Принциптері



Pdf көрінісі
бет20/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Міндеттемелер
деп - өтелуі (қайтарылуы) экономикалық пайдадан 
тұратын ресурстардың кәсіпорыннан шығып кетуіне алып келетін өткен 
кезеңдердегі оқиғалардан туындаушы кәсіпорынның борышын айтады. 
Міндеттемелердің үш негізгі сипаты бар: 
1.
олар өздерінде активтердің шығып кетуі немесе қызмет көрсету арқылы 
төлем жасауға әкеліп соқтырушы бұрыннан бар (бірақ келешектегі емес) 
тұрақты міндеттерді нақтылы түрде көрсетеді; 
2.
міндеттемелерді орындау кәсіпорын үшін міндетті және олардың 
орындалмай қалуы мүмкін емес; 
3.
міндеттемелер өткен келісімдердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі 
болып табылады. 
Міндеттемелер екі категорияға жіктеледі: 
ұзақ мерзімді міндеттемелер 
және ағымдағы міндеттемелер.
42 


Келесі есепті кезеңде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде 
қайтарылуы (өтелуі) жоспарланбайтын кәсіпорынның борыштары 
ұзақ мерзімді 
міндеттемелер
болып табылады. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге: ұзақ мерзімді 
банк несиесі, банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары және т.б. 
жатады. 
Жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес 
міндеттеме, егер оны кәсіпорындағы операциялық циклдың әдеттегі 
жағдайында өтеу (қайтару) болжанса немесе ол есепті кезеңнің басынан бастап 
12 айдың ішінде өтелуге (қайтарылуға) жататын болса 
ағымдағы 
міндеттемелер
ретінде есепке алынады. Ағымдағы міндететемелерге: қысқа 
мерзімді банк несиесі және овердрафт, кредиторлық борыштар жатады.
Капитал
– 
кәсіпорын активтерінің олардан міндеттемелерді шегеріп 
тастағаннан кейінгі қалған бөлігі. Яғни, 
капитал
дегеніміз – меншік иесінің 
кәсіпорынға иелік ету үлесі. Кәсіпорын активтерінен міндеттемелер шегеріп 
тастағаннан кейінгі қалған сома болғандықтан, ол қалдық үлес болып табылады. 
Солай бола тұрса да, меншікті капитал баланста жіктеліп көрсетіле алады. 
Мысалы, корпоративтік кәсіпорында құрылтайшылар салған қаражаттарды 
(жарғылық капитал), бөлінбеген таза табысты, таза табыстан бөлінетін 
резервтерді (резервтік капитал), капиталды көбейтуді қамтамасыз етуші 
түзетулер (корректировкалар) және т.б. бөлек көрсетуге болады. Мұндай 
жіктеулер қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың қажеттіліктерін 
олардың шешім қабылдау кезеңінде, яғни, олар меншікті капиталды бөліп 
тарату немесе қандай болмасын пайдаланудағы кәсіпорын қабілетіне заңдық 
немесе басқадай шектеулерді анықтаған кезде қанағаттандыру үшін орынды 
болуы мүмкін. Мұндай жіктеулер сонымен бірге құрылтайшылар 
(қатысушылар) жағының кәсіпорынға қатысу үлесі арқылы дивидендтер алу 
немесе капиталдың орнын толтыруға қатысты әр түрлі құқықтарға ие болу 
фактілерін көрсете алады. 
Резервтерді құру кәсіпорынға және оның кредиторына зияынның 
зардаптарынан қорғанудың қосымша шараларын белгілеп беру үшін кейде 
заңда немесе басқадай нормативтік-құқықтық актілерде қарастырылады.
Қайта бағалау немесе қорытынды есепте активтер мен міндеттемелерді 
қайталап көрсету меншікті капиталдың азаюына немесе көбеюіне алып келеді. 
Бұл көбеюлер мен азаюлар табыстар мен шығыстардың анықтамасына келетін 
болса да, олар капиталға қолдау көрсетуші белгілі бір концепцияларға сәйкес 
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепке 
енгізілмейді. Оның орнына бұл баптар капиталға қолдау көрсетуді қамтамасыз 
етуші түзетулер (корректировкалар) немесе қайта бағалау резерві ретінде 
меншікті капиталға кіреді.
43 


Таза табыс (пайда) кәсіпорын қызметі нәтижесінің өлшемі ретінде жиі 
пайдаланылады. Таза табыстың (пайданың) өлшемімен тікелей байланысты 
элементтер табыстар (кірістері) мен шығыстар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет