Принциптері


  Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеттері



Pdf көрінісі
бет5/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

1.2 
Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеттері 
Бухгалтерлік есеп – белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъект туралы 
қаржылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы 
жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға (тұтынушыларға) субъектінің 
шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік варианттарын 
таңдау кезінде негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Америкалық ант беруші бухгалтерлер институтының мәлімдеуінше
бухгалтерлік есептің міндетті қызметі (функциясы) – басқару шешімдерін 
қабылдау мақсатына пайдалану үшін шаруашылық жүргізуші субъект туралы 
қаржылық сипаттағы сандық ақпараттарды дайындау [1]. Демек, қазіргі заманғы 
бухгалтер тек шоттарды жүргізумен ғана айналысып қоймайды, сонымен бірге 
жоспарлау мен шешім қабылдаудан, бақылау жасау мен басшылардың көңілін 
аударудан, бағалау мен субъект қызметіне шолу жасаудан және аудит өткізуден 
тұратын кең көлемді қызметті жүзеге асырады.
Бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық қызметі мен шешім 
қабылдаушы адамдардың арасын байланыстырушы сала ретінде қызмет 
атқарады. Ол:
10 


1.
субъектінің шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді ары қарай 
пайдалану үшін оларды тіркеу жолымен өлшейді; 
2.
керекті сәтке дейін сақтай отырып, мәліметтерді өңдейді, ал содан кейін 
олар пайдалы ақпараттарға айналу үшін қайта өңдейді; 
3.
қорытынды есеп беру арқылы ақпараттарды оларды пайдаланушылар 
шешім қабылдау үшін тапсырады. 
Яғни, бүгінгі күнгі бухгалтер ақпараттарды пайдаланушылардың ішкі 
немесе сыртқы екендігіне қарамастан, есеп ақпараттарын кім тұтынады 
(пайдаланады), солардың барлығының сұранысын қанағаттандыруға міндетті.
Субъектінің шаруашылық қызметі туралы мәліметтер бухгалтерлік есеп 
жүйесіне кіру, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпараттар – одан 
шығу деп айтуға болады.
Бухгалтерлік есеп пен шоттарды жүргізудің (счетоводство) арасындағы 
айырмашылықты көбінесе адамдар түсіне бермейді. Шоттарды жүргізу (орыс.-
счетоводство, ағыл.-bookkeepіng) – бухгалтерлік есепті жүргізу процессі
шаруашылық операцияларын тіркеу және есептік құжаттарды сақтау құралы. 
Бұл өзінен-өзі бірнеше рет (дүркін-дүркін) қайталанатын жұмыс – 
пайдаланушыны қанағаттандыратын ақпараттық жүйені құру кіруші 
бухгалтерлік есептің бір бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – 
ақпараттарды талдау, түсіндіру және пайдалану. Бухгалтерлер өздері өңдеген 
ақпараттардың негізінде тенденцияларды айқындауға және әртүрлі 
альтернативтердің тиімді болуына мүдделі. Бухгалтерлік есепке жүйелер 
дизайны, смета құру, шығындарды талдау, аудиторлық тексеру, табыс салығын 
есептеу және жоспарлау кіргізіледі.
Көптеген кәсіпорындар, сондай-ақ, қаржылық емес ақпараттарды 
пайдаланады. Сан түрлі ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін 
әдетте, басқару ақпараттық жүйе құрылады. Бұл жүйе кәсіпорынды басқару 
үшін қажетті ақпараттарды беруші, өзара байланысты кіші жүйелерден тұрады. 
Экономикалық мәліметтер легін басқаруды және оларды кәсіпорынның барлық 
бөлімшелеріне сонымен бірге кәсіпорыннан тыс жердегі мүдделі тұлғаларға 
бағыттауда жетекші роль атқаратындықтан, бухгалтерлік кіші жүйелер 
маңыздырақ болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Ол 
басқару аппаратында да, сыртқы пайдаланушыларда да кәсіпорынның 
шаруашылық қызметінің толық көрінісінің (бейнесінің) бар болуына мүмкіндік 
береді.
Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері: 
1.
субъектіні, сонымен бірге басқа да мүдделі тұлғаларды оның 
шаруашылық қызметі туралы толық және дұрыс ақпараттармен 
қамтамасыз ету; 
11 


2.
субъектінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан 
Республикасы заңдарының сақталуына бақылау жасаушы мемлекеттік 
органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет