Принциптері



Pdf көрінісі
бет11/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Континенттік модельді
Еуропаның көптеген мемлекеттері және Жапония 
мемлекеті пайдаланады. Аталмыш модельде бизнес негізінен компаниялардың 
сұранысын қанағаттандыратын банктермен тығыз байланысты. Бухгалтерлік 
есеп заңмен реттеледі және елеулі сақтығымен ерекшеленеді. Континенттік 
модель бойынша есеп тәжірибесі бәрінен бұрын ұлттық макроэкономикалық 
жоспарға сәйкес өкімет талаптарын (салық төлеуге қатысты) қанағаттандыруға 
бағытталған. Француз тілінде сөйлейтін африка мемлекеттері де есеп жүйесінің 
осы моделін (үлгісін) ұстанады. 
Жалпы есеп жүйесі континенттік модельге негізделген мемлекеттерге: 
Австрия, Бельгия, Италия, Испания, Франция, Швейцария, Швеция, Жапония, 
Люксембург, Алжир, Ангола, Гвинея, Греция, Марокко, Португалия, Германия 
т.б. (барлығы 27 мемлекет) жатады.
22 


Оңтүстік америкалық модельдің есеп жүйесінің басқа модельдерімен 
салыстырғанда негізгі айырмашылығы – есеп мәліметтерін инфляцияның 
темпіне қарай өзгерту (корректировкалау). Жалпы алғанда есеп мемлекеттік 
жоспарлау орындарының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, ал 
кәсіпорындарда пайдаланылатын есеп әдістемесі жеткілікті түрде қысқартылған 
(жеңілдетілген). Сонымен бірге есепте және қорытынды есеп беруде салық 
саясатының пайдаланылуына бақылау жасау үшін қажетті ақпараттар жақсы 
көрсетіледі.
Есеп жүйесі Оңтүстік-америкалық модельге негізделген мемлекеттерге: 
Аргентина, Бразилия, Парагвай, Чили, Эквадор, Перу, Уругвай және т.б. 
жатады. 
Жоғарыда аталғандардан басқа әлемдік деңгейде белгілі бір дәрежеде 
дамып келе жатқан екі модельді (үлгіні) бөліп айтуға болады. Олар: 
интернационалдық және исламдық. 
Интернационалдық модель
негізінен халықаралық валюталық рыноктың 
шетелдік қатысушыларының мүддесі үшін есептің халықаралық келісушілігіне 
(қимыл бірлігіне) деген қажеттіліктерден туындайды. Себебі, тек аздаған ірі 
компаниялар ғана өздерінің жылдық қаржылық қорытынды есебі – 
халықаралық қаржылық есеп стандартарының талаптарына жауап беретіндігіне 
қазір сендіре алады. Бұл модельді ұстанатындар негізінен әлемдегі ірі 
корпорациялар.
Исламдық модель
діндарлық идеяның өте үлкен ықпалында болғандықтан 
оның бірқатар ерекшеліктері бар. Яғни, мұнда тегінде дивиденд үшін қаржылық 
дивиденд алуға тыйым салынады. Компанияның активтері мен міндеттемелерін 
бағалау кезінде нарықтық бағалардың артықшылығы көрінеді. 
Әрине, бұл жерде бір елдегі есеп жүйесінің жолға қойылуы басқа елдегіден 
жақсырақ деп айту қиын. Есеп жүйесі белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылады 
және де бұл міндеттер орындалмайынша нақты есеп жүйесінің негізін қалаушы 
принциптер өзгеріссіз қалады. Бухгалтерлік есеп өзі өмір сүретін ортамен 
айқындалады. Әр елдегі әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайлардың 
әртүрлілігі әр түрлі идеялармен олардың есеп теориясы мен тәжірибесінде 
жүзеге асырылуын туындатады.
Біздің елімізде мемлекеттік және жеке меншікке негізделген нарықтық 
экономиканың қалыптасуына байланысты, инвестициялар шаруашылық 
жүргізуші субъектілер үшін негізгі қаржы көзі болып табылатындығын есепке 
ала отырып, сондай-ақ, субъектілердің әлемдік рынокқа өз бетінше (дербес) 
шыға алу мүмкіндіктерін ескере отырып, бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау 
(қайта құру) үшін есептің халықаралық стандарттарына негізделген британ-
америкалық модель таңдалды. Жоғарыда айтылғандай бұл модельдің негізгі 
идеясы – инвесторлар мен кредиторлардың ақпараттық сұранысын 
қанағаттандыру. 
23 


Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорын-
дарды ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ашығырақ көрсетуге мүмкіндік 
береді. Ол, әрине, жалпы еліміздің экономикасын көтеруге оң әсерін тигізеді.
 

Бухгалтерлік есепті реттеуші халықаралық ұйымдар 
 
Бүгінгі таңда нарық экономикасы дамыған (өркениетті) барлық 
мемлекеттерде кәсіби бухгалтерлердің қоғамдық институттары өздерінің 
құқықтық және ұйымдық инфраструктураларымен дамып отыр. 
Көптеген мемлекеттерде бухгалтер-аудиторлардың кәсіби ұйымдары 
құрылған. Мысалы, Ұлыбританияда - Ант беруші бухгалтерлер институты, 
АҚШ-та – Ант беруші қоғамдық бухгалтерлердің Америкалық институты, 
Шотландияда – Ант беруші бухгалтерлер институты және тағы басқалар. 
Әлемдік экономиканың, бизнестің және сауданың интернационалдануына
байланысты халықаралық дәрежедегі бухгалтерлік есептің және қорытынды 
есеп берудің көлемінің өсіп, маңызының артып келе жатқандығын көреміз. 
Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне елеулі әсер ететін 
төмендегі халықаралық ұйымдар жұмыс істейді: 
1. 
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет. 
Халықаралық стандарттар жасау мақсатымен 1973 жылы құрылған. Оған 75 
мемлекеттен 100 астам бухгалтерлік ұйымдар мүше. 
2. 
Бухгалтерлердің халықаралық Федерациясы
. 1977 жылы құрылған. 
Негізгі мақсаты – бухгалтер кәсібін әлемдік масштабта координациялауды 
дамыту және бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіру. Осы федерацияның 
құрамында. 
3. Біріккен Ұлттар Ұйымының жанынан құрылған 
Бухгалтерлік есеп пен 
қорытынды есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша өкімет аралық 
жұмысшы топ.
1979 жылы құрылған. Оның мүшелері барлық мемлекеттер. 
4. 
Еуропалық экономикалық қауымдастық.
1957 
жылы құрылған. Қазір 
басқаша аталады- 
«Еуропалық одақң. 
Қауымдастық шеңберінде есеп жүйесін 
реттеу мәселелерімен айналысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет