Примерные



бет46/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Сабақты таңдау

Біреу- күннің бірінші жартысына, екіншісі- күннің екінші жартысына жоспарланатын бұл екі кезең балаларға айналаны пайдалануға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл оның барысында балалардың өз бетінше немесе шағын топтардың құрамында әрекет ететін ойын сабақтарының уақыты болып табылады. Бастама екендігін пайдалана отырып, олар әртүрлі шығармашылық тәсілдер мен жолдарын жүзеге асыра отырып, белсенділік орталығындағы жайылып қойылған материалдар мен жабдықтарды пайдаланады. Бұл кезеңде тәрбиешілер балалардың істеген жұмысын түсіндіре отырып, сауал қойып және не істеп жатқандары туралы әңгімелеп беруін талап ете отырып, балалардың арасында жүре алады. Ал ересек топтарда тәрбиеші жұмысын өз ойларына сәйкес ұйымдастыра алады: мысалы үшін, әдебиет пен немесе математикамен айналысуы мүмкін. Аталған уақыт ата- аналардың немесе басқа да ересек келушілердің басшылығымен жобалар бойынша жұмысқа немесе әлдебір ерекше қызмет түріне (мысал үшін, ас әзірлеу) арналуы мүмкін. Тәрбиешілердің балаларды жұмыс үстінде бақылауы және не істейтінін, сондай-ақ топпен бірге немесе өз бетінше жұмыс істей алатындығын және бір іспен қаншалықты уақыт айналыса алатынын белгілей отырып, жазба жүргізуі аса маңызды. Қызмет түрлері мен материалдар балалардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыруға және шығармашылық тұрғыдан ынталандыруға көмектесетіндей етіп таңдап алынатынын естеріңе саламыз. Балалардың жұмыс істеуі оларды шаттыққа бөлеуге және өздерінің қозғалыс- қимылына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.



Алмасулар

Бір сабақтан екіншісіне алмасу көбінесе балалар үшін де, тәрбиешілер үшін де мәселе тудырады. Балалардың барлық тобы бір белсенділік орталығынан екіншісіне ауысқан кезде едәуір қиын жағдай туындауы мүмкін, сондықтан да балалардың қызмет түрін ауыстырар алдында олардың өз жұмысын аяқтауы үшін уақыт бөлуді қарастыру керек. Сіз балалардың жұмысына деген өзіңіздің сыйлаушылық сезіміңізді мынадай жолдармен білдіре аласыз:



  • Жұмыс аяқталуға жақын қалғанда былай деп хабарлауға болады: «Музыка әуені ойналып біткенше сендер жұмыстарыңды аяқтауларың керек және содан соң біз таңғы асымызды ішеміз» немесе әлде қайда ересек балаларға: «Біздің таңғы асқа дейін 10 минут уақытымыз қалды» деп, содан соң: «Таңғы асқа дейін 5 минут қалды» деп, т.б. хабарлауға болады.

  • Бөлме ішін аралап жүріп, балаларға келесі қызмет түріне даярлануына көмектесуге болады: «Мен саған ермексазды қорапшаға жинастыруыңа көмектесейін».

  • Балаларға олардың жұмысын аяқтау үшін жеткілікті уақыт беріңіз, ал оны аяқтағандарға – қолына кітап алып оқуды ұсыныңыз.

  • Балаларға ересектерге бөлме ішін жинауына көмектесуді жүктейтін міндеттер кестесін іліп қойыңыз.

  • Әлдебір іспен қатты әуестеніп қызыға айналысқан балаларға, сәбидің жасағаны бұзылмауы немесе лақтырылып тасталмауы үшін шара қолдана отырып, оны түстен кейін жалғастыруына рұқсат етуге болады.

  • Алмастыруларды балалардың өз дағдысы бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін күн кестесі арқылы барынша азайтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет