Принциптері



Pdf көрінісі
бет14/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
 
 
 
 
 
 
29 


2.1 
Бухгалтерлік есептің концепциялары 
«Концепцияң деген сөз (conceptіo - латын тілінен келген) бір құбылыс 
жөніндегі әр түрлі түсінік, көзқарастар жүйесі деген мағынаны білдіреді. 
Концепциялар белгілі бір ғылымның теориялық бағытын айқындауға 
көмектеседі. 
Есеп концепциясы туралы айтатын болсақ, ол – субъектілердегі (барлық 
салалардың, қызметінің түрлері мен әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарға 
негізделген) есеп жүргізуді қалыптастырушы ережелер мен ұсыныстарды 
айқындайтын есеп жүйесін құрушы негіз [3]. 
Бухгалтерлік есеп методологиясы үшін бухгалтерлік табыстың шамасы мен 
оның салық салынатын базамен қандай байланысы бар екендігін түсіну және 
оны түсіндіру маңызды мәселе болып табылады. 
Есеп теориясында бухгалтерлік табыс пен салық салынатын табыс 
сомаларының өзара байланысының шын мәнінде бір-біріне тең екі концепциясы 
өріс алған.
Ресей ғалымдары Я.В.Соколов пен В.В.Патровтың зерттеулеріне сүйенсек 
[4], бірінші және ескі концепция өткен ғасырдың басында Пруссияда пайда 
болған. Яғни, бұл елде сол кезде баланстық пайданың сомасы салық салынатын 
шамаға тең болуға тиісті деген ереже (тәріп) енгізілген болатын. Салық 
концепциясы деген атқа ие болған бұл концепция осы уақытқа дейін әртүрлі 
модификацияларда Еуропада үстемдік етеді. Оның басты ерекшелігі: кез-келген 
қаржылық қорытынды есеп мемлекеттік салық органдарының мүддесі үшін 
құрылуға тиісті. 
Бұл концепцияның негізгі құндылығы оның қисындылығы мен 
қарапайымдылығында екенін мойындау керек. Ол жалғыз ғана тиянақты және 
беделді көз - заңға сүйенеді. 
Бухгалтер ағымдағы есепті жүргізеді, салық салу базасы болып табылатын 
қаржылық нәтижені анықтайды және, әрине, бюджет алдындағы міндеттемені 
көрсетеді. Бухгалтер үшін есеп – бөліктерге бөлуге болмайтын біртұтас жүйе. 
Аталмыш концепцияға сәйкес қаржылық қорытынды есеп бәрінен бұрын 
мемлекеттің мүддесін көрсетеді, ал шаруашылық процесстің басқадай 
қатысушыларының мүддесі оған бағынышты көрінеді. 
Бұл концепцияның кезінде бухгалтерлік есептің методологиялық бірлігіне 
қол жеткізіледі, яғни: 

есеп объектілерін бағалаудың бірыңғай ережелері енгізіледі (әдетте 
өзіндік құны бойынша, яғни тарихи бағасы принципіне сәйкес – зат оған қанша 
төленген болса, сонша тұрады); 

негізгі құралдар жалпы барлығына бірдей нормалар бойынша 
амортизацияланады; мұндай кезде амортизация салықтан босатылған пайданың 
бір бөлігі ретінде түсіндіріледі; 
30 



әртүрлі кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебінде берілген 
мәліметтердің салыстырылуына жағдай жасалады. 
Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылар өздері пайдаланатын кез-
келген қаржылық қорытынды есептің бірегей ережелер бойынша 
құрылғандығын түсінеді. 
Бұның бәрі, әрине, жеткілікті түрде сендірерлік дәлелдер, бірақ, ғылыми 
логика қандай да бір концепцияның пайда болуы ең кем дегенде тағы да 
біреуінің шықпай қоймайтындығын көрсетеді. Сонымен, Еуропа континентінде 
бір концепция бар еді, ал екінші қарама-қарсы концепция Ұлыбританияда пайда 
болды және оның мазмұны мынадай - баланстық пайданың сомасы негізінен 
салық салынатын шамадан өзгеше. 
Бұл концепцияны «меншіктікң деп атауға болады және ол ағылшын тілінде 
сөйлеуші елдерде үстемдік етеді. Соңғы уақытта аталмыш концепция Еуропа 
континентіне үлкен әсер етіп отыр. Оның басты ерекшелігі: кез-келген 
қаржылық қорытынды есеп меншік иесінің мүддесі үшін құрылуға тиісті. 
Концепцияның құндылығы оның шыншылдығында. Ол заңның өлі әріптерінен 
емес, мағанасы шаруашылық өмірдің фактілерін дұрыс және дәл көрсету 
талаптарынан туындайтын, нақты өмірдің ситуацияларынан бастау алады. 
Шаруашылық процесстеріне әртүрлі адамдар қатысады, және олардың 
топтық мүдделері бірдей емес. Кәсіпорындар нақты адамдарға тиісті 
болғандықтан, есеп те қандай да бір басқа тұлғалардың мүддесі үшін емес, 
міндетті түрде меншік иелерінің мүддесі үшін ұйымдастырылуға тиісті. 
Қаржылық қорытынды есеп меншік иелері, акционерлер үшін құрылады 
және олар қалай болуға тиісті деп есептейді, солай жасалынады. 
Есептегі бірлікке дұрыс мағана арқылы жетуге болады. Сондықтан: 

есеп объектілерін бағалаудың бірыңғай тәртібін пайдалану дұрыс емес, 
заттар олардың иелері қаншаға бағаласа сонша тұрады; 

амортизация деген салық жеңілдігі түрінде мемлекет беретін емес, 
кәсіпорын жинақтайтын орнын толтыру қоры және кәсіпорын оны қандай 
мөлшерде жинақтайды оны мемлекеттік чиновниктер емес кәсіпорын иелерінің 
өздері және оның әкімшілігі біледі. Тәжірибеде бұл бухгалтердің 
амортизацияны екі рет есептейтіндігін білдіреді – бір рет әкімшілік кіргізген 
және меншік иелері мақұлдаған нормалар бойынша, ал екінші рет – міндетті 
мемлекеттік нормалар бойынша; 

кәсіпорындар арасындағы салыстырмалылыққа автоматты түрде емес, 
қосымша статистикалық өңдеулер есебінен жетуге болады. 
Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылар өздері пайдаланатын кез-
келген қаржылық қорытынды есептің әр түрлі ережелер бойынша 
құрылғандығын түсінеді, бірақ, түсіндірме хатта есептеулердің орындалу 
механизмдерін ашып көрсетуші методологиялық ерекшеліктер туралы 
31 


мәліметтер келтірілетіндіктен, әрбір пайдаланушы қаржылық ақпараттардың 
объективті сипаттамасын алады.
Екінші концепция «ағылшын-америкалықң деген атқа ие болды. Қазір 
халықаралық қауымдастықта ағылшын-америкалық концепцияның ықпалы 
жоғары. 
Ағылшын-америкалық модельдің негізін қалаушы принциптер Ұлыбри-
танияда және АҚШ-та жасалынды. Оның дамуына үлкен үлес қосқан – 
Голландия мемлекеті. Бұл модельдің негізгі идеясы – есепті инвесторлар мен 
кредиторлардың ақпараттық сұранымына бейімдеу. 
Қазақстанда бухгалтерлік есептің республика үшін қолайлырақ (тиімдірек) 
концепциясын анықтау мақсатында әлемдегі экономикалық жағынан дамыған 
елдердегі бухгалтерлік есеп жүйесі зерттелді. 
Сөйтіп, республикамызда бухгалтерлік есепті реформалау үшін ағылшын-
америкалық модель таңдалды. 
Біздің ойымызша, бұл дұрыс таңдау. Себебі, салық салу базасы ретінде тек 
қаржылық нәтиже саналмайды, басқа да көптеген салық салу базалары бар. 
Бұдан біз салық концепциясы өзінің негізінде бірегейлікті көздеген болса, шын 
мәнінде қазір одан айырылғандығын көреміз. Одан басқа, егер мемлекеттік 
бюджетте жиынтық табысқа салынатын салықтың маңызы елеулі болса, онда 
активтерді қайта бағалауға жол бермеу керек, себебі олардың құндарының өсуі 
автоматты түрде амортизациялық аударымдардың өсуіне және тиісінше
жылдық жиынтық табыстың және салық сомасының азаюына әкеліп соқтырады. 
Басқа жағынан, егер бюджеттің табыс бөлігінде мүлікке салынатын салық 
маңызды роль атқаратын болса, онда қайта бағалаудың болмауы, тарихи баға 
принципін қолдау - өзіндік құны бойынша бағалау, инфляция жағдайында 
бюджет тапшылығының өсуіне әкеліп соқтырады. 
Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі, кәсіпорынды 
ашығырақ көрсетуге, ішкі және сыртқы инвесторлардың назарын көбірек бұруға 
мүмкіндік береді.
Ағылшын-америкалық концепцияға көшуге мүмкіндік берген жағдай 
бухгалтерлік табыстың бухгалтерлік есеп стандартарына сәйкес есептелуі, ал 
салық салынатын табыстың - салық кодексіне сай есептелуі [4]. 
Концепция – бухгалтерлік есеп принциптерін жасаудың қисынды ізашары, 
яғни жол салушысы. Белгілі бір құбылысты түсіндіре отырып, концепциялар 
экономикалық өмір шындықтарының өзгеруіне байланысты түзетулерге 
ұшырауы мүмкін, сондықтан олар бір рет мәңгілікке берілген ақиқат болып 
табылмайды. Және де әртүрлі түзетулер бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп 
беру жүйесі туралы жалпы түсініктерге, яғни оған негіз болған концепцияларға 
сүйенеді. Оған жоғарыда қарастырылған екі концепция мысал болады. Өздері 
бойынша стандарттар жасалынбаған жаңа бағыттардың, жаңа операциялардың 
пайда болуы – «оны жасаушылардың (құрушылардың) жеке пікіріне немесе 
32 


бағалауларына байланыстың – деген субъективті негіздеулерге әкеліп 
ұрындыруы мүмкін. Міне, сондықтан мұндай пікірлер мен бағалаулардың есеп 
мәліметтерін бейнелеудің қалыптасқан принциптері арнасында құрылуы өте 
маңызды. 
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартында [5], Қаржылық 
қорытынды есеп берудің төмендегі концепциялары айқындалған: 
-
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебін жүргізу мақсаты; 
-
Бухгалтерлік ақпараттардың сапалық сипаттамасы; 
-
Бухгалтерлік ақпараттарды есепке алу принциптері; 
-
Қаржылық қорытынды есеп элементтері. 
Қаржылық қорытынды есеп, оны пайдаланушыларға экономикалық 
шешімдер қабылдау үшін қажетті, кәсіпорынның қаржылық жағдайы, 
шаруашылық қызметінің нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер 
туралы ақпараттар дайындап беру мақсатын көздейді. 
Сондықтан есеп ақпараттарына қойылатын негізгі талаптар, оларды 
пайдаланушылардың қандай да болмасын шешім қабылдауы үшін 
пайдалылығымен байланысты. Жалпы, есеп ақпараттарының сапалық 
сипаттамасы қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің пайдаланушылар үшін 
пайдалылығын алдын-ала болжайды. Әрбір нақты жағдайда ол немесе басқа бір 
сипаттама маңыздырақ болатындықтан, бухгалтердің кәсіби шеберлігі барлық 
сипаттамалардың қолайлы (ең жақсы) үйлесім табуынан көрінеді. 
Қаржылық қорытынды есеп элементтерінің концепциялар тобында 
қарастырылуы, оларды түсінудің субъектінің қызметін қаржылық қорытынды 
есеп ақпараттарын пайдаланушылардың бағалауына және, тиісінше, олардың 
белгілі бір шешімдер қабылдауына әсер ететіндігіне байланысты, және де 
алынған ақпараттан түсетін пайда оны алуға жұмсалған шығындардан көп 
болуға тиісті. Сапаға қойылатын талаптардың барлығының орындалуының 
нәтижесінде субъектінің қызметі жөнінде толық, әрі дұрыс және пайдалы 
ақпараттар берілуі тиісті. Бухгалтерлік ақпараттарға қойылатын талаптар 
белгілі бір принциптермен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет