Примерные



бет45/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Таңғы шеңбер

Орындау стандарты: балалардың өз қызметін ұйымдастыруға және өз таңдауын ұғынып- білуге үйретіңіз.

Бұл уақыт сәбидің не істегісі келетінін және өз жұмысын жоспарлағанын түсінуі үшін бөлінген. Ал тәрбиеші үшін бұл уақыт материалдарды таратып беруге және бір күн ішіндегі оқиғалардың реттілігін белгілеуге бөлінеді. Күнді бастай отырып, балалардың соңғы уақытта жұмыс істеп жүрген жобасының жағдайын бағалауға болады. 3 жастағылар күнді әңгімелесусіз бастайды. Олардың әрқайсысы өзінің немен айналысқысы келетінін жай ғана айтуының өзі жеткілікті. «Бүгін өнер бұрышында біз сурет салумен айналысамыз» немесе «Бүгін біздің өрт сөндірушілерге қонаққа баратынымызды естеріңе салайын». Балалар өз таңдауларын білдіре алмауы мүмкін және көбінесе мұғалімнің көмегіне сүйенеді, мысал үшін: «Кеше сендер қатырма қағаздан үй құрастырыңдар. Бүгін соны боясақ қайтеді?» немесе «Сендер құммен ойнайсыңдар ма, әлде кубиктерден үй тұрғызасыңдар ма?». 4,5 және 6 жастағы балалар күндізгі күн кестесін бірге қарап, өздерінің немен айналысқысы келетінін бірге талқылай алады. 5 және 6 жастағыларды ешкімнің көмегінсіз-ақ өздерінің күн кестесін оқып, біле алатындығынан мақтаныш сезімі билейді. Ертеңгі кездесулері балаларға, сондай- ақ, үй- ішінің жаңалықтарын бір- біріне айтуға мүмкіндік береді.

Кішкентай балалардың ертеңгі жиынға қатысқысы келмеуі немесе кез -келген уақытта өз ойымен айналысу үшін оны тастап кету мүмкіндігіне ие болуы тиіс екендігін есте сақтау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет