Қатені өз бетінше бақылау. Өз қатесін бақылау арқылы бала материалмен жұмыс жасап үйренеді. Сәби өз қателігін түсіне, оны өзі шешуге тырысады.
Әлеуметтік орта. Дайындықтан өткен педагогтар, ол осы жастағы балалардың даму мен тәрбие заңдылықтарын білетін, әріптестік педагогикасын ұстанатын педагогтар. Педагогта өз рөлі мен міндеті бар. Ол балаларды сүйе, кез келгенін табаиғатынан қалай болса, солай қабылдай алып қана қоймай, бала мен оны қоршағандар арасындағы келістіруші.
Психологиялық орта:
еш шартсыз қабылдау;
қолдау;
ережелерді сақтау.
«Тәй- тәй» технолгиясы дайын үлгілер, сабақ жоспарларының жиынтығы емес және балалар не істегісі келсе, соны істеуге жол беретін бетімен жіберу жүйесі де емес. Бұл әбден ойластырылған жағдай, топтық және жеке тәрбиешілер алдына қойған мақсаттар, сонадй- ақ бұл жоспарланған және сонымен бірге баланың аяқ астынан туған мүдделері мен және тәрбиешінің біліміне сүйенген белсенділік.
Топ бөлмесіндегі жағдай жайлы болып және оған өзгерістер енгізу жеңіл болуға тиіс. Эдвардс, Гандини және Форман (1993жыл) жағдай туралы мынадай пікір білдірген: «Оқуға үйренетін кеңістік балалардың және тәрбиешілердің бастамасы бойынша оның сол сәтке сәйкес келетіндей және балалардың танымдық қажеттіліктеріне жауап беретіндей жиі- жиі өзггертіліп отырылуы тиіс. Бұл кеңістік онда тұратын адамдардың идеялары, құндылықтары, қағидалары және мәдени ерекшеліктері көрініп тұратын аквариум әсерін беруі тиіс».
Жағдай сәбидің табиғи білімқұмарлығын ынталандыруға тиіс. Тәрбиешілер кеңістікті ұйымдастыруға, материалдарды таңдауға, сондай- ақ балаларды материалдар мен жабдықтарға ұқыпты қарауға үйретуге және көтермелеуге жауапты. Тәрбиешілер туындайтын мүдделерін қанағаттандыру үшін бөлмелерді ұйымдастыруға және материалдар құрамына қажет болатын өзгертулерді жиі түрде енгізуге тиіс және балаларды барлық өзгертулрге байланысты шешімдер қабылдау үрдісіне тартуға тиіс. Егер балалардың ұсыныстарын орындау мүмкін болмаса немесе олар ыңғайлы болмаса (мысалы үшін, бөлме оның ішінде велосипед тебетіндей кең болмаса), балаларға мұның себептерін түсндіру қажет. Балаларға материалдарды шығармашылық түрде пайдалануға жағдай жасаңыз және жұмысқа барынша берілуі үшін оларға жеткілікті уақыт беріңіз. Олардың жасаған жұмыстарының бағалануы және көрмеге қойылуы қажет, ортаның ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі «Тәй- тәй» бағдарламасы елдегі қолданып жүрген мектепке дейінгі балалар тәрбиесі жүйесін жетілдірудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Бағдарламаға сәйкес 25 баладан тұратын әр топта, бір уақытта бір тәрбиеші мен екі ассисент жұмыс істеуі керек. Жұмыс қызған кезде үшінші ассисент көмекке келуі мүмкін. Бұдан басқа тәрбиеші жұмысына көмек беретін тағы бір адам- бағдарлама менеджері- ол балалар тобы тұрмыс- тіршілігіне ата- аналарды тарту ісіне жауапкершілік жүктейді. Тәрбиешілер еңбекақысы жергілікті «(ведомствалық немесе мемлекеттік) бюджеттен төленеді. Мүмкіншілік болса ассисент және тәрбиеші қызметі бағдарламаға қатысушы балалардың ата- анасына берілуі тиіс.
Бағдарлама менеджері – бұл жаңа толық құқықты, жаңашыл бағдарламаны жүзеге асырушы басты лауазым. Менеджердің бірінші міндеті- отбасына балабақшамен қызмет көрсетудің түрлі аспектілерін реттеуді іске асыру. Оған көптеген міндеттер кіреді, соның ішінде осы бағдарламаға енгізу үшін балалар (отбасы) іріктеу мен тізімге енгізу, тәрбиешілер мен ассисенттерді іріктеп, жұмысқа алу, ата- аналарды бағдарламаға тарту жолдарын белгіліп, ойдағыдай жұмыс істеу стратегиясын іске асыру, отбасының медициналық және әлеуметтік жағдайына ықпалын тигізе алатын қоғамдық мекемелермен байланыс орнату, бағдарламаға қатысушы ата- аналардың қажеті үшін балабақшаларда арнайы орын ұйымдастыру, және оны күтіп ұстау. «Тәй- тәй» технологиясын екі жолмен жүзеге асыруға болады: қолда бар балабақшалардың инновациялық топтарында немесе жаңадан құрылған мекеме базасында ұйымдастырылады. «Тәй- тәй» технологиясы тек бірнеше топта жүргізіліп, қалғандары басқа бағдарламалармен жұмыс істеген жағдайда, менеджер инновациялық топтардың қызметін басқалармен үйлестіріп отырады. Мысалы, инновациялық топтар басқалармен қатар жұмыс істеген жағдайда, атқарылатын міндеттерді балабақша меңгерушісімен келісіп реттейді. Жұмыс барысында бірін- бірі қолдап, қажетсіз қайталауды болдырмау үшін, өз қызмет міндеттерін балабақша әдіскері және басқа мамандармен келісіп реттейді. Әр балабақшада инновациялық топтар мен менеджер пайдалана алатын отбасы бөлмесінің болуы шарт. Отбасы бөлмесі ата- аналар бір- бірімен еркін араласып, бала тәрбиесі жөнінде әдеби құралдар таңдап, немесе өз баласына уақытша пайдалануға ойыншық, кітап алып тұруы үшін қажет.
Жоспарлау
Жоспарлау бағдарламаны жасау мен оны жүзеге асырудың маңызды бөлігі болып табылады. Ол тәрбиешілер ұжымының жұмысын бір қалыпты, сабырлы түрде жүргізуге жағдай жасайды және рөлдер мен міндеттерді бөлуге байланысты келіспеушіліктер, түсініспеушіліктерді болдырмайды. Жоспарлауды түгел ұжым апта сайын жүзеге асыруға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |