Принциптері


  Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау



Pdf көрінісі
бет6/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

1.3 
Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау 
 
Бухгалтерлік есепті зерттеу білім алуға және маңызды басқару шешімдерін 
қабылдай білуге мүмкіндік береді. Есептік ақпараттар кәсіпорын ішінде де, одан 
тыс жерде де сондай шешімдерді қабылдауға негіз болады. Ол үш бірдей 
міндетті қызметті (функцияны) – жоспарлауды, бақылауды, бағалауды – жүзеге 
асыру үшін басқару аппаратын сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
1. Жоспарлау (plannіng)– іс-әрекеттердің тәртібін тұжырымдау процессі. Ол 
мақсаттың қойылуын, оған жету жолдарының іздестірілуін және ең жақсы 
альтернативтің таңдалуын қамтиды. Бұл кезеңде (сатыда) бухгалтер 
кәсіпорында бар қаржылық альтернативтер туралы анық (айқын) қорытынды 
есепті дайындап – тапсыруға міндетті. Келешекке жоспар жасау үшін ақша 
қаражаттарына деген қажеттіліктер және болжамды таза табыс (пайда) туралы 
ақпараттардың маңызы зор.
2. Бақылау (control) – жоспардың нақты орындалуын қадағалау процессі, 
басқаша айтқанда іс-әрекеттің жоспарға қаншалықты сәйкес келетіндігін 
анықтау. Бұл кезеңде (сатыда) бухгалтер нақты шығындар мен табыстардың 
жоспармен салыстырылуынан тұратын ақпараттарды дайындауға тиісті. 
3. Бағалау (evaluatіon) – барлық қабылданған шешімдер жүйесін, оларды 
жақсарту мақсатында зерттеу процессі. Бұл кезеңде мақсатқа қол 
жеткізілгендігін түсінудің маңызы зор, және де егер олай болмаса (мақсат 
орындалмаған болса), онда қандай себеп болғандығы: жоспарлаудың немесе 
бақылаудың кемшіліктерінен не болмаса мақсаттың өзі қате таңдалғандығы 
анықталады. Бағалау ақпараты жылдық және басқадай қаржылық қорытынды 
есептерде бухгалтерлік ақпараттардың негізінде көрсетіледі. 
1.4. Қаржылық қорытынды есеп – экономикалық ақпараттар
көзі ретінде және оны пайдаланушылардың жіктелуі 
Экономикалық ақпараттар қаржылық қорытынды есеп нысандарында 
көрініс табады.
Субъектінің қаржылық қорытынды есебі – оның өткен кезеңдегі 
жұмысының нәтижелері мен жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі; 
субъектінің белгілі бір кезеңдегі қызметінің нәтижелері мен жағдайы жөніндегі 
жиынтық мәліметтер көрсетілген ағымдағы есептен алынған қысқаша үзінді 
болып табылатын есеп жазуларының ерекше түрі.
Америкалық ғалым Р.Н.Холттың еңбегінде [2] атап көрсетілгендей
қаржылық қорытынды есеп берудің экономикадағы ролі бизнес үшін және 
12 


экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпараттардың дайындалып 
тапсырылуымен айқындалады. 
Қаржылық қорытынды есеп берудің мақсаты – субъектінің (кәсіпорынның) 
қаржылық жағдайы, қызметі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер 
жөніндегі ақпараттарды дайындап тапсыру.
Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есепке алу туралы“ заңына 
сәйкес қазіргі кезде қаржылық қорытынды есеп беру үш нысаннан тұрады:
1.
Бухгалтерлік баланс (balance sheet) 
2.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп 
(іncome statement) 
3.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп (statement 
of cash flows). 
Қаржылық қорытынды есеп берудің жоғарыда аталған нысандарының 
мазмұны кейінірек (оқулықтың соңғы тарауында) қарастырылады.
Қаржылық қорытынды есеп беру – субъектідегі қаржы есебінің қорытынды 
мәліметтеріне негізделген және де ол нарықтық қатынастар жағдайында 
субъектінің қызметі жөніндегі қаржылық ақпараттардың бірден-бір жүйеленген 
көзі болып табылады. Ол ақпараттар тұтынушыларға (пайдаланушыларға) 
экономикалық шешім қабылдау үшін өте қажет.
Қаржылық қорытынды есеп инвестициялық шешімдерді, несие беру 
шешімдерін қабылдау үшін, сондай-ақ субъектінің келешек ақша легін, 
ресурстары мен міндеттемелерін бағалау үшін пайдалы ақпараттардан тұрады.
Қаржылық қорытынды есеп оны пайдаланушылардың жалпы 
қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, бірақ ол пайдаланушыға экономикалық 
шешім қабылдау үшін керек болуы мүмкін барлық ақпараттармен қамтамасыз 
ете алмайды. Себебі қаржылық қорытынды есеп негізінен өткен оқиғалардың 
қаржылық нәтижесін көрсетеді және де онда қаржылық емес ақпараттардың 
көрсетілуі міндетті емес.
Нарықтық қатынастар жағдайында қаржылық қорытынды есеп 
ақпараттарын пайдаланушылардың саны өлшеусіз өсіп отыр. Ондай 
пайдаланушыларды негізінен екі топқа бөлуге болады: 
1.
Кәсіпорын қызметіне тікелей мүдделілер 
2.
Кәсіпорын қызметіне тікелей емес жанама түрде мүдделілер 
Бірінші топқа жататындар: 
а) кәсіпорын иелері; 
ә) басқару персоналы және кәсіпорын жұмыскерлері; 
б) кәсіпорында жұмыс істемейтін, бірақ тікелей қаржылық мүддесі бар 
тұлғалар – инвесторлар, әртүрлі кредиторлар және кәсіпорынның 
коммерциялық партнерлары; 
в) қоғамдық өндірісті мемлекеттік реттеу функциясын жүзеге асырушы 
билік органдары. 
13 


Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың екінші тобын 
құрайтындар кәсіпорын қызметіне тікелей мүдделі болмағанымен, келісім-шарт 
бойынша қорытынды есепті пайдаланушылардың бірінші тобының мүддесін 
қорғаушылар – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет