11 тақырып. Шет елдердегі мектеп пен педагогикалық дамуы.
ХХ ғ. бас кезіндегі мектептік білім берудің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі. Білім берудің жаңа концепциялары. Мектептердің түрлері. ХХ ғ. екінші жартысындағы әлемдік білім беру процесі дамуының жетекші бағыттары. Білім беру бағдарларын өзгерту қажеттілігінің туындауы. Білім беруді ұйымдастыру, оқыту мазмұны, формалары мен әдістері. Оқыту формаларының жаңартылуы.
12 тақырып. Кеңестік кезеңдегі мектеп және педагогика.
Кеңестік мектеп жүйесін құрудың жаңа принциптері (30-ж.д.). Жалпы білім беретін мектеп түрлері (ШКМ, ФЗС, ФЗУ және т.б.). Оқу және тәрбие жұмыстары. Оқытуды ұйымдастыру және әдістері. С.Т.Шацкийдің педагогикалық қызметі. 30-90 жылдардағы мектеп және педагогика. А.С.Макаренко теориясының негізгі қағидалары. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық теориясы. Педагогика ғылымының дамуы.
Қазақстандағы мектептердің түрлері, олардағы оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б. ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметтері. Мектеп жүйесінің 1940-1980 жж. проблемалары мен жетістіктері. Кәсіби және жоғары білім беру мәселелері. Педагогика ғылымының дамуы. (Ш.Әлжанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, А.И.Сембаев, А.Ситдыков, М.Мұқанов және т.б.).
13 тақырып. ҚР білім беру жүйесі: қазіргі жағдайы және даму бағыттары.
Білім беру жүйесін реформалау принциптері. ҚР «Білім туралы заңы» (1999). Қазіргі білім беру жүйесі. Білім беру бағдарламалары. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат. Білім берудің жалпыға міндетті стандарттары. Мектептік жүйе. Тәрбие бағдарламалары. Қазақстандағы педагогика ғылымының міндеттері және негізгі проблемалары.
3.3 Тәжірибелік сабақтарының мазмұны
1. Педагогика тарихы пәні, міндеттері және әдістері.
2. Ежелгі дүниедегі тәрбие мен оқыту.
3. Византиядағы тәрбие және педагогикалық ой.
4. Батыс Еуропадағы тәрбие және мектеп (V-XVII ғ.орт.)
5. Орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстандағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой.
6. Еуропа мен АҚШ елдеріндегі мектеп пен педагогикалық ой (XVII ғ.орт. XVIII ғ.аяғына д.)
7. Ресейдегі жаңа дәуірдегі мектеп және педагогикалық ой.
8. Батыс Еуропа мен АҚШ елдеріндегі ХІХ ғ. мектеп және педагогика.
9. XVIII-ХІХ ғғ. Қазақстандағы мектеп және педагогикалық ой.
10. Қазіргі шетел мектебі мен педагогикасы.
11. Кеңес дәуіріндегі мектеп және педагогика.
12. ҚР білім беру жүйесі: қазіргі жағдайы және даму бағыттары.
Достарыңызбен бөлісу: |