
- Оқу пәндері мазмұндағы жетекші компоненттік рөл аткаратын:
-
- 1. Мазмұндық блок: пәндік ғылыми білім, әрекет тәсілдері; шығармашылық әрекеттегі тәжірибе; құндылық қатынастардағы тәжірибе.
-
- 2. Үдерістік блок: қосымша білім кешені; әрекет тәсілдері; үрдісті ұйымдастыру түрлері.
- №16 дәріс тақырыбы. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-тің қозғаушы механизмі ретінде
-
-
- Оқыту құралдары туралы түсінік. Оқыту құралы дегеніміз - бұл жаңа білімді меңгеру. Оқу құралдары мен әдістері бір- бірімен тығыз байланыста болады, бір-бірімен үйлесімділікте қолданылады, сондыктан олар білім беру теориясында бірыңғай тұжырымдаманы кұрайды. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы белсенділіктерінің әрекеттесуінде, әрдайым карым-қатынастар және субъектілердің әрекеттері байланысады және соның нәтижесінде әдістер мен құ- ралдар оқушылардың оқуына жағымды әсер ету үшін қарым-катынас және әрекет әдістері мен құралдарына бөлінеді. Материалдық оқыту құралдарына - оқулыктар, кестелер, макеттер, бөлмелер, жиһаз, оку кабинеті жабдыктары, көрнекі құралдары, микроклимат, сабак кестесі және т.б окытудын материалдык-техникалық жағдайлары енеді.
- Идеалдық оқыту құралдарына - мұғалім мен окушылардын жана білімді алу үшін колданылатын менгерілген білімдері мен іскерліктері жатады. Тұтас педагогикалық үдерістің оқыту құралдары - іс-әрекет түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас). Іс-әрекеттік тәсіл. Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұнында білім алушының білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруі, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынатыны, оның ережелер жүйесін түсінуі мен кабылдауы жатыр, бұл өз кезегінде оның білімінің, біліктерінің және кен аукымды дағдыларының белсенді әрі табысты калыптасуына ықпал етеді. Білім алушылардың оқу әрекеттері «білу», «түсіну», «колдану», «талдау», «жинақтау», «бағалау» сиякты категорияларға топтастырылған. Іс-әрекеттік тәсіл өз бетінше ізденуді, түсіндіруді, талдауды, түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты тарату мен бағалауды, графикалық мәліметтер мен басқа үйретуші ресурстарды колданады. Ойын арқылы оқыту. Оқыту эдісі ретінде ойын түрлерін қолдану білім алушылардың танымдық кызыгушылык белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты элементтері:
-
- - -ойын алдында нақты оку мақсаты қойылады;
-
- -ойын аркылы белгілі педагогикалык нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, окыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материалдары ойын құралы болып табылады. Коммуникативтік әдіс. Оқытудағы коммуникативтік тәсіл - ақпаратты тарату мен жариялау, екі немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім процесіне түскенде білім, білік және дағдымен алмасу. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және коммуникативтік әрекетті дұрыс таңдай отырып, қарым-қатынаска катысушы баска адаммен өзара әрекет ету процесінде тіл арқылы қарым-катынасты жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады.
- №17 дәріс тақырыбы. Сабақ – оқытудың негізгі формасы
-
-
-
- Жоспар:
-
- 1. Қазіргі сабақтың теориясы.
-
- 2. Сабақтың типологиясы және құрылымы.
-
- 3. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальды формалары.
-
- 4. Мұғалімнің сабаққа дайындалу жүйесі.
-
-
-
- 9.1. Сабақ - нақты бағдарлама мен сабак кестесімен жүргізетін, міндетті түрде мұғалім басшылық жасайтын, балаларды ізденіске түсіретін, оларға түсінікті формада берілетін білім және тәрбие негіздерін қамтиды. Мұғалімнің жаңа са-
-
- бакты жүйелі түсіндіруі, оқушылардың оқулық және кітаппен өздігінен жұмыс істеуі, оқушылардың жазу мен сызу жұмыстары, лабораториялық жұмыстар, тәжірибе көрсету және экскурсия жүргізу талап етілді.
- 20-шы жылдары кеңестік дидактикада оқыту формаларын ұйымдастыру басты бағыт болып саналды. 1919 жылы П.П.Блонский оқушылардың оқу жұмысын студиялық жүйе түрінде ұйымдастыруды ұсынды. Мектепте оқытылатын тақырыптарды ол бірнеше циклге бөлді. Жұмыс сыныпта емес, кабинет-зертханаларда жүргізіледі. Мұғалім сабақта оқушыларға нұсқау беріп, қажет болса көмектесетін еді. Сабақ мұғалімнің мектеп жоспары мен бағдарламасы негізінде жасаған оқу жоспары мен бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Сынақ пен емтихан жүргізілмейді. П.П. Блонскийдің студиялық жүйесінің мықты және әлсіз тұстары болды. Мыктылығы оқушының өзбетінше белсенді жұмыс жүргізіп, сабақты ұжыммен бірге игеруінде болды. Әлсіз тұстары - мұғалім рөлінің төмендігі және ғылымның негіздері жүйелі окытылмады. Сөз әдістеріне назар аударылып, оның сабақта білім беруде маңызды құрал екені айтылды.
-
- Зерттеушілік әдісті қолдану туралы әр түрлі пікірлер болды. Мәселен В.В. Гурьянов, зерттеушілік әдістің шынайы қолданыс табатынын мектептегі өлкетану жұмысымен байланыстырды. Ал, М.Н.Скаткин зерттеушілік әдісті жаратылыстану, химия, қоғамтану пәндеріне кең ауқымда қолдануға болатынын көрсетті.
-
- 50-шы жылдардың екінші жартысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту бағыты дамыды. Осы кезеңде окушылардың өзбетінше жұмысына жаңаша көзқарас дами бастады, ол кеңестік дидактикада 60-шы жылдардың ортасында көрінді.
-
- 40-50-шы жылдары оқу-тәрбие үдерісіндегі сабактың орны анықталды: сабақ - мектептегі окытудың негізгі ұйымдастыру формасы. Сабақ мұғалімнің жұмысын нақтыландырады, оның басшылығымен жүйелі білім, білік, дағды беріледі, уақыт үнемді пайдаланылады, оқушылар аз уақыт мөлшерінде білім, білік, дағдыны игереді. Сабақта түрлі әдістер қолданылып дүниеге ғылыми көзқарасты қа- лыптастыру, теория мен практикалық әрекетті байланыстыру мүмкіндігін жүзеге асырады. Бұл қағида И.Т. Огородников пен П.Н. Шимбирев, И.Н. Казанцев, М.А. Данилов, Б.П. Есипов пен Д.О. Лордкипанидзе еңбектерінде дамытылды.
-
- Сабактын кұрылымына сабактың бөліктері мен оларға бөлінетін уақыттағы оны жүргізу тәртібіне назар аударылды.
- №18 дәріс . Тақырыбы: Оқыту әдістері
-
-
-
- Жоспар:
-
- 1. Оқыту әдісі туралы жалпы түсінік.
-
- 2. Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі.
-
- 3. Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту.
-
-
-
- Оқыту әдісі туралы жалпы түсінік. Мұғалім мен мектеп жұмысының табысты болуы оқыту әдісіне байланысты бірнеше ондаған жылдар бойы пән теориясы мен жекелеген пәндерді оқыту туралы зерттеулер жүргізіліп келеді. Педагог-ғалымдар мектептегі оқу үдерісін бақылау барысында сабақтағы мұғалім мен оқушы қызмет түрлілігіне назар аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдістемесі деп атаған. Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіңдіреді - ол түсіндіргенді қолданады, окушылар материалды өз бетінше оқып үйренеді - бұл жұмыс әдісі; оқушы практикалык тапсырманы орындайды - бұл практикалық жұмыс әдісі, мұғалім сабақта көрнекілік материал қолданады - иллюстрация әдісі т.с.с.
- Е.И. Перовский, Н.М. Верзилин, Е.Я.Голант оқытудың сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерін көрсетсе, М.А.Данилов - оқыту әдістерін білім алу әдісі, білік пен дағдыларын калыптастыру, білік, дағдысын тексеру, бекіту әдістерін, Е.Я. Голант әдістерінін 2 тобын көрсетуді ұсынды: активті (белсенді) және пассивті оқыту әдістері. Тілдік әрекет сипатына қарап, бұл екі әдіс әртүрлі іске асырылуы мүмкін: дидактар мен әдіскерлердің бұл түсінікке түрлі анықтамалар беруіне қарамастан, көптеген авторлар оқыту әдісін оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілі деп карастыруда.
-
- 2.Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі. «Метод» (әдіс) термині - гректің сөзінен шыққан, ол шындыкқа жакындау, күтілген межеге жету жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалык практикада мұғалімнің сабак беруі мен оқушы кызметінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және окушының оқу әрекеті бір-бірімен тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі.
-
- Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады: оқыту мақсаты, меңгеру, оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің сипаты бойынша:
-
- 1. -мұғалім кызметінің оқыту тәсілі мен оқушы әрекетінің оқу әрекеті, олардын өзара байланысы.
-
- 2. -оқытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі.
-
- 3. Оқыту әдісі - мұғалім мен окушының бірлесе отырып оқытудың практикалык міндеттерін шешуге бағытталған әрекет тәсілдері.
-
- Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту. Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс мұғалімнің дайын ақпаратты оқушыларға әр түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табылады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған білімді қолдана алуға керек іскерлік пен дағдысы калыптаспайды. Репродуктивті әдіс оқушылардың оқытудағы икемділігі мен дағдысын қалыптастыру үшін қолданылады. Оның мәні мұғалімнің тапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады. Мұғалімнін әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгісінен тұрады, ал оқушының іс-әрекеті үлгі бойынша әрекетті орындаудан тұрады.
- №19 дәріс тақырыбы. Оқытудағы диагностика және бақылау
-
-
-
- Жоспар
-
-
-
- 1.Оқыту сапасын диагностикалау. Ұғымдар: окушының оқу жетістігін бақылау, бағалау, белгілеу.
-
- 2. Оқыту үдерісіндегі білімдерді бағалау және тексерудің қызметтері
-
- 3. Окушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдерінің жүйесі. Оқушылар портфолиосы. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі.
- И.Лернер, Ю.Бабанский білім сапасынын түрлеріне келесі сипаттамалар береді.
- Білімнің дұрыстығы. Окушының бойындағы білімнің толықтығы оқылатын нысана туралы барлык білімдердің санымен аныкталады. Оқушы: а) білімнің барлык жетекші элементтерін атап бере алады; ә) әркайсысына анықтама бере алады; б) негізгі белгілерін сипаттап бере алады. Білімнің әрекеттілігі окушынын білімді әр түрлі жағдайда қолдана алуымен сипатталады. Оқушы: а) алған білім мен біліктіліктерін қолдану аркылы жаттығулар мен тапсырмалар орындай алады; ә) оқылғанды сәйкес өмір құбылыстарын талдау үшін қолдана алады.
- Білімнің саналылығы - білімнің, ішкі байланыстардың мәнділігін түсіну, талдай, салыстыра, дәлелдей, жан-жақты аша, бағалай және түсіндіре білу. Оқушы: а) сабақтағы түсініктер мен айғақтар өзара қалай байланысканын, не кандай нәрсеге бағытталағандыгын, не қандай нәрседен шығатындығын көрсете алады; ә) оқылатын құбылыстардың ортақ ерекшеліктерін тауып, оларды салыстыра алады; б) құбылыстың, окиғаның және т.б. себептерін аша алады; в) жан-жакты түсіндіріп, түйін және қорытынды жасай алады. Білімнің терендігі берілген білімнін басқалармен, оған ұксас білімдермен саналы байланыстығымен сипатталды.
- Білімнің оперативтілі оқушының ұқсас және вариативті жағдайларда білімді пайдалана алуға даярлығын қарастырады. Окушы өз білімін қолдана алатын жагдайлар көп болса, білімнің оперативтілігі соғұрлым нақты көрінеді.
- Білімнің жүйелілігі кейбір білімнің жиынтығын, иерархиясын және тізбектілігін саналы түрде мойындауын, яғни, бір білімді екінші біреулері ушін базалық білім ретінде мойындауын болжайды.
- Білімнің беріктілігі - барлық көрсетілген сапалардың саны мен тұрақтылығы. Ол интегралды өндірістік сапа болып табылады.
- Білім сапасының әр алуан түрлеріне, мынадай аныктама беруге болады.
- Білім сапасы - оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінін нәтижесін сипаттайтын салыстырмалы тұракты білім кұрылымының біртұтас жиынтығы.
- Оқыту үдерісіндегі білімдерді бағалау және тексерудің қызметтері Білімдерді тексеру мен бағалау - оқыту үдерісінін құрамдас бөлігі. Бұл оқушылардың оқу әрекетіне жүйелі түрде сабақта, не үйде, ауызша, жазбаша, графикалық және тәжірибелік жұмыстар аркылы бақылау жүргізу болып табылады. Тексеру мен бағалау арқылы окушының әр деңгейдегі алған білім дәрежесі олардың дайындау барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері, мұғалімнің жұмыс деңгейі, тоқсандық және жылдык бағаларының қойылуы, оқушылардың аттестациялануы, келесі сыныпқа көшірілуі және де келесі деңгейдің білімін алуға кабілеті анықталады.
- №20 дәріс тақырыбы. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендіру
-
-
-
- Жоспар:
-
- 1. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы
-
- 2. Окушылардың оқу мотивтері. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру
-
- 3..Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру
-
- 4.Оқушылардың өз бетімен білім алуы, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігі, функционалдық сауаттылығы - олардың белсенді танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі.
-
-
- Білімді меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі үдеріс. Таным үдерісі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу тео- риясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға сай объективті дүниені тану үдерісі адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше үрдісі болып табылады.
-
- Таным дегеніміз сыртқы кұбылыстардың адам санасында бейнеленуі. Танымның мақсаты - жеке тұлғанын санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі. Танымдық белсенділік - окушының іс-әрекетіндегі, оқу-тәрбие үдерістерінде тұлғанын іс-әрекетінің сапасы.
-
- Г.И.Щукинаның анықтауынша оқушының танымдық іс-әрекетін белсендендіру - оқу мен оқытудың қалыптасып калған түрлеріне деген инерцияны жеңуге, мұғалім мен оқушының тиімді бірлескен танымдық іс-әрекеттеріне бағытталған үдеріс.
-
- Танымдык іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Оқу, білім алу - адам жеке басының танымдық қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
-
- Мектептің міндеті - окушыларға кұндылықтар жүйесін дарытудың үдерісі кезінде танымдык іскерлікті окушынын талабына сай калыптастырып, олардың мектеп қабырғасында ғылыми танымнын әдістемелері туралы мағлұмат алуларына жағдай жасап, осы бағытта оку-тәрбие үрдістерін ұйымдастыру. Егер оқушылар жеке тұлғаның құндылық бағдарының мәнін маңыздылығын ұғынса, білсе, жеке тұлғаның құндылық бағдар үдерісінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын, жеке тұлғаның құндылык бағдарын меңгеруге қажетті іс-әрекеттердің маңыздылығын түсініп, соны мең- геруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдык іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны.
-
- Бұл окушыларға өздерінің болашағы туралы, болашақ мамандығы туралы, бастапқы мағлұматтар алып, өз мүмкіндігін пайдалана білуіне, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуіне көмектеседі. Білімді меңгерудің басты көрсеткіштері оқушылардың алған білімдерін жалаң түрде қайталап айтып берулерімен анықталмайды, сол алған мазмұнына орай өз пікірлерін ортаға салып, ойларын ашық білдіруді, жалпы өзінің көзқарасын анық батыл түрде білдіріп, өз бағасын беруі болып табылады.
- №21 дәріс тақырыбы. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары
-
-
-
- Жоспар:
-
- 1.Педагогикалық технология туралы түсінік.
-
- 2. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы.
-
- 3.Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары.
-
- 4.Педагогикалық технологиялардың қызметтері.
-
-
-
- 9.1. Педагогикалық технология туралы түсінік. Технология ұғымы соңғы жүзжылдықта маңызды ғылыми ұғымдардың біріне айналуда. Философиялык көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканын арақатынасын байланыстыратын негізгі тетіктердің бірі. Теория мен практика ұғымдары мәні жағынан ажыратылғанымен, олар әрқашан өзара тәуелді, өзара тығыз байланыста болып келеді.
- Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін К.Поппер теория мен практиканың бірлігін ажыратпау, екеуінің тұтастығын сақтау деген идеясымен негіздеп көрсетеді. Көп жағдайларда теорияның практикадан ажыратылып кетуінің негізгі себептерінін бірі - нақты колданбалы технологиялардың жоқтығы болып табылады.
-
- Өндіріс саласында ғана емес, педагогикалык теория мен практикада да тұракты колданыска ие болып келе жатқан «технология» ұғымының шығу тарихына (этимологиясына) қысқаша тоқталып өту маңызды.
-
- Технология сөзі (өнер, шығармашылық) грек тілінен аударылғанда:
-
- а) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың формасын, касиеттерін, жағдайын өндеу, дайындау, өзгерту әдістерінің жиынтығын, мысалы: металлдарды өндеу технологиясы, химиялык технология, кұрылыстык жұмыстар технологиясы;
-
- ә) өндірістің сәйкес келетін құралдарымен шикізат, материал немесе жартылай фабрикатка әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
-
- Ғылым мен техниканың дамуына карай педагогика саласында технологиялық оқыту тәсілі жақсы өріс ала бастады. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында білім беруді технологияландыруға көшудің қажеттілігімен келіспеу мүмкін емес, себебі әр оқушының жеке тұлғалык тұрғысының дамуы, білім беруді саралау және барлык білім беру жүйесін ізгілендіру және демократияландыру үрдістері технологиялык тәсіл арқылы жүзеге асырылмақ.
-
- Сондықтан педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі
-
- білім беруші мен білім алушы тұлғасын өздігінен дамытып, олардың ішкі әлеуеттерін барынша толығырақ ашқызу үшін оқыту мен тәрбиелеуді субъектілік негізге ауыстыратын тетік ретінде зерттелуде. Білім беру саласындағы шоғырланып қалған көкейкесті мәселелердің шешімдерін табуда қазіргі педагогикалық технологиялардың ықпалы зор, себебі жаңа технологиялардын негізгі өзегі-окушы тұлғасы, оның ішкі интеллектуалдык әлеуетін жан-жакты дамыту.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |