Проблемы системы образования



бет4/17
Дата16.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#158401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен танысу.
Қазақ тілі пәні бойынша тақырыпты талдау түсіндіру., Сауат ашу пәні бойынша тақырыпты талдау түсіндіру, бағдарлама және оқулық Математика, математика пәні бойынша бақылау жұмыстары Матем, Психокоррекциялық бағдарламаға талдау жасау. Түзету, Тұлғаның психологиялық денсаулығын сақтауда салауатты өмір салтының маңызы Денсау

ҚР МЖБС қолдану саласы

  • 1.1 Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) орта білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушының даярлық деңгейі мен сапасына қойылатын талаптарды белгілейді; білім беру салалары бойынша білім, іскерлік және дағдыларды, түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді нақтылайды; білім алушының табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді.
  • 1.2 Осы Стандарт:
  • білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына;
  • педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеген кезде орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарына, білім беру ұйымдарына;
  • білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеген кезінде ғылыми және оқу орындарына, білім беру саласындағы мамандарға;
  • педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеген кезінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарына;
  • білім алушыларды қабылдаған кезде білімін бақылау үшін техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына;
  • жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеген кезінде мемлекеттік басқару органдарына;
  • білім алушының оқу сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезінде білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға қолдану үшін арналған.
  • Стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары білім беру қызметін лицензиялаған, білім беру ұйымдарын аттестаттаған, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындаған, осы құжаттардың орындалуын бақылаған кезде пайдаланылады.
  • Слайд 9

МЖБС, құзыреттілік, құзырет туралы түсінік

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС): білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін, білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын айқындайтын, білім беру салалары бойынша білім, іскерлік, дағдылар және қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелеріне, білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлеміне, білім сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін және білім алушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін нормативтік құжат.
  • Құзыреттілік: оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.
  • Құзырет: білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жұмылдыруға дайындық.
  • Слайд 10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет