әртүрлі жолдармен, тәсілдермен оқып, үйренуге жағдай жасайды: тағам даярлауға, жазу- сызумен, құрылыспен, көңілді отырыстар өткізумен, аула кеңістігін ұйымдастырумен, кітап оқумен, ағаштармен жұмыс істеумен, құм және сумен ойнаумен, өнермен, математика және табиғатты тану жұмыстарымен шұғылдануға;
өздері жасаған жұмыстарын көрсетуге орын табуға мүмкіндік жасайды;
«Тәй- тәй» технологиясы тәрбиешілер:
балалардың қалай жетіліп- дамуын түсіне;
ойын үрдісі мен сабақтарда балаларды қадағалауға уақыт бөледі;
балалардың мүддесі мен тлабын негізге ала отырып, аса ұқыптылықпен әрқайсысына жеке және топтық міндеттер жоспарлайды;
ортаның әсерлі және икемді ұйымдастырылғанын қамтамасыз етеді;
балаларды өз мәселелерін шешуге ынталандырады және бір- біріне сыйластықпен қарайтындығы үшін мадақтайды;
балалардың алдына өздері жауабын табуға тиісті зерттеу жұмыстарын қояды деп болжайды.
«Тәй- тәй» бағдарламасының авторлары оқытудың жаңа үлгісін құрастыруды ұсынды. Оның мақсаты: балалардың ақпаратты лезде қабылдап, оны қазіргі күнмен байланыстыра білу дағдыларын қалыптастыру. Бұл бағдарлама баланың қоғаммен өзара байланысын түсінуге мүмкіндік береді. Оқытудың жаңа үлгісі бойынша әр балаға өз ой-пікірін ортаға салуға мүмкіндік береді. Мұнда педагог қана емес, бала да өзіңнің байқау тәжірибесімен, ақпаратпен бөлісе алады. Егер бала сабақ үстінде алған білімін өз тәжірибесімен байланыстырмаса, салыстырмаса, онда ол ешқашан да ештеңені де түсінбейді. Жаңадан берілген ақпараттың барлығы баланың өмір тәжірибесіне негізделу керек.
Халықта «Баланы тек өзіңіздің біліміңізбен шектемеңіз, олар басқа уақытта туған» деген бір мақал бар. Сондықтан баланың тұлғалығымен, шығармашылығымен санасу керек.