Программа дисциплин по специальности 6D061400- генетика


  Сателитті ДНҚ-ның қызметі мен құрылымы. Мини- және  микросаттелиттерді талдау



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата04.05.2024
өлшемі428,68 Kb.
#201738
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Генетика докторантура

 
15 
Сателитті ДНҚ-ның қызметі мен құрылымы. Мини- және 
микросаттелиттерді талдау
 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Генетика және «Тұқымқуалаушылықтың және өзгергіштіктің 
молекулалық-генетикалық механизмдері» курсы XIX ғасырдың тәжірибелік 



зерттеулерінен бастау алады. Бұл ғылымның ресми түрде туған жылы 1900 
жыл болып есептеледі. Бірақ, өсімдіктердің селекциясы мен жануарларды 
шағылыстыру әрекеттері ертеден-ақ белгілі болған, себебі егіншілер мен мал 
шаруашылығымен 
айналысатын 
адамдар 
шаруашылыққа 
құнды 
организмдердің жаңа формаларын XV ғасырдан бастап-ақ зерттеген. 
Берілген курстың даму тарихы алғашқы кезеңнен (XIX ғасырдың екінші 
жартысы) басталады. Бұл кезеңде өсімдіктердегі тұқымқуалау принциптері 
(Мендель тәжірибелері) ашылып, митоз және мейоз процесстері анықталды.
Тұқымқуалаушылықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу заңдылықтарының көбею 
жолдары үшін маңыздылығы ашылды (Страсбургер, Горожанкин, Гертвиг, 
Ван-Беневин, Флемминг, Чистяков, Вальдейр және т.б. (1878-1883 жж.). 
Одан кейін екінші кезең басталды. Екінші кезеңде тұқым қуалаушылық 
бірлігінің құрылымы мен қызметі айқындалды және тұқымқулаушылық пен 
өзгергіштіктің ұрпақтан-ұрпаққа берілуінің молекулалық механизмдері 
анықталды (Томас Морган, Навашин, Серебряков, Вавилов, де Фриз, 
Корренс, Уотсон және Крик, Мезелсон и Сталь және т.б.). Қазіргі даму 
кезеңіне келер болсақ, ультрақұрылымдар қатарының ашылуымен 
сипатталады, яғни ДНҚ, РНҚ молекулаларының құрылымына, белоктарға, 
сигналды молекулаларға жете талдау жұмыстары және т.б. (Темин и 
Балтимор, Пэрдью и Галл, Спирин, Георгиев и Айтхожин, Файер, Сэнгер, 
Максам и Гилберт, Корана, Олвин и Кэмп, Мюллис, Файер және т.б.).
«
Тұқымқуалаушылықтың және өзгергіштіктің молекулалық-генетикалық 
механизмдері» курсының мағынасы тұқымқуалаушылық ақпараттың 
ұрпақтан-ұрпаққа берілуінің негізгі механизмдерін теориялық негіздеуден 
және жаңа бағыттарды жетілдіруден, яғни азық-түлік өнеркәсібі, жеңіл және 
ауыр өнеркәсіп өнімдері, алдыңғы қатардағы технологиялық өнімдер мен 
құралдарды жасаудан құралады. Осы курс негізінде молекулалық 
селекциялық жұмыстарды жүргізу мүмкіндіктеріне ие болдық. Ол өз алдына 
өсімдіктер мен жануарлардың практикалық селекциясының жетістіктерін, 
гендік модификацияланған тәсілдер негізіндегі молекулалық медицинаның, 
гендік терапияның, фармако- және нутригенетиканың, генодиагностика, 
молекулалық эпидемиология саласындағы жаңа жетістіктерді үйлестіре 
қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен, курстың практикалық рөлі жаңа азық-
түлік тауарларын өндіру қызметі ғана емес, сонымен қатар, ел ішіндегі және 
халықаралық масштабта тағамдық және эпидемиологиялық қауіпсіздікті 
күшейту. Оған қоса, курсты кредиттік жүйе бойынша және үш тілде оқыту 
студенттердің инновациялық ойлануын дамытады және бағдарламалар мен 
жобаларды жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет