2-кестеден сығымдау арқылы алынған қауын мен асқабақ майының құрамында қышқылдығы төмен, ең жоғары сортты тазартылмаған күнбағыс майының қышқыл санынан аспайтын маңызды тамақ өнімі бар екенін көруге болады. Бұл майларда майдың биологиялық құндылығын арттыратын каротиноидтар мен токоферолдар да бар.
Қауын мен асқабақ тұқымынан өндірілген майдың май қышқылдық құрамын зерттеу газ хроматографиясы әдісімен анықталды. Газ хроматографиясы әдісімен анықталған нәтижелер 3-кестеде келтірілген.