Принциптері



Pdf көрінісі
бет67/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Жиынтығы 
 
 
400000 
400000
111 


материалдар 
Аяқталмаған өндіріс 
Дайын өнім
Ақша қаражаттары: 
Кассадағы нақты ақша 
Есеп айырысу шотын-
дағы нақты ақша
Дебиторлық борыштар: 
Сатып алушылардың
борыштары 
Басқадай дебиторлық
борыштар
 
 
Жиынтығы 
156000 
94000 
240000 
20000 
1560000 
54000 
40000
 
2164000
ІІІ. Ағымдағы міндет-темелер 
Қысқа мерзімді банк несиесі
Кредиторлық борыштар: 
жабдықтаушыларға және
мердігерлерге борыштар 
еңбек ақы бойынша 
борыштар 
басқа да кредиторлық
борыштар 
 
 
Жиынтығы
300000 
180000 
50000 
90000
 
 
 
620000
Баланс  
6400000
Баланс  
6400000
Шаруашылық операцияларын тіркеу, талдау және оларды 
 
бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу 
Шаруашылық өмірдің фактілерін, яғни, операцияларды тіркеу үш кезеңде 
жүргізіледі: 1) бастапқы құжаттар бойынша талдау жасау; 2) шаруашылық 
операцияларын журналға жазу; 3) шаруашылық операцияларын журналдан “Т” 
шоттарға (есеп регистрлеріне, Бас кітапқа) көшіру. 
Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің кез келген фактісін тіркеу 
және оған талдау жасау үшін негіз болатын тек бастапқы құжаттар. Бастапқы 
құжат - қандай да бір іскерлік операцияны тіркеуші жеке құжат. Оған шот-
фактура, чектер, тапсырыстар, накладнойлар, квитанциялар және тағы басқалар 
жатады. Мысалы, кәсіпорын банктен 100000 теңге мөлшерінде қысқа мерзімді 
несие алды делік. Бұл операция бойынша талдау төмендегіше жасалады: 
1. 
Шаруашылық операциясының кәсіпорынның активтеріне, міндетте-
мелері мен меншікті капиталына тигізетін әсері талданады. Біздің мысалымызда 
келтірілген шаруашылық операциясының әсерінен активтер де, яғни 
кәсіпорынның есеп айырысу шотындағы нақты ақшасы да, міндеттемелер де, 
яғни банктің қысқа мерзімді несиесі бойынша кәсіпорынның міндеттемесі де 
көбейді. 
2. Екі жақты жазу ережесі (тәртібі) қолданылады. Екі жақты жазу 
тәртібінде кез келген шаруашылық операциясын бейнелеу үшін кем дегенде екі 
шоттың қатысуы талап етілетіндігі, яғни бір немесе бірнеше дебеттелінетін 
шоттар және бір немесе бірнеше кредиттелінетін шоттар болуға тиісті екендігі 
пайымдалады. Шоттардың дебеті бойынша жазулардың жиынтығы олардың 
кредиті бойынша жазулардың жиынтығына тең болуға тиісті. 

Активтер = Міндеттемелер + Капитал
түріндегі баланстық тепе-теңдік туралы біле отырып, «егер дебет бойынша жазу 
активтерді көбейтетін болса, онда кредит бойынша міндеттемелерді немесе 
112 


меншікті капиталды көбейтетін жазулар болуға тиістің - деп тұжырым жасауға 
болады. Ол ережелерді төмендегі сызба арқылы көрсетсек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет