Приказ №579 город Астана



бет4/7
Дата31.01.2018
өлшемі1,66 Mb.
#37030
түріПриказ
1   2   3   4   5   6   7

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;


3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.»;

осы тізбеге 27-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.»;

осы тізбеге 28-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:

«10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;


2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.


10-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.»;

2-қосымша осы тізбеге 29-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы тізбеге 30-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

қосымша осы тізбеге 31-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы көрсетілген мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

2-қосымша осы тізбеге 32-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр екі фотосуреті;

3) нотариат куәландырған аудармасымен көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

4) отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне ЖСН берілгені туралы анықтаманың көшірмесі немесе ЖСН бар екендігін растайтын (бар болса) өзге де құжаттар қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, оларға көрсетілетін қызметті алушының және тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген, Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға жатқызылғанын растайтын құжаттардың (аттестат, диплом, білім алғаны туралы куәлік, еңбек кітапшасы және тағы басқалар) көшірмелері беріледі.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаян мен фотосуреттен басқа) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтінішті тіркеу туралы хабарлама беріледі;

Мемлекеттік корпорацияда – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

2-қосымша осы тізбеге 33-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, сондай-ақ ақпараттық жүйеден тиісті төлемдерді тағайындау немесе төлемдер тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған немесе ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығының болмауы жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы төлемдерді тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:

«10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 59126 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.


10-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы Стандартта белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінеді.»;

2-қосымша осы тізбеге 34-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 маусымда № 11507 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларында:

10-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен жәрдемақыны тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын ақпарат алу кезінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге кідіртпестен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Қолхатқа Мемлекеттік корпорацияның ЭЦҚ-сы қойылады.»;

11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтініш беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Автоматты режимде шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындау, тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.»;

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Уәкілетті орган мынадай негіздер:

1) өтініш беруші жәрдемақылар алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

2) өтініш берушінің және (немесе) төлем тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша жәрдемақыны тағайындаудан бас тартады.

Өтініш беруші жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші қайта жүгінеді.»;

45-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтініш беруші осы Қағидалардың 42-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

49-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Автоматты режимде шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау, тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.»;

мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:

«52-1. Уәкілетті орган мынадай негіздер:

1) өтініш беруші жәрдемақылар алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

2) өтініш берушінің және (немесе) төлем тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша жәрдемақыны тағайындаудан бас тартады.

Өтініш беруші жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші қайта жүгінеді.»;

73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«73. Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақыны келесі тоқсанға тағайындау үшін қайта жүгінген жағдайда, осы Қағидаларға 20, 21, 22-қосымшаларда қамтылған мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде осы Қағидаларға 19-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тек өтініш бланкісі толтырылады.»;

осы тізбеге 35-қосымшаға сәйкес 19-2-қосымшамен толықтырылсын;

76-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтініш беруші осы Қағидалардың 70-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:

«79-1. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган мынадай негіздер:

1) өтініш беруші жәрдемақылар алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

2) өтініш берушінің және (немесе) төлем тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидамен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындаудан бас тартады.

Өтініш беруші жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші қайта жүгінеді.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидаларында:

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар, олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік төлемдер түріндегі табыстарды алу зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесімен не «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері беретін анықтамамен расталады.».

4. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған):

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйесінде жоқ электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асыратын уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация түпнұсқада берілген құжаттарды сканерден өткізеді, олардың түпнұсқалығын куәландырады, содан кейін өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен бірге қайтарады.

Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен бір жұмыс күні ішінде электрондық түрде уәкілетті органға жібереді. Электрондық өтінім Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

Уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың дәйексіз және толық емес топтамасын және (немесе) деректерді (мәліметтерді) және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Өтініш беруші бас тарту себептерін жойғаннан кейін келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қайта жүгінеді.»;

6-1-қосымша осы тізбеге 36-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінің маманы өтініш берушіден жәрдемақы тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың  5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Өтініш беруші осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтарымен толықтырылсын:

«9-1. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мынадай негіздер:

1) өтініш берушінің жәрдемақы тағайындау үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

2) өтініш берушінің және (немесе) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша жәрдемақыны тағайындаудан бас тартады.

9-2. Өтініш беруші жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту себептерін жойған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жәрдемақыны тағайындау үшін қайта жүгінеді.».

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрығына

1-қосымша

Мемлекеттiк базалық зейнетақы

төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру,

сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы

төлемдерін, мүгедектігі бойынша,      
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша

және жасына байланысты берілетін    


мемлекеттік базалық әлеуметтік       
жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы 
жәрдемақыларды тағайындау        
және жүзеге асыру қағидаларына      
2-қосымша
Нысан

Ауданның коды _______________________

Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _________________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Өтiнiш

Азамат (ша) ______________________________________________________

            (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күнi: ______ жылғы «___» __________

Жеке сәйкестендіру нөмірі:______________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _______________________

Құжаттың сериясы: _______ құжаттың нөмірі: ______ кім берген: ____

Берілген күні: _______ жылғы «___» __________________

Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы: _________________________

_______________________________________________________ облысы

__________________________ қаласы (ауданы) ___________________ ауылы

_________ көшесі (шағынауданы) ______________ үй ____________пәтер

Маған, мүгедек балаға, қамқоршылықтағы адамға (қажетінің асты сызылсын)

_____________________________________________________________

(заңды өкілі өтініш берген жағдайда мүгедектігінің санаты, баланың немесе қамқоршылықтағы адамның тегі, аты, әкесінің аты және туылған жылы көрсетілу қажет) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (қажетінің асты сызылсын) тағайындауды сұраймын.

Ескертпе:

Бұрын басқа негіздер бойынша немесе басқа ведомстводан төлемдер тағайындалғанын/тағайындалмағанын (қажет емесі сызылып тасталсын) хабарлаймын.

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқығым бар екені хабарланды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. 

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с



Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1










2









Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

үй телефоны _______ ұялы телефон _________ Е-mail ____________

өтініш берген күні: 20__ жылғы «___» __________

Өтініш берушінің қолы ________________________________________

_____________________________________________________________

құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

------------------------------------------------------------------------------------------

(қию сызығы)

Азамат _______________________________ өтініші мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға қабылданды.

Құжаттарды қабылдаған күн: 20__ жылғы «___» __________ (көрсетілетін қызметті алу күні өтінішті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде тіркеген күннен бастап).

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынған үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

_________________________________________________________________

өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрығына

2-қосымша

Мемлекеттiк базалық зейнетақы       
төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру,

сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы

төлемдерін, мүгедектігі бойынша,

асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша

және жасына байланысты берілетін    
мемлекеттік базалық әлеуметтік      
жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы 
жәрдемақыларды тағайындау        
және жүзеге асыру қағидаларына      

7-қосымша                  


Нысан

________________________________________________________________


(түрі көрсетілсін)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет