Программа Форма ф со пгу



бет4/9
Дата13.08.2022
өлшемі228,5 Kb.
#148066
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8-тақырып. Москва мектебі.
Ф.Ф.Фортунатовтың лингвистикалық көзқарастары, грамматикалық форма мен рамматикалық мағына туралы ілім. Нольдік форма туралы түсінік. Сөздің грамматикалық топтары туралы ілім. Сөз-таңбаның бір түрі. Сөз тіркестері теориясы. Ф.Ф.Фортунатовтың жалпы лингвистика-лық көзқарастары: тілдің әлеуметтік мәні туралы түсінік; тіл және оның тарихы; тіл және ойлау проблемасы; сөз формасы және сөз табы туралы ілімі; сөз тіркесі және сөйлем туралы ілімі; А.А. Шахматовтың жалпы және салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі мұрасы. А.М. Пешковский, В.М. Ляпунов, Д.Н. Ушаков, М.М.Покровский және т.б. лингвистикалық көзқарастары. Тіл теориясын дамытуда Москва лингвистикалық мектебінің орны.
9-тақырып. Харьков лингвистикалық мектебі.
А.А.Потебня – Харьков лингвистикалық мектебінің негізін салушы. А.А.Потебняның лингвистикалық концепциясының философиялық негізі. А.А.Потебня концепциясының жалпы лингвистикалық проблематикасы. Грамматикалық формалар типі. Лексикалық мағыналар типткрі. Сөздің «сөздің ішкі формасы» туралы ілім. А.А.Потебняның синтаксистік жүйесі. А.А.Потебняның лингвистикалық көзқарастарының маңызы. Д.Н.Овсянико-Куликовскийдің лингвистикалық көзқарастары.
10-тақырып. Қазан лингвистикалық мектебі.
Қазан лингвистикалық мектебінің қалыптасуы және оның бағдарламасы. И.А.Бодуэн де Куртененің лингвистикалық көзқарастары: тіл дамуы мәселелері: статика және динамика; тіл туралы ілім қоғамдық-психологиялық құбылыс; фоне-ма және морфема теориясының жасалуы; эксперименталды фонетиканың пайда болуы; тілдің жүйелік концепциясы. Альтернация ұғымы. Сипаттамалы әдіс принципінің талдануы. Тілдің пайда болуы және тілдік өзгерістің себептері. Тілдің таңбалық сипаты туралы В.Н. Крушевский ілімі. Ұқсастық ассоциясы және шектестік ассоциясы – тілдік қатынастар типі. В.А.Богородицкийдің негізгі морфология-лық процестер туралы ілімі. Сөз таптары және сөйлемдер мәселелері туралы. Эксперименталдық тұрғыдағы фонетика мәселесі. Қазан лингвистикалық мектебінің маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет