Принциптері



Pdf көрінісі
бет21/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Табыстар (кірістер) дегеніміз 
– 
акционерлік капитал қатысу-шыларының 
салымымен байланысты емес меншікті капиталдың көбеюімен көрстеілетін
активтердің қосылуы (кірісі) немесе көбеюі не болмаса міндеттемлердің азаюы 
нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі өсімі. 
Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің көбеюімен немесе міндет-
темелердің азаюымен байланысты болашақ экономикалық пайданың өсуі 
туындайтын болса, онда қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі 
қорытынды есепте табыстар (кірістер) есепке алынады. Шын мәнінде бұл, 
табыстың (кірісітің) есепке алынуы (танылуы) активтердің көбеюінің немесе 
міндеттемелердің азаюының есепке алынуымен (танылуымен) бір уақытта 
болатындығын көрсетеді. 
Шығыстар дегеніміз
– 
акционерлік капиталдың қатысушылары арасында 
бөліп таратумен байланысты емес меншікті капиталдың азаюына апарушы 
активтердің шығып кетуі не болмаса таусылуы немесе міндеттемелердің көбеюі 
нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі 
азаюы. Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің азаюымен немесе 
міндеттемелердің көбеюімен байланысты болашақ экономикалық пайдада азаю 
пайда болса, онда қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі 
қорытынды есепте шығыстар ретінде есепке алынады. Тәжірибеде бұл, 
шығыстардың танылуы (есепке алынуы) міндеттемелердің көбеюінің немесе 
активтердің азаюының танылуымен (есепке алынуымен) бір уақытта пайда 
болатындығын көрсетеді (мысалы, еңбек ақыны есептеу немесе құрал-
жабдықтардың тозуын есептеу). 
Шығыстар қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды 
есепте шығарылған шығыстар мен табыстардың нақты баптары бойынша 
алынған қаржы сомаларының арасындағы тікелей салыстырулардың негізінде 
танылады. Бұл процесс әдетте шығындар мен табыстардың (кірістердің) 
салыстырылуы деп аталады. Ол бір операциядан немесе басқадай оқиғалардан 
тікелей және бірлесіп туындайтын таза табыс пен шығыстардың бір уақытта 
немесе құрамдастырылған түрде танылуын болжайды; мысалы, сатып-
өткізілген тауардың өзіндік құнын құрушы шығыстардың әр түрлі 
компоненттері сол кезде осы тауарларды сатудан алынған табыс (кіріс) ретінде 
танылады. Бірақ, салыстырмалық принципінің қолданылуы баланста активтер 
немесе міндеттемелердің анықтамасына сәйкес келмейтін баптарды тануға 
(есепке алуға) мүмкіндік бермейді. 
Шығыстардың танылу, яғни есепке алыну кезеңін анықтау үшін 
“шығандар” (құн), “жұмсалған қаржылар”, “шығыстар” және “төлемдер” деген 
терминдердің өзара байланысын қарастыру қажет. 
44 


Шығындар (құн)
– 
белгілі бір мақсатпен жұмсалған ресурстар сомасының 
ақшалай өлшемі. 
Жұмсалған қаржылар
– 
шығындардың пайда болуымен байланысты 
активтердің (әдетте ақшаның) азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі (жиірек 
кездесетіні төленуге тиісті шоттар). Кезең ішінде жұмсалған қаржылар осы 
есепті кезеңде сатылып алынған барлық тауарлардың, пайдаланылған 
қызметтердің құнына тең. 
Шығыстар

ағымдағы есептік кезеңге жатқызылған шығын баптары. 
Шығыстар ағымдағы кезең ішінде табыс табуға қажетті ресурстар болып 
табылады. Егер қаржы жұмсалатын болса, онда пайда болған шығындар 
активтерге не болмаса шығыстарға жатқызылады. Егер келешекте табыс әкелу 
қабілеті болса, онда шығындар активтерді көбейтеді. Басқаша жағдайда ол 
шығыстар, яғни, ағымдағы кезеңнің бөлінбеген табысының қысқаруы болып 
табылады. 
Төлеу
– 
ақша қаражаттарының төленуі. Ақша қаражаттарының төленуі – 
бұл, қаржылардың жұмсалуы, бірақ та кез келген нақты ақшамен төленетіндер, 
айталық, кредиторлық борыштардың қайтарылуы немесе акционерлерге нақты 
ақшамен дивидендтердің төленуі және т.б. 
Есепті кезеңде қандай шығындарды “шығыстар” деп есептеу керектігі 
айқындалған негізгі критерийден басқа, екі критерийді ескеру қажет: 1) 
Кәсіпорынның осы кезеңдегі қызметімен байланысты шығындар кезеңдік 
шығыстар болып табылады, және 2) алдағы кезеңдердің табыстарымен 
байланыстыруға болмайтын жұмсалған қаржылар ағымдағы кезеңнің 
шығыстары болып табылады. 
Тікелей байланыс.
Жоғарыда тауарлардың өзіндік құнының оларды сатып-
өткізуден түскен табыспен байланысы туралы айтқан болатынбыз. Соған ұқсас, 
егер тауарды сатып-өткізген сатушыға делдалдық ақша төленетін болса, онда ол 
сол сатып-өткізуден табыс есептелген кезеңнің шығыстары ретінде есепке 
алынады. Сатушыға төленетін ақшаның шығыс ретінде танылу кезеңі, оның 
ақшаны алған кезеңінен басқа болуы мүмкін. 
Есепті кезеңнің шығындары 
– 
белгілі бір есепті кезеңде орын алған қандай 
да болмасын табыс алу операцияларымен байланысты болмағанымен, сол есепті 
кезеңге жатқызылатын шығыстардың кейбір баптары. Мысалы, бөлшек сауда 
дүкенінде –дүкеннің кезең ішіндегі шығындары, ал өндірістік кәсіпорында- 
барлық өндірістік емес шығындар. Ондай шығыстарды 
кезеңдік шығыстар 
деп 
атайды. 
Болашақ табыстармен (кіріспен) байланысы жоқ шығындар.
Кезеңдік 
операциялармен байланысы жоқ шығындар бабы, егер ол қандай да бір болашақ 
кезеңмен байланысты болмаса, сол кезеңнің шығыстары ретінде көрсетіледі. 
Шығындар активтерге немесе шығыстарға жатқызылады. Шығындар бабын 
актив ретінде есепке алу үшін, ол келешекте қандай да болмасын пайда әкелуге 
45 


тиісті. Олай болмаған жағдайда, ол ағымдағы кезеңнің шығыстарына 
жатқызылады. Шығындардың көптеген түрлері өздерінің табыстармен немесе 
тіпті осы есепті кезеңнің жалғасушы операцияларымен байланысы жоқтығына 
қарамастан ағымдағы кезеңнің шығыстарына апарылады. Егер, мысалы, 
активтер өртке ұшыраса немесе ұрланса, онда шеккен зиянның сомасы 
ағымдағы кезеңнің шығыстарына жатқызылады. Сол сияқты пайдалану қасиетін 
жоғалтқандығы мәлім болған активтер де шығысқа есептеледі. 
Шығыстар және жұмсалған қаржылар. 
Қаржылардың жұмсалуы кәсіпорын тауарларды сатып алған кезде және 
қызметтерді пайдаланғанда туындайды. Қаржылардың жұмсалуы ақша 
қаражаттарының төленуі, борыштардың пайда болуы (төленуге тиісті шот), 
басқа активтерге айырбастау жолдарымен жүзеге асырылады. Жоғарыда 
айтылып өткендей, бұл жұмсалған қаржылар не активтерге не болмаса 
шығыстарға апарылуы мүмкін. Мысалы, 2000 жылдың аяғында 50000 теңге 
нақты ақшаға материалдар сатып алынды, яғни ақша қаражаттарын басқа 
активке айырбастау жолымен барлығы 50000 теңге қаржы жұмсалды. Егер 
материалдар 2000 жылы пайдаланылмаса, онда биылғы жылы шығыс болған 
жоқ. Материалдар 2000 жылдың аяғында актив ретінде көрсетіледі. Егер 
материалдар 2001 жылы өндіріске жұмсалса, онда 50000 теңге сол жылдың 
шығыны болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет