Р — витамин
Р — витамині (“Pemeape деген латын сөзінен алынған ) тек қана өсімдіктерден табылған.
Р витамині С витаминімен қосылғанда жақсы әсер етеді, оның бойға сіңімділігін арттырады, оны қышқылдандырудан алдын ала сақтандырады деген де ұғым бар. Р және С витаминдері зат алмасуының көптеген процестеріне қатысады да әдетте сонда бас қосады. Сондықтан Р витамині аскорбин қышқылына бай өсімдіктерде (итмұрын, қара қарақат, қарлыған, бұрыш, капуста, көп қабатты пияз, кресс – салат, фенхель) көп болады.
Е дәрумені
Е дәрумені- белсенді антиоксидант, жасушалы қ мембраналардың тотығудан зақымдануының әмбебап қорғаушысы; жасушаның қоректенуін жақсартады; қан тамырларының қабырғаларын нығайтады; жыныстық функциялардың сақталуына ықпал етеді; шашты және теріні, тырнақты жақсартады; обырдың таралуын бәсеңдетеді; дәрігерлер қант диабетінде де тағайындайды; ретинол мен басқа да майда еритін витаминдердің сіңуіне ықпал етеді; жүрек ауруында қан қысымын төмендетеді. Зығыр, бақ бақ, жоңышқа, қалақай, сұлы, таңқурай жапырағы, итмұрын жемісі, шырғанақ, асқабақ дәндері, жүгері майы ,Зығыр-лен ,Бақ бақ –одуванчик, Жоңышқа-люцерна, Таңқурай-малина
К витамині
К витамині (К – коагуляция деген сөздің алғашқы әріп) қанды ұйытуға себепші болады, мұның өзі қансыраған кезде, кесілген жарақат кезінде үлкен маңызы бар.
К — витаминіне бай өсімдіктерді қайнатпа күйінде және галендік дәрі – дәрмек ретінде, мәселен жүгері аналық аузын, қалақай жапырағын, жұмыршақты, қызыл тамырды, мың жапырақты пайдалынады. Бұл витамин көкөністердің ішінен: ақжелкенде, фенхельде, капустада, сәбізде мол болады. Организімде К витаминінің болмауынан болар – болмас жарақаттың өзі ұзақ уақыт бойы қанайды.
Қорытынды бөлімде: Витаминдерді қолдану әдісі тегінде витамин профилактикасына байланысты жасалынады. Айталык, тағамда витаминдердің жетіспеуі организімнің жұқпалы ауруларга, әртүрлі авитаминоздарға және баска да ауруларга қарсылық көрсетуінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі кезде кейде химиялық таза табиғи немесе синтетикалық дәрі – дәрмек қолданылады, бірақ витаминдерге бай қайсыбір өсімдіктерді ( жас не кепкен күйінде ) қолдану жақсы нәтиже беріп жүр, өйткені оларда витаминдер жиынтығы мен тұздардың болуы өзара әсер ету күшін ұлғайта түседі.
Презентация дизайнына келетін болсақ, жұмыс 14 слайдтан тұрады. Фонының түсі және шрифт талапқа сай келеді. Орфографиялық қателіктер жіберілмеген.
Жұмыстың артықшылығы: Тақырыпқа сай сұрақтар қарастырылды.Тақырып кең ашылған. Өте түсінікті.Сызбанұсқалар, тақырыпқа сай суреттер және кесте қолданылған.
Жұмыстың кемшіліктері:Жұмыстан ешқандай кемшілік байқамадым.
Жалпы қорытынды: студенттің жұмысына «өте жақсы» деген баға беремін.
Рецензент: Килишбаева Дилара
Достарыңызбен бөлісу: |