Приказ №579 город Астана


тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы



бет6/7
Дата31.01.2018
өлшемі1,66 Mb.
#37030
түріПриказ
1   2   3   4   5   6   7

тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы

№ ______ қолхат


20__ жылғы «___» __________
Азамат (ша)_____________________________________ __________________
                (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні _____ жылғы «___» ____________
Қамқоршы ________________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________
_________________________________________________________________

Құжаттардың толық емес топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну, төлемге құқығының болмауы себебі бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.

__________________________________________________________________

(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрығына

11-қосымша

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды

тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша

Нысан

________________________________________________


(түрі көрсетілсін)

тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы

№ ______ қолхат


20__ жылғы «___» __________
Азамат (ша)_______________________________________________________
                (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні _____ жылғы «___» ____________
Қамқоршы ________________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________
_________________________________________________________________

Құжаттардың толық емес топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну, төлемге құқығының болмауы себебі бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.

__________________________________________________________________

(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрығына

12-қосымша

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша

Нысан

________________________________________________


(жәрдемақының түрін көрсету)

тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы
№ ______ қолхат


20__ жылғы «___»_____________
Азамат (ша) ______________________________________________________
       (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____ жылғы «___» _____________
Қамқоршы __________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________________

____________________________________________________________________

Құжаттардың толық емес топтамасын, төлем тағайындау үшін талап етілетін ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді ұсынбау, және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну, төлемге құқығының болмауы себебі бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.

____________________________________________________________________


(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрығына

13-қосымша

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына


3-қосымша

Жәрдемақы алуға құқықты растайтын құжаттардың тізбесі
Жәрдемақы алуға құқықты растайтын құжаттар мыналар:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегінің куәлігі;

2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежедегі Даңқ орденінің, үш дәрежедегі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері үшін – награданың куәлігі және (немесе) Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігі;

3) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар үшін – «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілгенін растайтын құжаты;

4) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар үшін:

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтіліне есептелген қалаларда қызмет өткерген бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң) сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі жасалған зейнетақы куәлігі;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армияның құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарған не тиісті кезеңде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтіліне есептелген қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті құрамдағы адамдары үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армияның және флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк балалары (тәрбиеленушілері) ретінде болған жеткіншектер мен юнгалар – белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;

екінші дүниежүзілік соғыс жылдары шет елдердің аумақтарында партизандық жасақтардың, астыртын топтардың және басқа да антифашистік құрамалардың құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы ұрыс әрекеттеріне қатысқан адамдар – белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;

Қатынас жолдары халықтық комиссариаты, Байланыс халықтық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының, Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік еріксіз аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттерді атқарған жұмыскерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;

қоршау кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтар – «Ленинградты қорғағаны үшін» медаліне немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісіне қоса берілетін немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;

екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа, еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары – жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі не екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлерде, геттоларда және басқа да еріксіз ұстау орындарында еріксіз ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;

басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер;

ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, әскери комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгі жасалған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендігін растайтын құжат және жараланғанын, контузия алғанын немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендеріне және медальдарына қоса берілетін куәлік;

1986 – 1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар үшін – Чернобыль АЭС-індегі аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі аварияның немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысу, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысу фактісін растайтын анықтама;

5) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер үшін – әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек екендігі туралы куәлігі (Кеңес Армиясы мүгедегінің жеңілдіктерге құқығы туралы), жараланғаны, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі жасалған зейнетақы куәлігі;

қызметтік міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы туралы анықтама, ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті анықтамасы немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі жасалған зейнетақы куәлігі;

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украина КСР-і, Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстон КСР-і аумақтарында іс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерімен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі жасалған зейнетақы куәлігі;

басқа елдерде іс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, тиісті санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедек болуын растайтын құжат немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі жасалған зейнетақы куәлігі;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысы бар олардың балалары үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органының Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектігі туралы анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептік байланысын анықтау жөніндегі орталық ведомствоаралық кеңестің қорытындысы;

6) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары мен қайта некеге тұрмаған жесірлері үшін – әскери қызметшінің қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама немесе әскери комиссариаттан қаза табу немесе хабар-ошарсыз кету фактісі туралы анықтама, әскери қызметшімен туыстық қатысын растайтын құжат (неке туралы куәлігі, балалардың туу туралы куәлігі);

7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің қайтадан некеге отырмаған әйелі (күйеуі), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелі (күйеуі) үшін – неке туралы куәлігі, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік, жұбайының (зайыбының) мүгедектігін растайтын құжат;

8) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің қаза табу немесе хабар-ошарсыз кету фактісі туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық қатысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза табу немесе хабар-ошарсыз кету фактісі туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық қатысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары үшін – қаза тапқан адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза табу фактісін растайтын ішкі істер органдарынан алынған анықтама немесе құжат, қаза тапқан адаммен туыстық байланысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері);

Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары үшін – қаза тапқан адамның өлімі туралы куәлік, Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық қатысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ, өлімі белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары үшін – сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектің, сондай-ақ, өлімі белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсеріне байланысты болған азаматтың өлімі туралы куәлік, өлімнің радиация әсерінің салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық қатысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

9) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе марапаттау куәлігі немесе мұрағат анықтамасы немесе марапатталу фактісі туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;

10) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшін – еңбек кітапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәліметтері бар өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтері бар әскери билет немесе анықтама.

1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәліметтері бар өзге де құжаттарға:

жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелері берген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар құжаттар;

бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзінді көшірмелер;

коммунистік партия немесе кәсіподақ мүшелерінің мүшелік билеттері немесе есеп карточкалары;

қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс өтілін анықтау жөніндегі, зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссиялардың шешімдері; сот шешімдері; арнайы комиссиялардың шешімдері;

1998 жылға дейін берілген жеңілдіктерді алуға құқығы туралы куәлік;

фабрика-зауыт училищелерінде оқу фактісін растайтын анықтамалар жатады;

11) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз бетімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшін – Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушының куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысу фактісін растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлігі;

12) I, II және III топтағы мүгедектер, оның ішінде 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама;

13) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама;

14) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, I және II дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар үшін – марапатталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаттар;

15) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшін, олар кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспайтын) – балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің және балалардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы), неке қию (некені бұзу) туралы куәлік, өтініш беруші деректерінің баланың туу туралы куәлігіндегі деректерімен айырмашылығы болған жағдайда, сондай-ақ он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін асырауындағы адам оқудың күндізгі нысанында білім алатын жағдайда жыл сайын берілетін оқу орнының анықтамасы;

16) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар үшін – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектік топты белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) анықтамалары, зейнеткерлік куәліктері, ақталған азаматтың куәліктері немесе прокуратура органдарынан немесе ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдарынан алынған ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешімі;

17) Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар үшін – дербес зейнеткер куәлігі немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы белгілеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін шешімдерінің тізбесіне

14-қосымша

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»


мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына 


4-қосымша
Нысан

____________________________


____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделеген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) .............................

ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты ____________________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

____________________________________________________________________    Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),


    қолы
      Орындаушы: ______________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Телефон__________

      Алдым: __________________________________________________________

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы

      20 ____ жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрығына

15-қосымша

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап  алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша
Нысан
________________________________________________
(жәрдемақының түрін көрсету)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет