Принциптері


Активтер    Міндеттемелер



Pdf көрінісі
бет68/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Активтер 
 
Міндеттемелер 
Капитал
дебет- кредит-

дебет- кредит-
+ 
дебет- кредит- 
көбеюі азаюы азаюы көбеюі азаюы көбеюі 
Одан туындайтыны: 
а) Активтердің көбеюі актвитер шотының дебетіне жазылады;
Активтердің азаюы активтер шоттарының кредитіне жазылады; 
ә) Міндеттемелер мен меншікті капиталдың көбеюі пассивті шоттардың 
(міндеттемелер мен меншікті капитал шоттарының) кредитіне жазылады; 
Міндеттемелер мен меншікті капиталдың азаюы пассивті шоттардың 
(міндеттемелер және меншікті капитал шоттарының) дебетіне жазылады. Біздің 
мысалымыздағы активтің көбеюі активті шоттың дебетіне, ал міндеттемелердің 
көбеюі пассивті шоттың кредитіне жазылады.
3. 
Шаруашылық операциясының сомасын шоттарға жазу 
орындалады. 
Шаруашылық өмірдің фактілерін (операцияларды) тіркеу тәртібі бойынша есеп 
айырысу шотына қабылданған 100000 теңге қысқа мерзімді банк несиесі “Есеп 
айырысу шотындағы нақты ақша” шотының дебетіне және “Қысқа мерзімді 
банк несиесі” шотының кредитіне жазылады. 
Есеп айырысу Қысқа мерзімді
шотындағы нақты ақша банк несиесі 
Дебет Кредит 
Дебет Кредит
100000 100000 
Шаруашылық операциясын шоттарға жазудың басқадай нысаны 
төмендегіше болуы мүмкін: 
Дебет Кредит 
Есеп айырысу шотындағы нақты ақша 100000

Қысқа мерзімді банк несиесі 100000 
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында 
орындалған шаруашылық операцияларына бастапқы құжаттардың негізінде 
113 


талдау жасалынғаннан кейін олар 
Шаруашылық операцияларын тіркеу 
журналына (Бас журнал) 
немесе 
“Т” шоттарға
(Бас кітапқа, ағымдағы есеп 
регистрлеріне, яғни журнал-ордерлерге, ведомостарға, машинограммаларға, 
т.б.) жазылады. “Т” шоттар бойынша ашылған ағымдағы есеп регистрлеріне 
(журнал-ордерлерге, ведомостарға т.б.) Бас кітапқа экономикалық мазмұны 
бойынша біртекті операциялар тіркеледі (жүйеленеді). 
Шаруашылық операциялары “Т” шоттарға тікелей жазылуы (тіркелуі) 
мүмкін. Алайда, мұндай жағдайда, әр түрлі шоттарға жазылған шаруашылық 
операцияларына талдау жасаған кезде, тіркеу барысында орын алған қателерді 
түзету кезінде қиындықтар туындайды. Сондықтан шаруашылық өмірдің 
барлық фактілерін (операцияларды) олардың орындалу мерзіміне байланысты 
немесе құжаттардың келіп түсуіне қарай хронологиялық тәртіппен күнделікті 
Шаруашылық операцияларын тіркеу журналына
жазып отыру қажет. Бұл 
журналда щаруашылық операциясының орындалған мерзімі, операцияны 
тіркеуге негіз болған құжаттың номері, шаруашылық операциясының мазмұны, 
сомасы және корреспонденцияланушы шоттар көрсетіледі (корреспонденция-
ланушы шоттардың номері жазылады). 
Мысалы, кәсіпорында қаңтар айының ішінде төмендегі операциялар 
орындалды делік: 
1) 5 қаңтарда кәсіпорын жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу үшін есеп айырысу 
шотынан кассаға нақты ақша алынды- 50000 теңге; 
2) 6 қаңтарда кәсіпорын жұмыскелеріне кассадан еңбек ақы төленді - 50000 
теңге; 
3) 7 қаңтарда басқа кәсіпорыннан тегін (ақысыз) алынған негізгі құрал кіріске 
алынды – 80000 теңге; 
4) 10 қаңтарда жабдықтаушылардан келіп түскен шикізаттар қоймаға кіріске 
алынды- 90000 теңге; 
5) 12 қаңтарда банктің қысқа мерзімді несиесі есеп айырысу шотына 
қабылданды – 100000 теңге; 
6) 20 қаңтарда сатып алушы кәсіпорынға дайын өнім жөнелтілді – 160000 теңге; 
7) 25 қаңтарда есеп айырысу шотынан жабдықтаушының қарызы өтелді – 60000 
теңге; 
8) 27 қаңтарда қоймадан өндіріске шикізаттар босатылды – 70000 теңге; 
9) 28 
қаңтарда есеп айырысу шотына сатып өткізілген өнім үшін сатып 
алушылардың төлемі қабылданды – 190000 теңге; 
10) 30 қаңтарда негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелді – 80000 
теңге. 
Төменде осы қаңтар айында кәсіпорында орындалған операциялар 
жазылған Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы келтірілді (5.2 кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет