Принциптері



Pdf көрінісі
бет9/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Ашық акционерлік қоғам.
Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі 
акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алады. Ашық 
акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге 
және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы. 
Жабық акционерлік қоғам. 
Мұндай қоғамның акциялары тек өз 
құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арасында 
таратылады. Жабық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде 
жазылу жүргізуге, не оларды сатып алуға басқа адамдардың шектеусіз тобына 
ұсынуға құқығы жоқ. 
Өндірістік кооперативтер 
деп азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет 
үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік 
18 


кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын (үлестерін) біріктіруіне 
негізделген ерікті бірлестігі танылады. 
Коммерциялық емес ұйымдар
мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, 
тұтыну кооперативі, діни бірлестік және Қазақстан Республикасының заң 
құжаттарында көзделген өзге де нысандар түрінде құрылады. Коммерциялық 
емес ұйымдар кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сай 
келуіне қарай ғана айналыса алады. 
Жоғарыда көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-
құқықтық нысандарының өзгешеліктеріне қарамастан, оларда бухгалтерлік 
есепті дұрыс жолға қою тәртібінің теориялық үш тәсілі бар: 
орталық-
тандырылған, орталықтандырылмаған және аралас. 
Бірінші тәсілде бухгалтерлік есепті біріккен орталықтан жүргізу тәртібі 
жобаланады. Бұл тәсілде әрбір кәсіпорын орталықта жасалған тәртіптерді қатаң 
түрде сақтауға міндетті. Тәртіптен ауытқуға (жаңылуға) болмайды. Бұл тәсіл 
біздің елімізде орталықтандырылған жоспарлы экономиканың дамуы 
жағдайында жүзеге асырылған. 
Екінші тәсіл бойынша әрбір шаруашылық субъектісі бухгалтерлік есебінің 
тәртіптерін жеке түрде қарастыру жобаланады. Бұл тәсіл есеп процеду-
раларының кәсіпорын қызметіне мейлінше барабарлығын қамтамасыз етеді. 
Алайда, қазіргі жағдайда бұл тәсіл ыңғайлы емес. 
Үшінші тәсіл бірінші және екінші тәсілдер элементтерінің орынды 
үйлестірілуіне негізделген. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл 
әдісте қаржылық мәліметтердің пайдалылығы мен бұқараның қолы жетуін 
қамтамасыз ететін негізгі ережелер мен принциптер орталықтан реттеледі. 
Жалпы ережелер мен принциптер әрбір кәсіпорында, оның қызмет жағдайына, 
жалпы үлгімен (модельмен) салыстырғандағы ерекшеліктерін жете тусіну
деңгейіне, қызметкерлердің біліктілігіне, басқарудың техникалық базасына 
байланысты айқандалады. Қазір Қазақстан Республикасында бухгалтерлік 
есепті ұйымдастыру үшін осы тәсіл таңдалған. Бухгалтерлік есептің 
ұйымдастырылуы мен жүргізілуі бойынша жалпы тәсілдердің шаруашылық 
жүргізуші субъеклтілердің өздерінің ынтасымен үйлесуі қазіргі кезде 
республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесінің ерекше белгісі болып 
табылады. Бұл ерекшелік бухгалтерлік есеп жүйесіне төрт деңгейлі реттеу 
жүргізу арқылы жұзеге асырылады. 
Бірінші деңгей

Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 
“Бухгалтерлік есепке алу туралы“ жарлығы. Онда бухгалтерлік есепті 
ұйымдастырудың және жүргізудің, қаржылық қорытынды есепті дайындап 
тапсырудың концептуалдық ережелері мен жалпы принциптері; заңды және 
жеке тұлғалардың, басқару қызметкерлерінің бұл саладағы құқықтары, 
міндеттері мен жауапкершіліктері; бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын 
19 


қамтамасыз ететін шаралар; активтер мен міндеттемелерді бағалау тәртібі, 
бухгалтерлік ақпараттар есебінің әдістері айқындалған. 
Екінші деңгей
– 
есептің халықаралық стандарттарына негізделіп 
жасалынған қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттар жүйесі.
Бухгалтерлік есеп стандарттары (БЕС) дегеніміз – шаруашылық жүргізуші 
субъектілер бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есепті 
дайындап тапсыру үшін пайдаланылатын ережелер мен процедуралардың 
жиынтығы. 
Стандарттар бухгалтерлік есептің әр түрлі аспектілерін қамтиды. Олардың 
кейбіреулері бағалау мен танудың альтернативтік әдістерін ұсынады. Бұл әрбір 
басшы өз бизнесінің ерекшеліктеріне байланысты стандартта ұсынылған 
бағалау мен танудың барлық альтернативті әдістерінің ішінен өзінің 
кәсіпорыны үшін тиімдірегін және кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оның 
қаржылық жағдайын нақты көрсетуге мүмкіндік беретіндерін таңдап алуға 
тиісті екендігін көрсетеді. 
Мысалы, қаржылық есептіліктің №2 Ұлттық стандарты кәсіпорын 
басшысының таңдауына амортизацияны есептеудің 3 түрлі әдістерін: 
бірқалыпты есептеу, өндірістік және азайып отыратын қалдық әдісін ұсынады. 
Кәсіпорын басшысы, өз өндірісінің нақты жағдайын, ерекшелігін және 
динамикасын біле отырып, негізгі құралдардың пайдаланылуын объективті 
түрде көрсете алатын амортизацияны есептеу әдісін таңдауға тиісті.
Бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есепті реттеудің екінші деңгейіне 
қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың концептуалдық негізі және 
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің Типтік 
шоттар жоспары жатады. 
Үшінші деңгей
– 
бухгалтерлік есеп стандарттарының мазмұнын ашып 
көрсететін, субъектілердің қандай салаға жататындығына, көлеміне, типіне 
және құқықтық-нормативтік құжаттарда көрсетілген басқадай факторларға 
байланысты оларға бухгалтерлік есепті тікелей өздері ұйымдастырудың 
нұсқаларын ұсынатын әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар. 
Жоғарыда атап көрсетілген үш деңгейдің құжаттары әмбебап, олар 
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы ережелерін анықтайды 
және де ол құжаттарды меншіктің түрі мен шаруашылық жүргізу тәсілдеріне 
қарамастан, заңды тұлға болып есептелетін барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, 
сонымен қатар заңды тұлға түрінде құрылмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен 
айналысатын жеке тұлғалар пайдалана алады. Сонымен бірге, олардың негізінде 
шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанына, көлеміне, салалық 
ерекшеліктеріне, спецификасына, қызметінің саласы мен сипаттамасына және 
басқадай міндеттеріне байланысты кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік 
есептің және бақылаудың нақты нысандары мен әдістерін өз бетінше таңдап алу 
құқығы қарастырылған. 
20 


Мұндай дербестіктің іс тәжірибеде жүзеге асырылуы кәсіпорынның дербес 
есеп жүргізу саясатын міндетті түрде жасау арқылы көрсетіледі. Сондықтан, 
бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің 
төртінші деңгейі
– 
заңдық құжаттың, 
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік стандарттарының және бухгалтерлік 
есеп бойынша өкілетті органдар дайындап шығарған басқадай нормативтік 
актілердің негізінде дайындалған субъектінің өзінің бухгалтерлік есеп 
жөніндегі өкімдері, бұйрықтары, кәсіпорынның есеп жүргізу саясатын құрайтын 
шешімдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет