Принциптері



Pdf көрінісі
бет17/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

3. Түсініктілік принципі. 
Бұл принципке сәйкес қаржылық қорытынды 
есепте көрсетілген ақпараттардың негізгі сапасы – пайдаланушылардың түсінуі 
үшін олардың қолайлылығында. Ол үшін ақпараттарды пайдаланушылардың 
субъектінің экономикалық және іскерлік қызметі, бухгалтерлік есеп салалары 
бойынша жеткілікті білімдері болуға тиісті деп пайымдалады. Алайда, 
пайдаланушылардың шешім қабылдауы үшін маңыздылығына байланысты 
қаржылық қорытынды есепте көрсетілуге тиісті күрделі мәселелер туралы 
ақпараттар тек белгілі бір пайдаланушылардың түсінуі үшін күрделірек болып 
көрінгендігі үшін ғана алынып тасталмауға тиісті. 
4. Орындылық принципі.
Пайдалы болу үшін ақпараттар, шешім 
қабылдаушы пайдаланушылар үшін орынды болуға тиісті. Ақпарат орынды 
болып табылады, егер пайдаланушыларға өткен, қазіргі және болашақтағы 
оқиғаларды бағалауға, дәлелдеуге немесе олардың бұрынғы бағаларын 
жөндеуге көмектесе отырып, пайдаланушылардың экономикалық шешім 
қабылдауына әсер ететін болса.
Ақпараттардың болжаушы және дәлелдеуші функциялары өзара 
байланысты. Мысалы, кәсіпорында бар активтердің қазіргі деңгейі мен 
құрылымы жөніндегі ақпараттар пайдаланушылар үшін, олар кәсіпорынның 
қолайлы мүмкіншіліктерді пайдаланып қалу қабілетін және оның келеңсіз 
жағдайлармен күресе алу қабілетін алдын ала болжауға тырысқан кезде құнды 
болып табылады. Осы ақпараттар өткен болжамдар жайында, мысалы, 
кәсіпорынның болуы мүмкін құрылымдық ұйымдастырылуына немесе 
жоспарланған операциялардың нәтижесіне қатысты, растаушы (дәлелдеуші) 
роль атқарады. 
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен өткен кезеңдердегі қызметінің 
нәтижелері жөніндегі ақпараттар болашақтағы қаржылық жағдайларды және 
шаруашылық қызметтің нәтижелерін, сонымен бірге пайдаланушыларды 
37 


тікелей қызықтыратын басқадай аспектілерді болжау үшін жиі пайдаланылады. 
Ондай аспектілерге дивидендтер мен еңбек ақы төлеу, құнды қағаздардың 
бағасының өзгеруі және кәсіпорынның өз міндеттемелерін белгіленген мерзімге 
орындау қабілеті жатады. 
Болжам жасау құндылығы болу үшін ақпараттар анық көрсетілген болжам 
нысанында болмауға тиісті. Бірақ, қаржылық қорытынды есептің негізінде 
болжам жасау қабілеті өткен кезеңдердің операциялар мен оқиғалары туралы 
ақпараттар беру үлгісінде күшейіп келеді. Мысалы, егер табыстар немесе 
шығындардың стандартсыз, кәдімгідей емес және сирек кездесетін баптары 
бөлек ашылып көрсетілетін болса, онда қаржы-шаруашылық қызметтің 
нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің болжамдық потенциалы көтеріледі.
5. 
Мәнділік (маңыздылық) принципі. 
Ақпараттардың орындылығына 
олардың сипаты мен мәнділігі (маңыздылығы) үлкен әсер етеді. Кейбір 
жағдайларда ақпараттың орындылығын анықтау үшін оның сипаты да 
жеткілікті. Мысалы, жаңа сегмент жөніндегі хабарлар есепті кезеңде сол жаңа 
сегменттің арқасында қол жеткізілген нәтижелердің мәнділігіне (маңызды-
лығына) қарамастан, кәсіпорында бар тәуекел мен мүмкіндіктерді бағалауға 
әсер етуі мүмкін. Басқа жағдайларда ақпараттардың сипаты да мәнділігі де 
үлкен маңызға ие болады, мысалы, белгілі бір қызметтің түріне сәйкес келетін 
кәсіпорында бар босалқылардың негізгі түрлерінің мөлшері. 
Ақпарат мәнді (маңызды) болып табылады, егер оның қалдырылып кетуі, 
бұрмалануы қаржылық қорытынды есептің негізінде қабылданған 
пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін болса. 
Мәнділік (маңыздылық) тастап кету немесе бұрмалаудың нақты жағдайында 
бағаланушы баптар немесе қателердің шамасына байланысты. Демек, мәнділік 
(маңыздылық), бәрінен де бұрын, есептеудің басын немесе нүктесін көрсетеді, 
және де пайдалы болу үшін ақпараттарда болуға тиісті негізгі сапалық 
сипаттама болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет