Программа интерфейсі Файлдарды жүктеу мен импорттау Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары


Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары



бет3/5
Дата11.01.2022
өлшемі192,96 Kb.
#111085
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс №8. Adobe Photoshop программасының құрылымы

Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары. Құралдар панелі бейнелермен жұмыс істеудегі ең негізгісі болып табылады. Негізгі құралдар, құралдар панелінде 4 топқа біріктірілген. Photoshop программасының ерекшелігі құралдар панелінде альтернативті құралдардың болуы. Мұндай құралдардың кішкене үшбұрышты арнайы белгілері бар. Осындай белгіде тышқанды басып курсорды апарсаңыз қосымша құралдары бар: сызғыш , тағы басқа да құралдар.

1.Белгілердің бірінші тобын обьектімен жұмыс жасауға арналған құралдар құрайды. Область аймақ және Лассо құралдары арқылы бейне аймағын ерекшелеп, (Перемещение) Ауыстыру құралының көмегімен ерекшеленген аймақты жылжытып, көшірмесін алуға да болады.

Сиқырлы таяқша (Вольшебное палочка) құралы аймақты түс белгісіне қарай автоматты түрде ерекшелеуге арналған. Сиқырлы таяқша мен Лассоны графикалық обьектілердің күрделі контурын дәл алу үшін қолданады.

2.Сурет салу үшін арналған құралдар тобына Аэрограф, кисть (қылқалам), карандаш, Ластик (өшіргіш) жатады. Штамп құралын набивка операциясы үшін, яғни оның көмегімен суреттің зақымдалған элементтерін қалпына келтіру ыңғайлы. (Мысалы: ескі суреттерді өңдеуде), зақымдалмаған бөліктерден бейнелерді көшіру арқылы.

Палец құралы размывка опериясы үшін қолданылады. Размытие /Резкость құралдары бөлек бөліктердің қанықтылығын басқаруға, ал Осветлитель / Затемнитель / Губка құралдарын түстің қанықтылығын реттеуге арналған. Губка Отмывка операциясы үшін арналған.

3. Үшінші топтың құралдарына жаңа обьектілерді құруға, соның ішінде текстік обьектілерді құруға арналған.

Перо және оның альтернативті құралдары қисық контурларды құру мен редакторлеуге арналған. Текст инструментімен жазбаларды орындайды. Бұнымен қоса мұнда Windows операциялық жүйесінде орнатылған шрифтілер қолданылады. Линия құралы түзулердің кесіндісін салуға арналған. Заливка және Градиент ерекшеленген бөліктерді негізгі түстердің бірімен немесе түстер арасында жайлап өту арқылы қолайлы түс таңдауға арналған. Қолданылғандардың тізімінен түсті дәл таңдауға Пипетка құралы көмектеседі.

4.Соңғы топты көруді басқару құралдары құрайды. Масштаб құралы суреттің үлкейтілген фрагменттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал рука құралын программаның терезесінің шегінен шығып кеткен суреттерді жылжытуға қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет