3.
Ақпараттардың құпиялылығын сақтау.
Бухгалтер өз жұмыстарын
орындау барысында алынған ақпараттардың құпиялылығын сақтауға, кез-
келген ақпаратты тиісті және ерекше рұқсат болмаса пайдаланбауға, болмаса
оны көрсетуге заңдық немесе кәсіби құқығы бар болса пайдалануға міндетті.
4.
Кәсіби мінез-құлық.
Бухгалтер өз кәсібінің беделін түсіретін мінез-
құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне
сай іс-әрекеттер мен әдістерге сәйкес болуға тиісті.
Нарықтық қатынастары дамыған (өркениетті) елдерде құрылған
бухгалтерлік есепті реттеуші ұйымдардың көпшілігі, атап айтсақ: Ант беруші
қоғамдық бухгалтерлердің америкалық институты (АІСРА), АҚШ-тың қаржы
бухгалтерлері институты (ІFА), Австралияның ант беруші бухгалтерлер
институты (ІСАА), Шотландияның ант беруші бухгалтерлер институты (ІСАS)
және т.б. қазіргі кезде өздерінің кәсіби этикаларының кодексін жасады.
Олардың кейбіреулеріне, мысалы, Ант беруші қоғамдық бухгалтерлердің
Америкалық институты кәсіби этикасының кодексіне жоғарыда тоқталдық.
Бұл ұйымдардың міндетті қызметіне қоғамды қара ниетті бухгалтерлердің
қиянатынан қорғау, сонымен бірге кәсіби бухгалтердің мәртебесін сақтау кіреді.
Олар кәсіпорын басшылары мен қызметкерлердің мінез-құлықтарының
этикалық нормаларын көтеру үшін төмендегідей шараларды жүзеге асырады:
-
этикалық нормативтерді, яғни барлық жұмыскерлер ұстануға тиісті
этикалық ережелерді дайындайды;
-
этика жөніндегі тұрақты комитет құрылады;
-
басшылар мен қатардағы жұмыскерлерді этикалық мінез-құлықтарға
үйрету (оқыту) жүзеге асырылады.
Қарап отырсақ, өркениетті елдерде әрбір кәсіпорын, егер өзінің атағын
төмендеткісі келмесе, өзінде іскерлік қарым-қатынастар этикасының ең жоғарғы
стандарттарын бекітуге ұмтылады.
Өкінішке орай, біздің елімізде бухгалтерлердің кәсіби мінез-құлықтарын
реттеуші нормативтік құжат әлі жасалынған жоқ.
Демек, жоғарыда айтылғандардың барлығы, бухгалтерлік есептің
халықаралық тәжірибесі мен есептің отандық дәстүрлері және елімізде
қалыптасқан экономикалық жағдайлар Қазақстан бухгалтерлерінің кәсіби
этикалық кодексінің қабылдануын талап ететіндігін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: