Примерные


Бағдарламаның балаларға ұсынатындары



бет49/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Бағдарламаның балаларға ұсынатындары:

  • кәсіптерді таңдау мүмкіндігі;

  • зерттеу іс - әрекеттерінің мерзімі;

  • өнер, математика, құрылыс, жазба жұмыстармен айналысу.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің өсіп-өркендеуіне, ұстаз-тәрбиешілердің біліктілігін көтеру жолында талмай қызмет істеп келе жатқан «Сорос – Қазақстан» қорының халықаралық «Тәй-тәй» бағдарламасы болып саналады. Осы қордың ұсынып отырған әдістемелік беттерінде жарияланған көңілге қонымды нұсқаулардың бәрі де ата-ана, мұғалім, тәрбиеші, әдіскерлерге ерекше міндеттер жүктеп, ғылыми бағдар көрсетіп келеді.

«Сорос» бағдарламасының тұрақты жүргізетін міндеттері де бар.



Олар:

  • әрбір бала үшін жеке бағдарлама жасау;

  • жұмысты жоспарлау және орталықтардың ұйымдасу белсенділігін жүзеге асыру арқылы балаға көмектесу;

  • оған отбасының қатысуы.

Негізгі мақсаты:

Балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес келетін және баланың әлеуметтік, интеллектуалдық, эмоционалдық, сондай-ақ денесінің өсуіне жағдай жасайтын үйрету ортасы мен жан-жақты тәжірибені орнықтыру болып табылады.

Осы мақсатты орындау барысында педагогикалық ұжым оқу-тәрбиелік жұмысын жаңадан ұйымдастыруда.

Біріншіден:


  • Таңғы жиында балалардың өз қызметін, күні бойғы жұмыс кестесін ешкімнің көмегінсіз–ақ оқып біле алатындығына көз жеткіземіз.

Ертеңгі кездесулер балаларға, сондай-ақ үй-ішінің жаңалықтарын, бойында туған қуаныштарын бір-біріне айтуға мүмкіндік береді және де күні бойы баланың көңілі көтеріңкі болуына жол ашады.

Екіншіден:

  • Балаларды ойынға қызықтырып тұратын дидактикалық құрал-жабдықтар арнайы жабдықталған бөлмеде орналастырылады.

Бұл бөлмелерді біз белсенділік орталықтары деп атаймыз. Белсенділік топтары және шағын топтардың құрамындағы жұмыс табиғи түрдегі өзара іс-қимыл жағдайларды туғызады.

Тәрбиешілердің айтуынша, олардың жұмыс барысында балалар проблемаларды шешеді, шешімдер қабылдайды, өздерін танытуға талпынады, бұрынғыдан да тәуелсіз бола түседі және білімдері мен шеберліктерін жетілдіреді.



Үшіншіден:

  • Баланың алғашқы тәрбиешісі ретінде отбасының басты роль атқаратынын балабақша қызметкерлерінің терең түсінуінің маңызы өте зор.

Балалар арқылы тамырласып, ынтымақтасып отырған отбасы мен педагогикалық ұжымның арасындағы байланыс түрлерінің тиімді жолдарын көрсететін жұмыстар да көпшілікке мәлім.

Атап кетсек, оның ішінде:

  • ата-аналар конференциялары;

  • балалардың алға басу құжаттарымен танысу;

  • жеке құжаттармен жұмыс;

  • қолда топтарының мәжілістері;

  • бейресми және кезектен тыс жиналыстар;

  • ақпараттық парақшалар, күнделіктер, жазбалар;

  • ресми жылдық қорытынды есеп;

  • отбасылық кеңес комитетінің жиналысы;

  • отбасы бөлмесіне қатысу;

  • педагогикалық оқу-тәрбиелік жұмысты бірлесіп жоспарлау;

  • белсенділік орталықтарында оқу-тәрбиелік бағыттыр ұйымдастыру;

  • қоғамдық шараларға бірлесіп қатысу;

  • бағдарламаны насихаттау жұмыстары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет