Бағалау мәселесі
–
бухгалтерлік есептегі ең бір қарама-қайшы мәселе.
Бухгалтерлік есептің көпшілік қабылдаған принциптеріне сәйкес кәсіпорынның
барлық активтері, меншікті каиталы, міндеттемелері, табыстары мен
шығыстары
бастапқы құны,
яғни
нақты өзіндік құны бойынша
көрсетледі.
Өзіндік құн
-
шаруашылық операциясының теңестіру (идентификациялау)
нүктесіндегі бағасы. Бұл ережеге сәйкес бухгалтерлік есептің мақсаты
шаруашылық операциясы орындалғаннан кейін өзгере алатын “құнды” анықтау
емес, шаруашылық операциясы орындалған сәттегі өзіндік құнды немесе құнды
анықтау. Мысалы, активтердің құны оларды кіріске алу сәтінде есепке алынады
және олар сатылмайынша немесе жұмсалмайынша сол деңгейде сақталады.
Мұндай тәжірибе
құн принципі
деп аталады. Мәселені мысал келтіре отырып
қарастырайық: белгілі бір субъект өндірістік ғимаратты 150000 теңгеге сатып-
өткізбекші делік, бұл ғимарат мүлік салығын төлеу үшін 850000 теңгеге
бағалануы мүмкін, сондай-ақ өндірістік ғимарат 900000 теңгеге сақтандырылуы
мүмкін. Келешек бір сатып алушы бұл өндірісітік ғимаратты 1200000 теңгеге
сатуды, ал екінші біреулері 1100000 теңгеге сатуды ұсынады. Бұл жерде
тексерілуі мүмкін емес құнға қатысты әртүрлі субъективті ой-пікірлер айтылып
отыр. Ақыр аяғында сатып-алушы мен сатушы өндірістік ғимаратты 1100000
теңгеге бағалауға келісім жасайды. Барлық аталған сомалар әртүрлі бағалар
ретінде танылады тек соңғысы ғана есепте көрсету үшін жеткілікті түрде
сенімді баға болып табылады. Өндірістік ғимараттың нарықтағы құны жылдар
ішінде өзгеруі мүмкін, бірақ сатып алушы кәсіпорынның бухгалтерлік
жазуларында 1100000 теңге объект (өндірістік ғимарат) сатып-өткізілгенше
қалады. Мұндай жағдайда бухгалтер жаңа шаруашылық операцияларын жаңа
бағамен тіркейді және пайда (таза табыс) немесе зиян анықталады.
Құн принципі
тексерілу стандартына жауап береді. Құнды тексеруге
болады, себебі ол баға жөнінде келісім жасайтын тәуелсіз сатып алушылар мен
сатушылардың іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Жіктеу
-
бұл, шаруашылық операцияларын шоттар жүйесіне жазу
мәселесі. Шараушылық операциясын бейнелеу (жазу) үшін шоттарды таңдау
кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді. Мысалы, майда құрал-
саймандарды сатып алудың қалай жіктелінетіндігі (жөндеу шығындары ретінде
ме, әлде негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу ретінде ме) таза табыстың
шамасына әсерін тигізеді. Жіктеудің (классификациялаудың) өзі әрбір
шаруашылық операциясының мәнін және оның кәсіпорын қызметінің
нәтижесіне тигізетін әсерін дұрыс талдауға ғана емес, сонымен бірге шоттар
жүйесінің (жоспарының) құрылымына да байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: