Принциптері



Pdf көрінісі
бет3/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
 
 
 
 
 



 
 
 
 
 
1.1
Бухгалтерлік есептің пайда болуының 
және дамуының тарихи аспектісі 
Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезде пайда болды.
Жалпы адам өмірінің, адамзат қоғамы өмірінің негізі – материалдық 
өндіріс процесі. Осы материалдық өндіріс процесі дамуының белгілі бір 
кезеңінде оны сандық түрде көрсету қажеттілігі және мүмкіншілігі туындады. 
Осы кезде есеп пайда болды және ол барлық уақытта материалдық өндіріс 
процесіне қызмет көрсетті, сонымен бірге жетілдіріліп отырды.
Алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде-ақ адамдарды өздерінің өмірін 
ұзарту үшін қанша тамақ табу керек екендігі толғандырды. Әрине, бұл кезеңде 
есеп тіркеусіз, қарапайым есте сақтау арқылы жүргізілді. Бірақ, шаруашылықты 
сәл де болса кеңейткен кезде жалғыз ғана есте сақтау есепті қамтамасыз етудің 
сенімді құралы бола алмайтындығын дәлелдеді. Сондықтан адамдар тастарды, 
тақтайларды, белгілерді т.б. пайдаланып, өте қарапайым түрде есеп жүргізді. 
Құл иеленушілік құрылыс кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, қолөнер 
өнімдерін өндіру ұлғайды. Ол, әрине, сауда-саттық операцияларының көбеюіне 
жағдай жасады. Ал сауда-саттықтың кеңеюі есеп жүргізудің қажеттілігін 
туындатты. 
Ертедегі Египетте ирригациялық құрылыс жұмыстары жақсы дамыды. 
Ұлағатты құрылыс – пирамида құрылысы жүргізілді. Ол пирамидалардың 
құрылысына өте көп мөлшерде жұмыс күші және құрылыс материалдары 
пайдаланылды. Құрылысты басқаратын терең білімді адамдармен бірге есеп 
жүргізетін мамандар да қажет болды. Ондай мамандар (жазғыштар) арнайы 
мектептерде дайындалды. Бұл мамандар әртүрлі заттардың кіріс, шығысының 
есебін жүргізіп, белгілі бір мерзімге олардың қалдықтарын анықтай алатын 
болды.
Египетте есеп жазулары папирустан жасалған орауларда (орама) жүргізілді. 
Папирусқа жазу тростниктен жасалған шыбықтарды пайдалана отырып, ыстан 
жасалған қара сиямен немесе охрадан жасалған қызыл сиямен жазылды. Сөйтіп, 
есеп жүргізуші кітап - ұзындығы 10-12 метр болатын папирус лентасы болды. 
Мұның өзі кітапқа (папирусқа) күн сайын жаза отырып, есеп мәліметтерін ұзақ 
уақыт жинақтауға мүмкіндік берді. 
Қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген көптеген әдістер мен тәсілдер 
ерте кездің өзінде-ақ (5-6 мың жыл бұрын) пайда болған еді. Біріншіден, 
шаруашылық құралдары біртекті топтарға жинақталды, мысалы, құрылыс 



материалдары бір топқа, астық дәндері өзінше бір топқа және т.б. жинақталды, 
сөйтіп есептің қарапайым ережесі (шаруашылық құралдарын біртектілік белгісі 
бойынша топтау) сақталды. Екіншіден, шаруашылық құралдары қозғалысының 
есебі жүргізілді. Бұл шаруашылық құралдарының кірісі мен шығысын 
шатастырып алмауға және барлық кіріс пен барлық шығысты оңай анықтауға 
мүмкіндік туғызды. Үшіншіден, есеп бақылау жасау құралы ретінде 
пайдаланылды. Ол үшін қоймашы құрал-жабдықтарды босатқандығы туралы 
белгі жасап, көрсетілген (берілген) құжатты алдағы уақытта есеп беру үшін 
қалдырып қояды. Кезең сайын түгелдеу жүргізілді, яғни мүліктердің нақты 
бары мен олардың жағдайы тексеріліп отырды. Айқындалған жетіспеушіліктер 
жауапты адамдардан өндірілді. 
Есеп жүргізу деңгейі ертедегі Греция мен Ертедегі Римде де мейлінше 
жоғары болды. Себебі ертедегі гректер шығыс пен батыстағы ұлан ғайыр 
территорияда сауда-саттық жүргізген. Есеп жүргізу үшін олар да папирусты 
қолданған, бірақ ағымдағы жазуды орындау үшін тақтайдан жасалып, балауыз 
жағылған кестелер пайдаланылған (тақтайды аздап тереңдетіп, оған ерітілген 
балауыз құйылады). Тақтайға жағылған балауызға үшкірленген сүйек немесе 
металдан жасалынған таяқшамен жазулар орындалып, қорытындылар 
жинақталған. Тексерілгеннен кейін тақтайдағы жазулар папирусқа көшірілген. 
Ертедегі римдіктер бұл балауыз жағылған тақтай кестелерді бір-біріне 
белбеумен (баулармен) жазу кітапшасындағы парақтар сияқты бекітіп (байлап) 
отырған. Ондай кітаптар «Кодекстерң деп аталған. 
Біздің эрамыздың V-ғасырында Рим империясының құлауына байланысты 
ғылым мен қол өнерінің дамуы баяулады. Бұл шаруашылық есепті жүргізудің 
деңгейіне де әсерін тигізді. ХІІІ-ғасырға дейін салыстырмалы түрде дамыған 
есеп ірі жер иелері болып саналған монастырларда (шіркеулерде) жүргізілді. 
Шіркеулердің иелігінде жерден басқа өте көп крепостной шаруалар болды. Бұл, 
әрине, оларға өте көп мөлшерде табыс әкеліп отырды. Сонымен бірге шіркеулер 
сауда-саттық операцияларын жүргізумен айналысты. Осылардың барлығы 
шаруашылық есеп жүргізуді талап етті. Кейінірек есеп мемлекеттік қазыналық 
және муниципалдық органдарда дамиды. 
Орта ғасырларда Рим империясының есеп мамандарына инвентарлық 
(мүліктік) кітап, кіріс-шығыс кітабы белгілі болған. Олар қазіргі кезде 
пайдаланылып жүрген касса, кассир, кассалық жазу, шоттарды жабу, сальдоны 
(қалдықты) анықтау деген терминдерді білген. 
Кіріс-шығыс кітаптары материалдық құндылықтардың және ақша 
қаражаттарының қозғалысын жүйелеп, күнделікті тіркеп отыру үшін 
қолданылды. Бұл құндылықтардың есебі жүргізілген шоттар екі жақты болды, 
яғни бір жағында кіріс тіркелсе, ал екінші жағында шығыс тіркелді. 
Хронологиялық (жаппай тіркеу) жазудың элементтерімен үйлестірілген мұндай 



екі жақты есеп Грек және Рим мемлекеттерінің гүлденіп тұрған шағында өте 
жоғары деңгейде дамыды және бұл жүйе өте ұзақ уақыт сақталды. 
Орта ғасырлардың аяғында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет