аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем
беру жауапкершілігін өз мойнына алады.
Шаруашылық серіктестік ретінде жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(
қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым
танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен
құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі барысында өндірген
және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестіктер
толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам
нысандарында құрылуы мүмкін.
Толық серіктестік.
Мұндай серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің мүлкі
жеткіліксіз
болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі
барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске
бөлінген. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
серіктестіктің қызметіне
байланысты зиянға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.
Мұндай серіктестіктің қатысу-
шылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға
салған салымдарымен жауап береді, ал бұл сома
жеткіліксіз болған жағдайда,
өздеріне қосымша тиесілі мүлікпен өздері салған салымның еселенген
мөлшерінде жауап береді.
Акционерлік қоғам
деп - жарғылық капиталы акциялардың номиналдық құнына
тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік танылады; акционерлік қоғамның
қатысушылары (акционерлер) оның міндеттемелері
бойынша жауап бермейді
және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты
болатын зиян шегуге тәуекел етеді.
Республикамыздың экономикасында акционерлік қоғамдар ашық және
жабық акционерлік қоғамдар түрінде белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: