Географиялық картадағы жазулар түрлері - Топонимдер – картографиялық обьектінің өзінің меншікті атауы . Олар рельеф элементтерінің аттары- оронимді, су обьектілерінің аттары-гидронимді , этностардың аттары- этнонимді, жануар әлемінің аттары- зоонимді және сол сияқты.
- Терминдер – картографиялық обьектіге қатысты ұғым. Бұл жалпыгеографиялық, геологиялық , мұхиттық , әлеуметтік - экономикалық және - басқа терминдерді бола алады ( мысалы ,«аудан»,«бұғаз»,«шығанақ» және басқалары.).
- Түсіндірмелі жазудың :
- - сапалық мінездеме;
- - сандық мінездеме;
- - хронологиялық жазу
- - қозғалыс белгілеріне түсіндірме;
- - меридиандардың және параллельдердің цифрлеу және картографиялық тор сызықтарына түсіндірме түрлері бар.
- Топонимика ( грекше topos- орын және Noma - ат ) - географиялық атауларды зерттейтін ғылым, олардың пайда болуын, мағынасын, дамуын, қазігі жағдайын, оларды белгілеуді зерттейді. Топонимика география, тарих және лингвистика ғылымдармен байланысты. Топонимия - қандай болмасын аумақ атауларының жиынтығы. Топонимика бірнеше түрге бөлінеді:
· Ойконимдер – елді мекендердің атаулары ( гр. oikos - пәтер-үй, мекен). · Астионимдер - қалалардың аттары (гр. asty - қала) · Гидронимдер - өзендердің аттары (гр. hydros - су) .· Дримонимдер - ормандардың аттары (гр. δρΰς ағаш). · Оронимдер - таулардың аттары (гр. oros - тау). · Урбанонимдер – қала ішіндегі нысандардың аттары (Urbanus - қалалық ). · Годонимдер - көшелердің аттары (гр. hodos - жол, көше, арна). · Агоронимдер - аудандардың аттары ( гр. agora - аудан). · Дромонимдер - хабарлау жолдарының аттары (гр. dromos - қозғалыс, жол). · Макротопонимдер – үлкен аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. makros - үлкен). · Микротопонимдер - кішкене аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. mikros - аз). · Антропотопонимдер – адам қолынан пайда болған географиялық нысандардың аттары (гр. antropos - адам).
Картография өз өнімдерімен шаруашылықтың көптеген салаларын, ғылымды, мәдениетті, білімді және қоғамның қызмет көрсету сфераларын қамтамасыз етеді.Өз кезегінде картография қажетті мәліметтерді алу үшін түрлі көздерді қолданады –олар картаны құрастыруға пайдаланылатын әртүрлі құжаттар.
Мәлімет жинақтаушы көздер:
* астрономия-геодезиялық мәліметтер;
* жалпы географиялық және тақырыптық карталар;
* кадастрлық мәліметтер, жоспар және карта;
* дистанциялық зондпен тексерілу материалдары
* тікелей өлшеу мен бақылау мәліметтері;
* гидрометеорологиялық бақылау мәліметтері;
* экологиялық және басқа да мониторинг мәліметтері;
* экономика-статистикалық мәліметтер;
* сандық модельдер;
* лабораториялық талдау нәтижелері;
* әдебиеттер (мәтіндік) көздер;
* теориялық және импирикалық заңдылықтар.
Құрастырылатын карталық өнімнің қолданылу мақсатымен тақырыбына байланысты бұл мәліметтер көзі негізі, қосымша және көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Мысалы, экономикалық-географиялық карталар үшін негізгі көздер болып статистикалық есеп мәліметтері, ал фотогеоглогиялық карталар үшін- далалық геологиялық түсірім материалдары саналады.
Мәлімет жинақтау көздері картографиялық обьектінің қазіргі жағдайын көрсететін және ескірген, оның өткен немесе ертеректе зерттелген сатысын көрсететін болып бөлінеді. Кей жағдайларда, мысалы, тарихи карталар, палеографиялық конструкциялар және құбылыс динамикаларын көрсету қажет болған жағдайда ескі мәліметтер өте құнды болып есептеледі.
Сонымен қатар, картографияға қажет мәлімет көздерін алғашқы- тікелей өлшеу және бақылау жүргізілуден алынған мәліметтер және соңғы –алғашқы материалдарды өңдеу және өзгерту нәтижелерін пайдаланудан алынған мәлімет көздері деп екіге бөлінеді. Алғашқы және соңғы мәлімет көздері өңдеу процесі кездерінде өздерінің нақтылығы, дәлділігі, тұжырымдалу деңгейі, генерализациялану дәрежесіне және тағы басқа сипаттамалырына қарай енгізіледі.
Картадағы
жазулар
Топонимдер
Гидронимдер
Оронимдер
Этнонимдер
Зоонимдер
Терминдер
-Геологиялық
Географиялық
-Мұхиттық
-Әлеуметтік
Түсіндірмелі
жазулар
-Сапалық
-Сандық
-Хронология
-Географиядық
торға түсінік
-Жүру таңбаларына
түсінік
Достарыңызбен бөлісу: |