кәсіби қалыптасу және өзгермелі әлемнің динамикасына бейімделу
Слайд 6
Орта білім берудің жаңа моделі қамтамасыз етеді:
оқушының «дайын білімді алушы» ретіндегі пассивті қалпынан оның танымдық процестегі «белсенді субъект» қалпына көшуін қамтамасыз ететін мектептің іс-әрекетіндегі негізгі процесс ретінде оқытудың рөлін күшейту;
жалпы орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, әр білім деңгейіндегі мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуі;
оқытудан күтілетін нәтижелердің әр деңгейлі жүйесін құрудағы, жеке тұлғаның әр білім беру деңгейіндегі дәйекті дамуын көрсететін сабақтастықтың сақталуы;
мектеп бітірушінің білім деңгейіне сәйкес келетін жеке қаситетерін құзырлылықтар түрінде күтілетін нәтиже ретінде болжау;
қажетті құзырлылықтарды меңгерудегі оқушылардың білім жетістіктері деңгейін анықтау негізінде Оқушылардың, мектеп пен білім беру жүйесінің даму динамикасының мониторингі.