Программа дисциплин Форма для студентов фсо пгу


-бөлім. 4-тақырып Сыныпта және мектептен тыс тәрбие жұмысы



бет6/9
Дата15.12.2023
өлшемі262 Kb.
#197087
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2-бөлім.
4-тақырып Сыныпта және мектептен тыс тәрбие жұмысы. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орны және рөлі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, ұйымдастыру принциптері, қызметтері мен мазмұны, құралдары, формалары және әдістері. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлілігі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формаларына сипаттама. Тәрбие жұмысында педагогикалық қолдау туралы түсінік, оның мәні және жүзеге асыру тәсілдері.
Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненты ретінде: міндеттері, ұйымдастыру принциптері, мазмұны, формалары және әдістері. Мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері. Мектептен және сыныптың мектептен тыс мекемелерінің өзара әрекеттесуі, сондай- ақ қоғамдық ұйыдарымен және бірлестіктермен, білім, мәдені-ағартушылық ұйымдарымен, мәдені және ғылыми орталықтарымен, ұлттық мәдени орталықтар, Денсаулық ұлттық орталығы және т.б.
Оқушылардың мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының өзара байланысы.
5-тақырып Мектеп және сынып тәрбие жұмысының диагностикасы. Сынып жетекшісінің оқушылармен жұмысының диагностикасы туралы түсінік және оның негізгі қызметі. Жалпы алғанда сыныптың педагогикалық үрдісінің диагностикалық жағдайы. Сыныптың оқу-тәрбие үрдісінің жағдайы туралы ақпарат(бастапқы, тактикалық, жедел) диагностиканың негізгі ретінде. Сыныптың педагогикалық үрдісінің негізгі сипаттамасы және олардың көрсеткіші. Сынптың педагогикалық үрдісінң сипаттамасы бойынша диагностикалық мәліметтер алудың зерттеу әдістемесі. Оқушылардың тәрбиелігі диагностикасы және сынып ұжымын даму деңгейі. Оқушылар және сынып ұжымы диагностикасы талаптар. Оқушылар және оқушылар ұжымы диагностикасының шамамен алынған бағдарламасы мен әдістемесі. Оқушының жеке басына және сынып ұжымына мінездеме жазу.
6-тақырып Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсатын қою және жоспарлау.
Мақсат, міндет және мақсатқоюшылық туралы жалпы түсінік, оқушылардың тәрбие жұмысында олардың маңызы. Мақсатқоюшылық кезендері және оны ұйымдастыру туралы әдістемелік қенес.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар мен балалар ұжымының дамуын және мектеп пен сыныпта тәрбие жұмыстарының стратегиясын алдын-ала болжау, анықтау үрдісі ретінде. Диагностика мәліметтері және оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктері, жалпы сынып ұжымы негізінде сыныптан тыс тәрбие жұмысына мақсат қою және жоспарлау. Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері. Сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналар сыныптан тыс тәрбие жұмысына ұжым болып мақсат қою және: деңгейі, кезендері. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұжым болып мақсат қою және жоспарлау формалары.
Сыныптың тәрбие жұмысының жоспары – болашақтағы тәрбие жұмысының барысының көрінісі, оның жалпы стратегиялық бағыты және ұсақ деталдары – ретінде: қызметі, түріжәне құрылымы. Мектепте тәрбие жұмысының жоспарын құрудың педагогикалық талаптары. Мектептің және сыныптың сыныптан тыс тәрбие жұмысы жоспарының өзара байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет