Принциптері


 Бухгалтерлік есептік цикл кезеңдерінің



Pdf көрінісі
бет66/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

5.3 Бухгалтерлік есептік цикл кезеңдерінің 
(қадамдарының) сипаттамасы
 
110 



Кіріспе (бастапқы) бухгалтерлік баланс 
 
Кіріспе (бастапқы) бухгалтерлік баланс 
– 
кәсіпорында белгілі бір есепті 
кезең ішінде (жыл, тоқсан, ай) бухгалтерлік есепті жүргізудің бастамасы болып 
табылады. 
Кіріспе (бастапқы) бухгалтерлік баланс жаңадан құрылған кәсіпорында 
оның жарғысы тіркелген күнге құрылады, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпорында 
өткен есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы есепті кезеңнің бірінші 
күніне құрылады және сол есепті кезеңде бухгалтерлік есептік циклды жүзеге 
асыру үшін негіз болады. Мұндай баланс кәсіпорынның бастапқы қаржылық 
жағдайын анықтау, яғни оның активтері мен олардың құралу көздерінің 
(меншікті капитал мен міндеттемелер) нақты барын бухгалтерлік шоттарда 
көрсету үшін қажет. 
Кіріспе бухгалтерлік баланстың баптары бойынша Бас кітапта ағымдағы 
бухгалтерлік есепті жүргізу үшін пайдаланылатын тиісті синтетикалық шоттар 
ашылады. 
Төменде (5.1 кесте) ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне (1-ші қаңтарға) 
құрылған кәсіпорынның кіріспе бухгалтерлік балансы қысқартылған нысанда 
келтірілді.
 
5.1 Кесте - Кіріспе бухгалтерлік баланс 20_ жылғы 1-ші қаңтарға 
Активтер 
Сомасы
(теңге) 
Меншікті капитал және 
міндеттемелер 
Сомасы
(теңге) 
І. Ұзақ мерзімді активтер 
Материалдық емес активтер 
Негізгі құралдар 
Инвестициялар 
Жиынтығы 
540000 
3516000 
180000 
4236000
І. Капитал: 
Жарғылық капитал 
Бөлінбеген таза табыс 
Жиынтығы 
4800000 
580000 
5380000
ІІ. Ағымдағы активтер 
Тауарлы-материалдық
босалқылар: 
Шикізаттар мен
ІІ. Ұзақ мерзімді 
міндеттемелер 
Ұзақ мерзімді банк несиесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет