Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері
бет 12/17 Дата 16.11.2022 өлшемі 0,66 Mb. #158401
Байланысты:
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен танысу. а) Бастауыш білім беру деңгейінде: 1) ақпараттық ізденісті жоспарлау ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі; ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады ; анықтамалықтарды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады; 2) алғашқы ақпаратты алу: бақылау, қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент жүргізеді; адамға сұрақ қоя отырып , ақпаратты алады; ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады; 3) ақпаратты екінші қайтара алу: берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді; 4) ақпаратты алғашқы өңдеу: алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді; 5) ақпараттарды өңдеу: алынған ақпаратты дәл баяндай алады ; ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді; ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады. ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде: ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде: 1) ақпараттық ізденісті жоспарлау: қойылған міндеттерді шешу үшін қандай ақпарат (не туралы) талап етілетінін атап көрсетеді; интернеттің іздестіру жүйелерін қолданады ; библиографиялық және тұрақты басылымдарды пайдаланады; 2) алғашқы ақпаратты алу; өз бетінше бақылау , ақпараттық ізденістердің міндеттеріне сәйкес эксперименттің мақсаты мен барысын жоспарлай отырып эксперимент жүргізеді; сұрақтар көмегімен ақпараттар жинауды жоспарлайды және оны жүзеге асырады; берілген сұрақтар бойынша статистикалық, тарихи және көркемдік ақпарат көздерінен мәлімет ала алады; 3 ) екінші қайтара ақпарат алу: алынған тапсырмалардың сипатына қарай өз бетінше негіздеме тұжырымдайды , оларды реттейді және ізделінді ақпаратты ала алады; анықталған қарама-қайшылықты көрсете біледі; 4) ақпаратты алғашқы өңдеу: алынған ақпаратты берілген күрделі құрылым шеңберінде (екі немесе одан да көп белгілеріне қарай) жүйелейді; 5) ақпараттарды өңдеу: алынған ақпаратты шешілетін міндеттің мәнмәтінінде баяндай алады ; ақпараттың нақтылығын ұсынылған тәсіл бойынша тексереді; алынған ақпарат негізінде өз бетінше қорытынды жасайды немесе қорытындымен келіседі және оны дәлелдеу үшін бірнеше дәйектер немесе оны растайтын мәліметтерді келтіреді. Достарыңызбен бөлісу: