Программа Форма ф со пгу



бет6/9
Дата13.08.2022
өлшемі228,5 Kb.
#148066
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9
14-тақырып. Америка этнолингвистикасы. Неогумбольдшылдық.
Ф.Баос және оның американдық үндістердің тілі туралы зерттеулері. Америка бихевиоризмі: Л.Блумфилдтің постулаттар принципі. Адамның тілі және мінез құлқы (стимулдар және реакциялар). Э.Сепирдің модель теориясы. Америкадағы этнолингвистика (антропологиялық лингвистика) және оның өкілдері.: Ф.Баос, Э.Сепир, С.Лэм, Б.Уорф. Тіл және әлем көрінісі. Тіл мен мәдениеттің байланысы. Неогумбольдшылдық – ойлау мен танымдағы тілдің рөлі туралы. Тіл әлемді түсінудің «кілті» туралы В.Вайсгербер теориясы. Тілдің семантикалық құрылымы және әлемді түсінудегі неогумбольдшыл-дық. Тілдегі субъективтік пен объективтік факторлардың арақатысы. Тіл және әлем бейнесі. Семантиалық өріс теориясы: И.Трир, В.Порцит. Лондон лингвистикалық мектебі.
Лондон мектебі өкілдерінің (Дж.Ферс) еңбектеріндегі тіл табиғаты туралы түсініктер. Дж.Ферс және Б.Малиновский-дің тұлғаның тілмен байланысы туралы идеялары. Мағына мәселесі және оның лингвистикалық талдаудағы орны. В.Аллен және М.Холлидей еңбектеріндегі тіл құрылымы мәселесі.
15-тақырып. Ресей тіл білімі. Қазіргі Россия тіл білімі
Қазіргі орыс тілі теориясының қалыптасуы: Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, П.С.Кузнецов, В.В.Виноградов, С.Г.Бархударов, Б.А.Ларин, Н.Ю.Шведова және т.б. Тілді зерттеу және оның мәдениетке, халық психологиясы мен мифологияға қатысы (Ф.И.Буслаев, А.А.Потебня, А.Н.Афанасьев) және И.Смирницкий еңбектеріндегі сөз туралы ілім. Әлеуметтік лингвистика туралы идеялардың М.Н.Петерсон, Р.О.Шор, Е.Д.Поливанов еңбектеріндегі көрінісі. Глоготендік процестер туралы Н.Я.Марр және оның ілімі. И.И.Мещаников – синтаксистік типология туралы. Фонема туралы тартыстар. Струтурализм туралы түрлі көзқарастар. Қазіргі орыс тіл біліміндегі функционалдық бағыт. (ХХ ғ.) 20-30-жылдардағы отандық тіл білімінің ерекшеліктері. Н.Я.Марр теориясына сын. Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасуы. Е.Д.Поливановтың тіл білімі теориясы туралы еңбектері. Л.В.Щербаның жалпы лингвистикалық және фонологиялық еңбектері. И.И.Мещаниновтың типологиялық концепциясы. В.В.Виноградовтың сөздің грамматикалық ілімі туралы, тіл стилі және көркем әдебиет стилі туралы еңбектері. Қазақстан тіл білімі.
Қазақ тіл білімі – жалпы түркітанудың құрамдас бөлігі (Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, С.Е.Малов, П.М.Мелиоранский, В.В.Катаринский, А.Құрышжанов және т.б.) және қазақ тіл білімі туралы ілім (А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ы.Маманов, Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсаев, М.Балақаев, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова және т.б.). А.Байтұрсыноа, Қ.Жұбановтың жалпы лингвистикалық ілімдері. Қазақ графикасы мәселелері. Қазақ графикасы мәселелері: А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.С.Аманжолов, Е.Омаров, Х.Досмұхамедов және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет