6.1.3 Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелелері келесідей жетістіктермен: - 6.1.3 Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелелері келесідей жетістіктермен:
- кәсіптік-оқу және басқа да әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлерінің мәнін (әлеуметтік ынтымақтастықты) өз бетінше өмір сүріп, еңбек етуге дайындық құралы ретінде түсіне білуімен;
- қоршаған ортаға, өз-өзіне, табиғатқа, қоғамға деген біртұтас дүниетанымдық көзқарастарының болуымен және соған сәйкес әрекет жасай алуымен;
- өзінің даралығын және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі іске асыруға даярлығын сезінуімен;
- мектепте және одан тыс жерлерде әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас тәжірибесін пайдалана білуімен;
- өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі бақылауға сәйкес ұстанымдарын меңгеруімен;
- рухани-адамгершілік, азаматтық-отаншылдық, белсенді өмір салтын құру ұстанымдары мен сенімдеріне сәйкес іс-әрекеттің барлық түрлеріне қатынасуымен;
- жастар мәдениетіне тән нормаларға бағынатын бейресми, түрлі жастағы ұжымдар мен топтарда қарым-қатынас жасауға қажеттілігінің және даярлығының болуымен;
- таңдаған болашақ кәсіби қызметін саналы түрде жүзеге асыруымен және өмірлік жоспарларын анықтауымен;
- өзін әлемнің азаматы ретінде сезіне білуімен, көпмәдениетті тұлғаның сапаларын иеленуімен,
- қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтерге, қоғамдық акцияларға, компанияларға, еріктілер қозғалысына жүйелі түрде қатыса білуімен;
- салауатты өмір салтына қажеттігі мен даярлығының болуымен;
- өзін қоғамның лайықты өкілі және болашақ отбасы иесі ретінде сезінуімен анықталады.
6.2 Білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер - 6.2 Білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер
- Білім беру мазмұны әрбір білім алушының Стандартпен айқындалған мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған:
- проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;
- ақпараттық құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік.
- 6.2.1 Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:
- түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
- өз іс-әрекетіне мақсат қоя алуға, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыруға (яғни, атқарылатын міндетке барабар технологияларды әзірлеуге);
- өзін-өзі бағалауға және өзінің іс- әрекеті мен оның нәтижелеріне баға беруге;
- түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдауына;
- қойылған міндетке сәйкес технологияларды таңдауына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |