Принциптері


Бухгалтерлік есеп принциптері



Pdf көрінісі
бет15/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

2.2
Бухгалтерлік есеп принциптері 
 
«
Бухгалтерлік есептің принципің нені білдіреді? Қойылған сұраққа 
жауапты бәрінен бұрын сол «принципң деген сөздің мағанасын анықтаудан 
іздеу керек. Бұл латын тілінен алынған 
pr
іncіpіum
– 
деген сөз – және оны 
аударғанда қандай да болмасын бір теорияның, ілімнің, ғылымның негізі немесе 
бастауы деген мағананы білдіреді. Бухгалтерлік есептің принципі – сол 
ғылымның негізі, яғни бастауы. Әрбір ғылым сол ғылымның өзінің 
мағанасынан туындайтын принциптерге негізделеді.
33 


Америкалық ғалымдар Р.Энтони мен Д.Ристің пікірі бойынша, «принципң 
деген сөз іс-әрекетке басшылық жасау ретінде қабылданған немесе хабарланған 
жалпы заңдарды немесе ережелерді белгілеу үшін пайдаланылады [6]. 
Есеп принциптері барлық есеп процессін жүргізу мен қорытынды есепті 
құрудың негізін құрайды. Олар әділ болуға, тек бухгалтерлік есепке тән болуға 
тиісті, яғни басқа ғылымдардың негізімен ауыстыруға болмайды. Сондай-ақ, 
есеп принциптері бірегей және көпшілік қабылдаған болуға тиісті. Осы туралы 
айта отырып, америкалық ғалым Р.Энтонидің көзқарасымен келіспеуге 
болмайды. Ол былай деген: «Есеп принциптерін жалпы көпшіліктің 
мойындауы, әдетте олардың мынадай үш талапқа қаншалықты жауап 
беретіндігіне байланысты - әділдік, жүзеге асырылуы және орындылық. 
Принцип орынды, егер ақпараттың мәні (мағанасы) болса және белгілі бір 
кәсіпорын туралы бір нәрсе білу қажет болған адамдарға пайдалы болса. 
Принцип әділ, егер ақпаратқа оны жасаған адамдардың жеке көзқарасы
бағалауы ықпал етпеген болса. Принцип жүзеге асырылады, егер оның шектен 
тыс қиындықсыз немесе шығынсыз орындалуы мүмкін болсаң [6].
Бухгалтерлік есеп процессін жүргізу мен қорытынды есепті құруға негіз 
болатын принциптер ретінде төмендегі принциптерді атауға болады: 
1.
Есептеу 
2.
Үздіксіз қызмет ету 
3.
Бөлектенген (оңашаланған) кәсіпорын 
4.
Екі жақтылық 
5.
Ақшалай өлшем 
6.
Ақпараттардың құпиялылығын сақтау 
Енді осы принциптердің мазмұнына қысқаша тоқталайық. 
1. 
Есептеу принципі.
Есептеу әдісіне сәйкес операциялар мен басқадай 
оқиғалардың нәтижесі олардың жүзеге асырылу фактілері бойынша (ақша 
қаражаттары немесе олардың эквиваленттері қабылданған немесе төленген 
кезде емес) есепке алынады. Олар өздері есепке алынатын кезеңнің ағымдағы 
есеп регистрлерінде және қаржылық қорытынды есебінде көсретіледі. Есептеу 
әдісі бойынша құрылған қаржылық қорытынды есеп оны пайдаланушыларды 
ақша қаражаттарын қабылдаумен және төлеумен байланысты өтіп кеткен 
операциялармен ғана емес, сонымен бірге келешектегі ақша төлеу міндеттемесі 
туралы және келешекте алынуға тиісті ақша қаражаттары болып табылатын 
ресурстар жөнінде хабардар етеді. 
2. Үздіксіз қызмет ету принципі.
Бұл принципке сәйкес субъект үздіксіз 
қызмет етуші, яғни көз жетерлік болашақта өзінің жұмысын жалғастырушы 
ретінде қарастырылады. Демек, кәсіпорынның жойылатын да немесе өзінің 
қызметінің көлемін едәуір азайтатын да ойы жоқ деп пайымдалады, егер тек 
керісінше жағдайды дәлелдеуші фактілер болмаса. Бұл алдыңғы жағдайдың 
(үздіксіз қызмет етудің) маңызы болуы мүмкін альтернативпен, нақтырақ 
34 


айтсақ, кәсіпорынның жойылатындығымен салыстыра көрсетілуі мүмкін. 
Мұндай жағдайда бухгалтерлер активтерді тұрақты түрде ағымдағы құнымен 
бағалап отыруға мәжбүр болады. Егер кәсіпорын аз уақыттан кейін өзінің 
жұмысын тоқтатады деп күтілетін болса, онда оның активтерінің құны 
кәсіпорын жұмыс істеп тұрған жағдайдағы құнынан әлдеқайда төмен болады. 
Үздіксіз қызмет ету принципіне сәйкес активтерді тұрақты түрде бағалап 
отырудың қажеті жоқ. Мысалы, кәсіпорында ресурстар сатып-өткізілетін 
тауарларды өндіру процессіне пайдаланылады. Сатып-өткізу сәтінде 
бухгалтерлік есеп тауарлардың құнын сатып-өткізу бағасымен көрсетеді. 
Өндіріс процессіне қатысқан әрбір машинаның, материалдардың және басқа да 
құралдардың құнын анықтаудың қажеті жоқ, себебі кәсіпорынның оларды жеке-
жеке сату ниеті жоқ. Және керісінше, егер кәсіпорын жабылудың алдында 
тұрса, мұндай жағдайда оның ресурстары жойылу құны бойынша бағаланады 
және сатылады. Бухгалтерлік есеп үздіксіз қызмет ету принципіне 
сүйенетіндіктен, кәсіпорында егер ол өзінің жұмысын тоқтатын болса, оның 
құрал-жабдықтары қаншаға сатып-өткізілуі мүмкін екендігі жөнінде ақпараттар 
болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет