Принциптері


  Халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесі және оның Қазақстан



Pdf көрінісі
бет10/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

1.6 
Халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесі және оның Қазақстан 
Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуына тигізетін әсері 
Бухгалтерлік есеп – бизнес тілі. Ол кез-келген бизнеске тән қызметтің сан-
алуан түрлерін байланыстырушы буын болып табылады. Есеп мәліметтерінің 
негізінде салықтарды есептеу жүзеге асырылады, кең шеңберлі мүдделі 
пайдаланушыларға тапсыру үшін қаржылық қорытынды есеп құрылады. 
Басқаша айтқанда, бухгалтерлік есеп кез-келген қоғамның күнделікті өмірінің 
көптеген жақтарына әсер етуші қызметтің ең бір пайдалы саласы болып 
табылады. 
Экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінде бухгалтерлік есеп 
біздің республикамызда бұрынғы Одақтың басқа да республикаларындағы 
сияқты барлық экономикалық объектілердің иерархиялық бағыныштылығы 
негізінде құрылды. Экономиканы орталықтан басқару және бірегей мемлекеттік 
меншік жүйесі есептің қатаң түрде реттелуін талап етті. 
Бірнеше буынның тәжірибелі бухгалтерлері мен ғалымдардың күшімен 
орталықтан жоспарланған экономиканың талаптарын толық қанағаттандыратын 
бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тиімді әдістемесі жасалынды. Сондықтан, 
әрине, бұл әдістеме нарықтың экономика жағдайында қалыптасқан 
экономикалық қатынастарды көрсете алмайды. 
Нарықтың дамуы тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің халықаралық 
еркін қозғалысын болжайды. Қазақстан Республикасының кең шеңберлі 
халықаралық байланыстары, оның ішінде кеңейіп келе жатқан еліміздің 
экономикасына шетелдік инвестициялардың тартылуы бухгалтерлік есеп 
жүйесін реформалау және халықаралық тәжірибеде қабылданған бухгалтерлік 
есеп стандарттарына көшу міндеттерін қойып отыр. 
Реформалау дегеніміз – бір нәрсені өзгерту, қайта жасау немесе қайта құру 
процессі. Бұдан Қазақстан Республикасында қалыптасқан бухгалтерлік есеп 
жүйесін өзгерту (қайта қарау) керек деген пікір туындайды. Яғни халықаралық 
есеп жүргізудің ең таңдаулы дәстүрі мен ережелерін отандық есеп жүйесінің 
бойына сіңіру қажет.
21 


Республика үшін бухгалтерлік есептің неғұрлым тиімдірек моделін 
(үлгісін) анықтау мақсатында экономикалық жағынан дамыған өркениетті 
елдердегі бухгалтерлік есеп жүйесі зерттелді. 
Әрине, бухгалтерлік есеп жүйесі әлемнің әртүрлі елдерінде бірдей емес. 
Себебі ақпараттарды дайындап тапсыру кезінде олар капитал рыногында әрекет 
етуші инвесторлардың шешім қабылдауы, мемлекеттік салық саясатының тиісті 
деңгейде орындалуына бақылау жасау және дұрыс ақпараттар дайындап беру, 
мемлекеттік статистикалық қорытынды есепті құру сияқты мақсаттарды 
көздейді. 
Алайда, айырмашылықтарына қарамастан, барлық мемлекеттер өздеріндегі 
есеп жүйесінің ұқсастығы бойынша топтарға бөліне алады. 
Көптеген мемлекеттер, өздері пайдаланатын есеп моделіне (үлгісіне) 
байланысты төменде аталған үш топтың біріне жатады: 
-
британ-америкалық 
-
континенттік 
-
оңтүстік америкалық. 
Британ-америкалық модельдің
(үлгінің) негізін қалаушы принциптер 
Ұлыбритания және АҚШ-та жасалынды. Оның дамуына елеулі үлес қосқан 
Голландия мемлекеті. Аталмыш модельдің негізгі идеясы – есепті инвесторлар 
мен кредиторлардың ақпараттық сұранымына бағыттау болып табылады. Осы 
модельді пайдаланушы алдыңғы қатарлы (өркениетті) үш елде қаржылық 
ресурстардың қосымша көзі болып табылатын құнды қағаздар рыногы жақсы 
дамыған. Бұл үшін мемлекет бухгалтерлік есепті ұйымдастыру саласында 
әлемнің көптеген мемлекеттеріне өз ықпалын таратты. 
Бухгалтерлік есеп жүйесі Британ-америкалық модельге негізделген 
мемлекеттерге: Австралия, Ұлыбритания, Венесуэла, Индия, Индонезия, 
Канада, Мексика, Жаңа Зеландия, Израиль, Пәкістан (барлығы 50-ден астам 
мемлекет) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет