Принциптері


  Қаржылық қорытынды есеп элементтері мен



Pdf көрінісі
бет19/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

2.3 
Қаржылық қорытынды есеп элементтері мен 
бухгалтерлік есеп объектілері 
 
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі операциялар мен басқа да 
оқиғалардың қаржылық нәтижесін олардың экономикалық сипаттамасына 
сәйкес кең көлемді категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Бұл кең көлемді 
категориялар 
қаржылық қорытынды есеп элементтері
деп аталады. 
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының баланстағы өлшемімен тікелей 
байланысты элементтер болып 
активтер, міндеттемелер және меншікті 
капитал
танылады. Ал, кәсіпорын қызметінің нәтижесін қаржы шаруашылық 
қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте өлшеумен тікелей байланысты 
элементтер болып 
табыстар мен шығыстар
танылады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар “Бухгалтерлік есепке 
алу туралы“ Жарлығына сәйкес активтер, меншікті капитал, міндеттемелер 
және кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында 
орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік есеп объектілері болып 
табылады. 
Активтер дегеніміз

өткен кезеңдегі шаруашылық процесстері 
нәтижесінде алынып, келешекте кәсіпорын одан экономикалық пайда табады 
деп күтілетін, кәсіпорын бақылауындағы ресурстар. Активтердің ең басты үш 
сипаты бар: 
1)
өздерінде келешек экономикалық пайданы, яғни ақша қаражаттарының 
немесе олардың эквиваленттерінің кірісіне (қосылуына) тікелей немесе 
жанама салынған потенциялды сақтайды; 
2)
кәсіпорынның бұл келешек экономикалық пайданы бақылауға қабілеті бар; 
3)
олар өткен келісімдердің немесе басқа да оқиғалардың нәтижесі болып 
табылады. 
Активтер екі категорияға жіктеледі: 
Ұзақ мерзімді активтер және 
ағымдағы активтер. 
41 


Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне бір жылдан артық мерзімде 
пайдаланылатын активтер 
ұзақ мерзімді активтер
деп аталады. Ұзақ мерзімді 
активтерге: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, ұзақ мерзімді 
инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, алдағы кезеңнің есебіне 
жататын ұзақ мерзімді шығыстар және т.б. жатады. 
Халықаралық бухгалтерлік есептің 1 “Қаржылық қорытынды есепті 
дайындап тапсыру“ деп аталатын стандартына [5] сәйкес актив төмендегі 
жағдайларда ғана ағымдағы активтер ретінде есепке алынуға тиісті: 
-
оны сатып өткізу немесе сату үшін ұстау не болмаса кәсіпорынның 
операциялық қызметінің әдеттегі жағдайында пайдалану ұйғарылған кезде; 
-
оның кәсіпорында көбінесе коммерциялық мақсаттар үшін немесе қысқа 
мерзім ішінде болатындығы және есепті кезеңнің басынан бастап 12 айдың 
ішінде сатып-өткізілетіндігі болжанған кезде; 
-
ол ақша қаражаттары немесе пайдаланылуына шек қойылмайтын оның 
эквиваленттері түріндегі актив ретінде танылған кезде. 
Яғни, бір жыл ішіндегі немесе бір операциялық цикл ішінде 
жұмсалынатындығы, сатылатындығы, нақты ақшаға сатып өткізілетіндігі 
негізді түрде күтілетін активтер
ағымдағы активтер
деп аталады.
Ағымдағы активтерге: тауарлы-материалдық босалқылар (өндірісте немесе 
жұмыстарды атқару мен қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, 
шикізаттар, сатып алынған шала фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар, 
ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары 
және басқадай материалдар); аяқталмаған өндіріс; субъектінің шаруашылық 
қызметі барысында сатып-өткізуге арналған дайын өнімдер, тауарлар; ақша 
қаражаттары (кассадағы, банкте ашылған шоттардағы), қаржылық 
инвестициялар (құнды қағаздарға салымдар), жабылуы (жойылу) мерзімі бір 
жылға дейінгі дебиторлық борыштар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет