Ең алдымен есте болсын:
Біріншіден, ол- баланы оқуда бір нәрсеге қызығушылықпен көңіл бөлуінде. Екіншіден, түрлі жастағы балар әріптестігі- баға жетпес база болмақ. Үшіншіден- тәртіп. Барлық жұмыс қызығушылыққа негізделе өз таңдауы бойынша жүргізіледі.
Арнайы дайындалған білім беру ортасының мазмұны
Арнайы дайындалған білім беру ортасы – ол күнделікті жағдайлардан ерекше, қатаң өзіндік тәртіпті сақтайтын орта. Ол мақсатты дайындалады, өйткені бұл жаста бала тәртіптің сензетивті кезеңін өтеді.
Бөлме. Бөлме шектеулі болуы қажет, өйткені бала әрдайым жұмыс үшін жеке орын іздейді. Бөлменің шектеулігі балаға бір нәрсеге назар қоюларына мүмкіндік береді.
Жиһаз, заттар. Барлық жиһаз балалардың бойына сәйкес әрі педагог пен балалардың бірлесе жылжытуына ыңғайлы жеңіл болуы тиіс. Балалармен жұмыс үшін қажетті барлық заттар баланың көзінің деңгейінде орналастырылуы қажет. Бала кез -келген материалдың педагогтың көмегінсіз өзі ала білуі керек.
Кеңістік. Ол үстелдерде жұмыс жасауға ыңғайлы, сонымен қатар арнайы материалдар мен ойнауға қажетті кілемшелер төселген жер болады.
Зоналарға бөлу. Сөрелердегі барлық материалдар баланың сензетивтік кезеңіне сәйкес, сонымен қатар қызмет түрлері бойынша бөлек- бөлек орналастырылады (математика бір жерде, тілді дамытуға байланысты материалдар басқа жерде).
Достарыңызбен бөлісу: |