9.2 Материалдық емес активтердің есебі
Ұзақ мерзімді активтер және олардың жіктелуі
Ұзақ мерзімді активтер деп - кәсіпорынның шаруашылық қызметінде
бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге
жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта
сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға,
яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Мысалы, сатып-өткізу үшін
жасалынған жазу столы оны жасаушы кәсіпорын үшін
айналым құралы
болып табылады, ал оны өзінің шаруашылық қызметіне пайдалану үшін
сатып алған кәсіпорынның негізгі құралдарының бір бөлігін құрайды.
Ұзақ мерзімді активтердің функционалдық (міндетті қызметін
атқарудағы) пайдалылығы бар және кәсіпорынның өндірістік қызметіне
бірнеше жылдар бойы пайдаланылады. Мысалы: жүк автокөлігінің оны
пайдалану мерзімі ішіндегі функционалдық пайдалылығы 900 мың
шақырымды құрайды. Қағаз көбейтуші техникада 500 мың дана қағаз
көбейтуге болады. Өндірістік ғимарат күрделі жөндеусіз 30 жыл
пайдаланыла алады. Кәсіпорын осы объектілердің
барлығын сатып алған
кезде, ол алдын-ала 900 мың шақырымға, 500 мың дана қағазға, 30 жыл
көрсетілетін қызметке төлем жасайды. Шын мәнінде, бұл объектілердің
әрқайсысы алдағы кезеңге жататын ұзақ мерзімді шығыстар болып
табылады. Бұл жердегі бухгалтерлік есептің негізгі проблемасы ұзақ мерзімді
активтерді сатып алу және пайдалану шығындарының
олардың пайдалы
қызмет ету мерзімі ішінде қалай бөліп таратылатындығында. Және де, егер
сатып алынған жабдық өзінің құнын тез арада ақтайтын болса, онда
белгіленген мерзім өткеннен кейін оны өндірісте пайдалануды
жалғастырғаннан гөрі басқамен алмастырған тиімдірек.
Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады:
•
материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар);
•
материалдық емес активтер.
Материалдық активтердің
(tang
іble assets) табиғи натуралдық нысаны
бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану мерзімі
шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар,
құрал-жабдықтар, құрылғылар
амортизациялауға жатады, яғни пайдалану
мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-тарату үшін тозу (deprecіatіon)
есептелінеді.
Тозудың (амортизацияның) есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату
процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің
барлығы осы тараудың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады.
Табиғи ресурстардың
(natural resourses) қазылып алынатындығына
және тауар өндіру үшін бастапқы шикізат
ретінде өңделетіндігіне
байланысты, экономикалық мағынасы жағынан олардың жерден және
материалдық активтердің басқа түрлерінен айырмашылығы бар. Табиғи
ресурстардың ішінде темір рудасын, мұнайды, газды, орман материалдарын
256
және т.б. атап айтуға болады. Табиғи ресурстардың негізгі айырмашылығы
олар тозуға емес таусылуға (depletіon) ұшырайды, яғни қазып алудың,
кесудің, тартып (ағызып) шығарудың және т.б. салдарынан біртіндеп азаяды,
босап қалады. Табиғи ресурстар бухгалтерлік
есепте сатып алу құны
бойынша көрсетіледі және де ресурстарды игеру барысында олардың құны
азаяды. Ресурстар құнының мұндай азаюы таусылу ретінде тіркеледі.
«Таусылуң деген терминге тек табиғи ресурстардың орындарының босап
қалуы ғана емес, сондай-ақ олардың құндарының пропорционалды түрде
алынған өнімге аударылуы кіреді.
Ресурстарды сатып алу немесе игеру кезінде қордың шамасының
есептік көрсеткіші тоннамен, баррелимен, шаршы метрмен айқындалады.
Сонда өндірілген бір ресурс бірлігінің құны былайша анықталады:
Ресурстардың құны - Ресурстардың жойылу құны
Қордың есептелінген шамасы
Материалдық емес активтер
(іntangіble assets) - ұзақ уақыт
пайдаланылатын, табиғи натуралдық нысаны жоқ құралдар болып табылады
және де көптеген жағдайларда меншік иелерінің құқықтарын ресмилендіру
немесе меншіктік құқықтардан туындайтын олардың артықшылығын
қуаттаушы ретінде қызмет көрсетеді. Материалдық емес активтерге
патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері (таңбалары)
жалдау құқығы
бойынша пайдалану, фирманың репутациясы және т.б. жатады. Материалдық
емес активтердің есебі төменде қарастырылады.
Отандық тәжірибеде кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебінде
(бухгалтерлік баланста) ұзақ мерзімді активтердің құрамында жоғарыда
аталғандардан басқа аяқталмаған күрделі құрылыс шығындары, ұзақ мерзімді
инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар, алдағы кезеңдерге
жататын ұзақ мерзімді шығыстар есепке алынады.
Төменде ұзақ мерзімді активтердің негізгі түрлерінің есебін
ұйымдастыру мәселелеріне тереңірек тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: