Программа по предметам подготовительного отделения детских музыкальных



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата11.06.2020
өлшемі0,78 Mb.
#73005
түріПрограмма
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1548748908238 (1)
1548748908238 (1)


 

Мазмұны 



 



Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептері  

музыка  бөлімдерінің  дайындық  бөлімінің  пәндері 

бойынша білім беру бағдарламасы 





Образовательная 

программа 

по 

предметам 

подготовительного  отделения    детских  музыкальных 

школ  и  музыкальных  отделений    детских  школ 

искусств 

25 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептері  



музыка бөлімдерінің дайындық бөлімінің пәндері бойынша 

 білім беру бағдарламасы 

 

1.  Балалар  музыка  мектептерінің  және  өнер  мектептері  музыка 



бөлімдерінің  дайындық  бөлімінің  пәндері  бойынша  білім  беру 

бағдарламасы  (бұдан  әрі  –  Бағдарлама)  дайындық  бөлімінің  пәндері 

бойынша оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру 

процесін  ұйымдастыруды,  оларды  іске  асыру  тәсілдері  мен  әдістерін, 

бойынша оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім 

берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды. 

2. Осы бағдарламада келесі түсініктер қолданылады: 

1) ансамбль – қандай да бір тұтастылықты құрайтын бөліктердің 

үйлесімділігі, біртұтастығы; 

2)  аппликатура  –  музыкалық  аспапта  ойнау  кезіндегі 

саусақтардың орналасуы және алмасуы;  

3)  дыбыс  шығару  –  музыкалық  аспапта  ойнау  кезінде  немесе  ән 

айту кезінде музыканы, дауысты шығару; 

4) дауыс ырғағы – дыбыстық тонды вокалмен немесе музыкалық 

аспаппен таза орындау білігі; 

5)  затакт  –  келесі  тактінің  бірінші  бөлігінің  алдында  келетін 

тактінің жарты бөлігі; 

6)  музыка  теориясындағы  дыбыстар  қатары  –  биіктігі  бойынша 

жоғары немесе төмен орналасқан дыбыстардың қатары; 

7)  музыкадағы  канон  –  әуен  өзінен  өзі  контрапункт  құрайтын 

полифониялық форма; 

8)  музыкадағы  легато  –  музыкалық  аспапта  ойнау  тәсілі, 

дыбыстарды  байланыстырып  орындау  кезінде  дыбыстар  бірінен  біріне 

баяу ауысады, дыбыстар арасында үзіліс болмайды; 

9)  музыкадағы  мажор  –  үйлесімді  үндестіліктің  екі  ладының 

біреуі; 


10)  музыкадағы  такт  –  осы  тәсілдің  арқасында  пьесаның 

графикалық бейнесі толық түсінікті және оқу үшін жеңіл болады; 

11)  музыкадағы  тасымалдау  –  көптеген  музыканттар  қолданатын 

кәсіби тәсілі; 

12)  музыкадағы  темп  –  метрикалық  санау  бірліктер  ретінің 

жылдамдығы;  

13)  музыкадағы  өлшем  –  тактідегі  үлестердің  санын  нұсқайтын 

тактілік метрдің сандық сипаттамасы; 

14) 

музыканы 



тыңдау 

– 

атақты 



орындаушылар 

мен 


композиторлардың  орындауындағы  әр  түрлі  жанрдағы,  формадағы, 

стильдегі, кезеңдегі музыканы белсенді қабылдауды дамытуға арналған, 

вокалдық,  аспаптық,  оркестрлік  шығармаларға  арналған  үздік  жұмыс 



 

формасы; 



15)  музыкалық  жанр  –  шығуына,  орындау  жағдайына  және 

қабылдауына  байланысты  музыкалық  шығармашылықтың  бағытын 

және түрін сипаттайтын көп мағыналы түсінік;  

 

16)  нон  легато  –  бір  дыбыстан  басқа  дыбысқа  ауысу  жеке 



жүргізілетін, бірақ үзілмей орындалатын тәсіл; 

17)  полифония  –  көп  дауысты  фактураның  жеке  дауыстарының 

(әуендік  сызықтар,  кең  мағынадағы  әуендер)  қызметтерінің  теңдігін 

анықтайтын көп дауысты музыканың құрылымы

18)  стаккато  –  бір  дыбысты  бір-бірінен  бөле  отырып,  үзік-үзік 

орындалатын музыкалық штрих; 

19)  тоника  –  классикалық-романтикалық  үндестілік  ладының 

бірінші сатысы, оның басты тіреуі; 

20)  үндестілік  және  модальды  ладтардың  үйлесімдеріндегі 

альтерация  –    тұрақсыз  диатоникалық  сатының  түрлік  өзгеруі,  ладты 

тартылысты тұрақтандыруға тырысады; 

21)  ұсақ  моторика  –  білектермен  немесе  қол  және  аяқтың 

саусақтарының  нақты  ұсақ  қимылдарды  орындауына  бағытталған 

адамдардың үйлестірілген қимылдарының кешені; 

22)  халық  әні  –  фольклордың  музыкалық-поэтикалық  жанры, 

халық  музыкасының  кең  таралған  түрі,  ұжымдық  ауызша 

шығармашылықтың өнімі; 

23)  штиль  –  ұзақтығы  кемінде  тұтас  нотаны  құрайтын  нотаның 

басына тіркелетін тік таяқша; 

24)  этюд  –  қандай  да  бір  орындаудың  күрделі  тәсілін  жиі 

қолдануға  және  орындаушының  техникасын  жетілдіруге  арналған 

тәсілге негізделген, ереже бойынша шағын көлемді аспаптық пьеса. 

3. Білім беру бағдарламасын іске асыру мерзімі – бір жыл.   

Дайындық 

сыныптарына 

алты-жеті 

жастағы 

балалар 


қабылданады.  Оқыту  жеке  және  топтық  формада  іске  асырылады. 

Дайындық  топтарындағы  білім  алушылардың  сандық  құрамы  –  6-10 

адам. 

4. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі 



осы  бұйырықтың  1-қосымшасында  көрсетілгендей  балалар  музыка 

мектептерінің  үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  анықталады.  Оқыту  жеке 

формада іске асырылады. 

5. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары: 

1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік; 

2)  музыкалық  сөздік  қорын  және  техникалық  тәсілдерді 

меңгерудегі қатаң жүйелілік; 

3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы; 

4) оқу процесінің мақсаттылығы. 

6. Бағдарлама музыка мектептерінде және өнер мектептерінде әрі 




 

қарай білім алуға бағдарланған білім алушыларға арналған.  



7. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы 

дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог музыкалық білімді 

меңгерудегі 

қолжетімділікке, 

сатылылыққа 

және 


жүйелілікке, 

балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға көңіл 

бөледі. 

8.  Бағдарлама  білім  алушылардың  тұлғалық  жеке  қасиеттерін 

дамытуға ықпал етуге бағытталған: 

1)  қажетті  музыкалық  сауаттылық  деңгейіне  сәйкес  музыкалық 

шығармаларды  шығармашылықпен  орындауға  мүмкіндік  беретін 

алғашқы білім, білік және дағдыларды меңгеру;  

2) білім алушылардың шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы; 

3)  білім  алушылардың  әлем  халықтарының  рухани  және  мәдени 

құндылықтарын меңгеруі; 

4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы; 

5)  білім  алушылардың  бойында  балалар  музыка  мектептерінің 

білім  беру  бағдарламаларын  әрі  қарай  меңгеруге  мүмкіндік  беретін 

білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру. 

9. Психологиялық-педагогикалық қолдау: 

1)  білім  алушылардың  даралығына  сәйкес  оның  тұлғалық, 

зияткерлік  және  әлеуметтік  дамуына,  өзін  өзі  кәсіби  анықтауына, 

зияткерлік-тұлғалық  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  шығармашылық 

қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға; 

2)  білім  алушылардың  бойында  оқуға  деген  оң  уәждемелерін 

қалыптастыруға; 

3)  білім  алушылардың  тұлға  ретінде  дамуына  және  өзін  өзі 

жетілдіруіне  ықпал  ететіндей  тұлғаға  өзін  өзі  тануда,  олардың  өзіне 

шынайы  баға  беруін  қалыптастыру  және  нақты  өмірлік  жағдайларда 

бейімделуінде, 

қиын 

жағдайларды 



жеңуде 

және 


эмоциялық 

тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге; 

4)  бағдарламаның  мақсаты  мен  міндеттеріне  сәйкес  білім 

алушыларға  психологиялық  көмек  көрсетуге  және  қолдауға 

бағытталған. 

10.  Білім  алушыларға  қажетті  орындаушылық  дағдыларды  және 

біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік 

шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық 

тәрбие  беру  халық  музыкасын,  қазақстандық,  орыс  және  шетел 

композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді. 

11.  Бағдарламаның  ерекшелігі  –  балалардың  аспапта  ойнау 

бойынша  білім,  білік  және  дағдыларды,  шығармашылық  қызмет 

тәжірибесін,  жеке  орындау  тәсілдерін  алуға  жалпы  дамытушылық 

бағыты.  

12. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін 



 

ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, 



негізгі  және  пәндік  құзыреттеріне  (оқу  пәні  шеңберінде  меңгерілген 

арнайы білім, білік және дағдылары) қол жеткізуге бағытталған. 

13. Бағдарламаның әдістемелік негізі: 

1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;  

2)  оқытудағы  жас,  жеке-қызметтік,  жеке-сараланған  және 

мәселелі-зерттеу тәсілдері; 

3)  заманауи  педагогиканың  жалпы  дидактикалық  постулаттары, 

білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері; 

4) 

дамыта 


оқыту 

мәнмәтініндегі 

білім 

алушылардың 



шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін 

әзірлеу; 

5)  белгілі  педгогтер  мен  музыка  танушылардың  теориялық 

ережелері мен әдістемелік нұсқаулары. 

14.  Оқу  материалының  мазмұнын  іріктеудің  педагогикалық 

қағидаттары: 

1)  табиғи  сәйкестілік  және  қолжетімділік  қағидаты  білім 

алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, оның музыкалық және рухани-

адамгершілік дамуына ықпал ететін тыңдау, үйрену, орындау үшін оқу 

материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді; 

2)  сабақтастық  қағидаты  білім  алушылардың  музыкалық-

орындаушылық    қызметі  және  оның  мазмұны  деңгейінде  оқытудың 

барлық сыныптар арасындағы байланысты білдіреді; 

3) 


оқытуды 

дараландыру 

қағидаты 

аспапта 


ойнаудың 

орындаушылық дағдыларын практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып 

табылады; 

4)  шығармашылық  қағидаты  білім  алушының  қабілетін  және 

бейімділігін  ашуды  болжайды,  табыстылық  жағдайын  құруға,  өнермен 

қуана араласуға ықпал етеді. 

15.  Дайындық  сыныбының  «Сольфеджио»,  «Фортепиано», 

«Домбыра»  и  «Музыканы  тыңдау»  пәндеріне  оқытудың  ерекшелігі 

оқыту  әдістерін,  құралдарын,  формаларын  және  репертуар  кешенін 

таңдаудың вариативтілігін болжайды.  

16.  Қойылған  міндеттерді  орындау  үшін  қолданылатын  оқыту 

әдістері: 

1) ауызша – сұхбат, әңгімелесу, түсіндіру, пікірталас; 

2)  көрнекілік-демонстрациялық  –  педагогтің  аспаппен  шығарма 

орындауы,  бақылау,  интерактивті  және  мультимедиалық  таныстыруды 

көрсетуі; 

3)  практикалық  –  аспаппен  жұмыс,  дайындық  жаттығулары, 

шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс; 

4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту; 

5)  эмоциялық  –  ассоциацияларды,  бейнелерді,  көркемдік 




 

әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі бейнелі ойлауды дамыту. 



17.  Әдістерді  таңдау  білім  алушының  жасына  және  жеке 

ерекшеліктеріне, 

физикалық 

қабілеттері, 

шығармашылық 

қабілеттерінің  даму  деңгейіне  байланысты  болады.  Оқу  процесі 

қарапайымнан күрделіге қарай құрылады. 

18. Сабақ формалары: 

1)  практикалық  –  ойнау  тәсілдері  мен  дағдылары  аспапта 

пысықталады; 

2) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді 

көпшілік алдында көрсету; 

3) байқаулар; 

4)  ойын  сабағы  –  сабақ  барысында  ойын  технологияларын 

қолдану; 

5) экскурсия сабағы. 

19.  Педагог  бағдарламаны  заманауи  музыка  мектептерінде  іске 

асыруда  интерактивті  білім  беру  технологияларын,  сабақтардың 

классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады. 

20.  Педагогтің  білім  алушылармен  топтық  сабақ  ретінде 

жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы 

болып табылады.  

21.  Сабақ  жоспары  бір  уақытта  жүргізілетін  теориялық  және 

практикалық сабақтардан құралады.   

22. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері: 

1) концерттік, байқаулық көрсетілімдерге дайындық

2)  шығармашылық  және  мәдени-ағартушылық  іс-шараларға 

қатысу; 


3) 

музыка 


қайраткерлерімен, 

орындаушылармен, 

композиторлармен кездесу. 

23.  Осы  бағдарлама  негізінде  педагог  білім  беру  процесін 

ұйымдастырудың  осы  сынып  үшін  ұтымды  және  барынша  тиімді 

мазмұнын,  әдістерін  және  тәсілдерін  анықтайтын  оқу  жұмыс 

бағдарламасын әзірлейді. 

24. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері: 

1) титул парағы; 

2) түсінік хат; 

3) оқу қызметін жоспарлау; 

4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. 

25. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар: 

1) білім беру ұйымының аталуы; 

2) оқу пәнінің аталуы; 

3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету; 

4)  оқу  жұмыс  бағдарламасының  әрекет  ету  жұмыс  мерзімі  (оқу 

жылы); 



 

5) педагог туралы қысқа мағлұмат; 



6)  білім  беру  ұйымы  басшысының  оқу  жұмыс  жоспарын 

бекіткендігін белгілеуге арналған орын. 

26. Түсінік хаттың мазмұны: 

1) негіздеме ретінде білім беру бағдарламасы; 

2)  анықталған  сыныпта  пәнді  оқыту  кезіндегі  өзекті 

педагогикалық мақсат пен міндеттер; 

3)  анықталған  сыныптағы  оқыту  ерекшеліктері  (дамыту,  түзету-

дамыту, дарынды балалармен жұмыс); 

4)  аталған  сыныпта  жұмысты  ұйымдастырудағы  ерекшеліктер 

мен мәселелер; 

5)  өзгерістердің  себептері  мен  мақсаттылығын  нұсқай  отырып, 

жеке  тақырыптық  блоктарды  (тарауларды)  меңгеру  мерзімдерін 

және/немесе уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету. 

27. «Оқу қызметін жоспарлау» тарауы білім алушылар қызметінің 

сипатын  ерекшелейтін  тақырыптық  күнтізбелік  жоспардан,  сыныптар 

бойынша репертуарлық тізбеден құралады. 

28.  «Оқу  процесін  оқу-тақырыптық  қамтамасыз  ету»  тарауының 

мазмұны: 

1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі; 

2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі; 

3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.  

29.  Педагогтің  оқу  жұмыс  бағдарламасы  әдістемелік  кеңестің 

отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу 

жылы басталғанға дейін бекітеді. 

30.  Педагог  білім  алушының  жеке  мүмкіндіктеріне  сәйкес 

музыкалық 

шығармалардың 

жеке 


репертуарлық 

тізбесін 

қалыптастырады,  шығармаларды  жүйеге  келтіреді  және  репертуарды 

толықтырады. 

31.  Репертуарлық  тізбе  қазақ,  орыс,  шетел  музыкасы,  көркемдік 

деңгейі 


жоғары 

заманауи 

композиторлардың 

балалар 


мен 

жасөспірімдерге  арналған  пьесаларын,  мультифильмдерден,  балаларға 

арналған  кинофильмдерден  алынған  танымал  әндерді,  халық 

музыкасын қамтиды. 

32.  Педагог  оқу  процесінде  ладтық,  үндестілік,  ырғақтық  және 

әуендік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қазақ  халық  әндері  мен 

күйлерінің  өңдеулерін,  қазақстан  композиторларының  шығармаларын 

кеңінен қолданады. 

33.  Репертуар  жүйелі  түрде  жаңартылады,  заманауи  отандық 

және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып 

кеңейтіледі. 

34. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі 

тапсырмаға  біртіндеп  ауысу,  білім  алушыға  музыкалық  мазмұны 



 

жағынан,  сондай-ақ  орындау  техникасы  жағынан  қолжетімді 



болатындай  материалдарды  таңдай  отырып,  оқыту  әдістемесін  және 

білім алушының репертуарын ойластырады. 

35.  «Сольфеджио»  пәнінің  мақсаты:  білім  алушылардың 

музыкалық  қабілеттерін  дамыту  және  оларды  әрі  қарай  музыка 

мектебінде оқуға дайындау. 

36. Бағдарламаның міндеттері. 

Оқыту: 

1) музыкалық сауат ашу бойынша білім алу; 

2)  вокалдық  дауыс  ырғағы  дағдыларын,  лад  сезімін 

қалыптастыру; 

3) жоғары дыбыстық есту қабілетін қалыптастыру; 

4) метроритм сезімін тәрбиелеу

5)  музыка  тілінің  құралдары  туралы  алғашқы  музыкалық 

түсініктерді қалыптастыру; 

6) алғашқы музыкалық түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру. 

Дамыту: 


1) ішкі есту қабілетін, музыкалық жадын дамыту;  

2) музыкалық қабілеттерді дамыту: музыканы есту қабілеті, ритм 

сезімі, жады; 

3) баланың эмоциясын, қиялын, талғамын дамыту; 

4) алғашқы шығармашылық нышандарды дамыту. 

Тәрбиелік: 

1) балалардың бойында қызығушылықты дағдыландыру; 

2) көркемдік талғамды тәрбиелеу; 

3)  қоршаған  ортаны  бейнелеу  формасы  ретінде  музыкалық  өнер 

туралы түсініктерді қалыптастыру; 

4) балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру. 

37. «Сольфеджио» пәнінің бағдарламалық талаптары: 

1)  білім  алушы  әуенді  есту  қабілетін  дамыту  үшін  дыбыс 

шығарудың  ерекшелігіне  назар  аудара  отырып,  дұрыс  дауыс  ырғағын 

жасауды,  тыныс  алуды,  денені,  басты  және  тағы  сол  сияқтыларды 

дұрыс қоюды үйренеді. 

2)  репертуардың  негізін  шағын  әндер  –  музыкалық  айналымдар 

(попевка) құрайды, олар таза ырғақты, ладтық есту қабілетін дамытады, 

вокалдық аппаратты бекітеді;  

3) есту қабілетін талдау жұмыстың қажетті түрі болып табылады, 

жұмыс істеу үшін әндер – музыкалық айналымдар алынады және сызба 

карталарында  пысықталады  (екі,  үш,  төрт,  бес  дыбыстан    құралған 

дыбыстар қатары);  

4)  теориялық  мәліметтер  сабақ  барысында  оқылады  және 

тарауларда  бекітіледі.  Білім  алушылар  ұзақтықты,  скрипка  кілтіндегі 

бірінші октавадағы ноталарлы, до – соль клавиатурасын, регистрлерді, 




10 

 

динамиканы, қарқындарды, штрихтарды, мінездерді, ладтарды, «фраза» 



түсінігін меңгереді.  

38. «Сольфеджио» оқу пәнінің мазмұны. 

Тақырыптық жоспарлау.  

1-тақырып.  Өнер  түрлері.  Музыка  өнері.  Адам  өміріндегі 

музыканың  рөлі  және  мәні.  Музыканың  бейнелі  дыбыстау,  еліктеп 

дыбыстау мүмкіндіктері.  

Дамытатын музыкалық ойындар.  

2-тақырып. 

Фортепианоның 

клавиатурасымен 

танысу. 

Клавиатураны  октаваларға  және  октавалардың  аталуына  бөлу.  Түрлі 

октавалардағы  және  комбинациялардағы  клавишаларды  ойнау  реті. 

Регистрлер (жоғары, орта, төменгі). 

Есту  арқылы  алатын  әсерлерін  жинақтау.  Музыкалық 

шығармаларды тыңдау. 

3-тақырып.  Жоғары  және  төмен  дыбыстар.  Дыбыстардың 

қайталануы,  әуендердің  жоғары-төмен  қозғалысы.  «Дыбыстарды 

тыңдаймыз», «Бауырсақ кімді кездестірді?» ойындары. 

4-тақырып.  Вокалдық  дағдылармен  жұмыс:  дененің  дұрыс 

орналасуы,  қалыпты  тыныс,  күш  түсірмей  әнді  белсенді  айту. 

Дауыстың  түрлі  регистрлерін  қолдана  білу.  Тыныс  алу  жаттығулары. 

Артикуляциялық жаттығулар. 

5-тақырып.  Дикциямен  жұмыс.  Әндердің  мәтіндерін  мәнерлеп 

оқу. 

Ритмикалық  суреттермен  жұмыс.  Балаларға  арналған  әндерді 



жаттау және түрлі клавишалармен есту арқылы теру. 

6-тақырып. Музыкалық аспаппен танысу. Қазақ халық аспаптары. 

Орыс халық аспаптары. Симфониялық оркестрдің аспаптары.  

7-тақырып.  Негізгі  музыкалық  жанрлар.  Ән.  Би.  Марш.  Мінезді 

би және марштық қимылдарды жаттау. 

8-тақырып. 

Музыканың 

мінезі. 


Музыкалық 

мәнерлілік 

құралдары. Музыкалық шығармаларды тыңдау. 

9-тақырып. Ноталық жазба. Ноталық стан. Скрипка кілті. Бірінші 

октава ноталарымен жұмыс.  

10-тақырып.  Ұзын  және  қысқа  дыбыстар  туралы  түсінік. 

«Жүгіретін»  (ти-ти),  «қадамдайтын»  (та)  –  сегіздік  және  ширек 

дыбыстар. Штильдердің (тымық) жазылуы. Таныс әндерді ритмикалық 

талдау,  оларды  ритмдік  буындармен  айту  және  тақтаға  ұзын  және 

қысқа  таяқшалармен  жазу.  Әнді  ритм  буындарымен  шапалақтап 

сүйемелдеу: алақанмен – ти-ти, тіземен – та-та. 

11.  Екі  буынды  және  үш  буынды  сөздерді  метризациялау. 

Музыкамен метрикалық қағысты тақылдату. Музыкамен қозғалу. 

12-тақырып.  Ладтық  ырғақ  жұмысы.  Тониканы  түсінуге 

дайындық.  Тоникаға  жеткізе  отырып,  ұзын  дәне  қысқа  әуендік 



11 

 

музыкалық  айналымдарды  айту.  Түрлі  үнділіктегі  және  көлемдердегі 



әндерді есту арқылы жаттау.  

13-тақырып.  Мажорлық  және  минорлық  ладтар.  Есту  арқылы 

қабылдауды дамыту. Тыңдалған музыканың мінезін анықтау. 

Балалардың орындалған музыкаға тақырып қоюы. 

Тыңдаған  музыкаға  сурет  салу.  Орындалған  музыканың  ладын 

анықтау.  Мажор  мен  минорды  салыстыруға  арналған  әншілік 

ойындарды қолдану. 

14-тақырып.  Лад.  Лад  туралы  түсінік.  Ладтың  тіреулі  және 

тіреусіз жалпы бөлінген сатылары туралы түсінік. Әр сатының сипатын 

даралау.  Сатыларды  рим  сандарымен  белгілеу.  Дыбыс  қатары.  Гамма. 

Тоника. Үш дыбыстылық.  

Әнмен  ойналатын  ойындарды  қолдану.  Саусаққа  арналған 

ойындар. 

15-тақырып.  Метр  және  ритм.  Күшті  және  әлсіз  метрикалық 

бөліктер. Сөздерді ритмикамен меңгеру. Екі бөлікті метрикалық қағыс. 

2/4  өлшемі,  дирижерлеу  сызбасы.  Ритмикалық  суреттердің  әртүрлі 

түрлері.  

16-тақырып.  Үш  бөлікті  метрикалық  қағыс.  ¾  өлшем. 

Дирижерлеу сызбасы. Ритмикалық суреттердің әртүрлі түрлері.  

17-тақырып.  Тактінің  бір  бөлімі  (затакт).  Үзілістер.  Педагог 

бастаған  ритмикалық  фразаны  әрі  қарай  еркін  шығару,  ритм 

буындарымен ритмикалық жолдарды оқу. 

18-тақырып. Ритмикалық канон. Шапалақпен ритмикалық суретті 

оқу,  музыканың  мінезіне  сәйкес  тактілерді  орындау.  Балалар  соқпалы 

оркестрінде ойнау.  

19-тақырып.  Ритмикалық  суырып  салу.  Ритмикалық  жазбаша 

бақылау.  Музыканы  тыңдауға  тікелей  реакция  ретінде  суырып  салма 

қимыл-қозғалыстарды орындау. 

20-тақырып.  Жарты  тон  және  тон  түсініктерімен  танысу. 

Альтерация  белгілері.  Мажорлық  гамманың  құрылысы.  Ре  мажор 

үндестілігі.  Екі,  жеті  тұрақсыздарын  біртіндеп  енгізу.  Дыбыстар 

қатарын  дауыс  ырғағына  келтіру:  бір  –  екі  –  үш  және  кері  қарай, 

тетрахорд,  пентахорд,  гамма  (қатар  бойынша,  қол  белгілерімен, 

ноталармен).  

Үшдыбыстылық  дыбыстары  бойынша  әндер  мен  жаттығуларды 

алдымен төмен, сосын жоғары айту. Тоника сезімін тәрбиелеу. 

21-тақырып.  Мажорлық  ладтың  бес  –  үш  –  бір  сатысының  жеке 

мінезін  сезінуді  тәрбиелеу.  Мажорлық  ладтың  осы  сатыларын 

дыбыстардың аталуымен, сатылардың сандарымен айту. Таза ырғақтау 

және орындау мәнерлігі бойынша жұмыс.  




12 

 

22-тақырып.  Өткен  сатылардан  және  екі  бөлікке  тактіленген 



ноталардан құралған әндер мен әуендерді, жұмыс дәптерлері, тақтадағы 

жазба бойынша сольфеджиолау. 

23-тақырып.  Бейнені  бейнелеу  немесе  сипатына  байланысты 

аспаппен суырып салу.  

24-тақырып.  Тасымалдау.  Таныс  әндерді  до  және  ре  –  мажор 

үндестіліктерінде,  тұрақты  және  тұрақсыз  сатыларды  түсіне  отырып 

іріктеу. 

25-тақырып.  Музыкалық  баса  айту.  Сатылардың  аталуымен 

белгілі  дауыс  ырғағының  үлгілерінде  шағын  фразаларды  шығару. 

«Әуен  және  сүйемелдеу»  түсініктері.  Жатталған  әндерді  фразалар 

бойынша  және  сүйемелдеумен  айту.  Кіші  октавадағы  дыбыстардың 

дұрыс жазылуы. 

26-тақырып.  Музыка  тілі.  Музыкалық  баса  айту,  До  және  Ре 

мажор  үндестіліктеріндегі  жұмыс.  Екі  бөлік,  үш  бөлік  өлшеміндегі 

әндерді сольфеджиолау. 

27-тақырып.  Ауызша  динтакт.  Жатталатын  әндердің  ноталарын 

фланелеграфқа,  ноталық  параққа  түсіру.  Ритмикалық  суреттерді  карта 

түрінде  шығарып  қою.  Дауыстап  айтуды  іштен  айтумен  алмастыру. 

Әуендерді  аяқтап  жазу.  Өткен  сатылардағы  жатталған  және  талданған 

әуендерді жазу. Бағана бойынша жазылған таныс әндерді тану. 

28-тақырып.  Мажорлық  және  минорлық  үш  дыбыстылықты, 

дыбыстар  қатарын,  тұрақты  сатыларды  естуі  бойынша  анықтау. 

Ритмикалық  жаңғырық,  әуендік  жаңғырық.  Төрттен  екі,  төрттен  үш 

өлшемдерін есту арқылы анықтау. 

29-тақырып.  Қарапайым  үш  бөлімді  формадағы  есту  арқылы  үш 

бөлімді  (бейнені  ауыстыру  бойынша)  анықтау.  Тізбек  бойынша  айту. 

Дауыстап  айтуды  «іштен  айтумен»  алмастыру.  Тақтадағы  таныс 

әуендердің қалып кеткен тактілерін есте сақтау. 

30-тақырып.  Музыкалық  бейне.  Музыка  тілі.  Музыкалық 

мәнерліктің  негізгі  құралдары  -  әуен,  гармония,  ритм,  лад,  тембр, 

регистр,  темп,  динамика,  фактура,  музыкалық  шығармадағы  олардың 

өзара байланыстары.  

31-тақырып.  Симфониялық  оркестр.  Оркестрдің  құрамы. 

Аспаптардың тобы. 

32-тақырып.  Опера  мен  балет  -  синтетикалық  жанр.  Жалпы 

сипаттары мен айырмашылығы.  

39. «Сольфеджио» пәнін меңгеруден күтілетін нәтижелер.  

Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі 

білім, білік және дағдыларға ие болады. 

Біледі: 



13 

 

1)  терминдерді  -  музыкалық  дыбыс,  нота,  дауыс  ырғағы,  әуен, 



тембр,  ритм,  темп,  жанр,  скрипка  кілті,  композитор,  орындаушы, 

тыңдаушы, музыкалық аспаптар, халық аспаптар оркестрі;  

2) музыка тілінің құралдарын: әуен, ритм, темп, лад; 

3) музыка өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын; 

4) 

классикалық 



музыкалық 

аспаптардың 

аталуы 

мен 


дыбысталуын;  

5) қазақ және орыс аспаптарының аталуын және дыбысталуын; 

6) музыкалық шығармаларды тыңдау ережелерін. 

Жасай алады:  

1)  нота  бойынша  шағын  әуенді,  әнді  алақанмен  қалыпты 

шапалақпен  сүймелдей  отырып,  кез  келген  дыбыстағы  таныс  әнді 

орындайды; 

2) тыңдалған музыканың өлшемін анықтайды; 

3) жазылған ритмді тықылдатып немесе шапалақтап шығарады; 

4) аталған әуеннің өлшемін анықтайды; 

5)  тыңдалған  музыканың  сипатын  анықтайды  (мажор  немесе 

минор); 

6) аяқталмаған әуенді аяқтайды (бір немесе бірнеше дыбыстау); 

7) таныс музыканы дыбысталу сипатына қарай салыстырады; 

8)  кез-келген  жылда  өтілген  әнді  нота  бойынша  анықтау  және 

ноталардың аталуымен айта біледі;  

9) музыканың сипатын эмоциямен көрсетеді; 

10) фортепианода таныс әуенді тереді; 

11)  қарапайым  музыкалық  шығарманы  орындау:  әнді,  аспаптық 

пьесаны; 

12)  музыкалық  шығармадан  алған  эмоциялық  әсерін  сөзбен 

жеткізеді. 

Дағдыларға ие болады: 

1) таныс әуенді фортепианоға тасымалдау; 

2) қарапайым вокалдық және аспаптық музыка ойнау; 

3) музыкалық оқу қызметі. 

40.  «Фортепиано»  пәні  бойынша  бағдарламаның  мақсаты:  білім 

алушыны  фортепиано  класы  бойынша  оқытудың  негізгі  курсын 

меңгеру үшін дайындау. 

41. Бағдарламаның міндеттері. 

Оқыту: 

1) музыка туралы анықталған білім алу;  

2)  музыкалық  сауат  ашумен,  дыбыс  шығарудың  әр  түрлі 

тәсілдерімен танысу; 

3) есту қабілетін бақылауды қалыптастыру; 

4) арнайы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру

5) алғашқы пианинода ойнау тәсілдері мен дағдыларына оқыту. 



14 

 

Дамыту: 



1)  есту  қабілетін,  ритмді,  шығармашылық  қиялды,  музыканы 

бейнелі қабылдауды дамыту

2) білім алушының табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы 

музыкалық  дамыту; 

3) бастапқы  шығармашылық нышандарды дамыту. 

Тәрбиелік: 

1) балаларды музыка әлеміне баулу; 

2) сабаққа деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру; 

3) баланың тұлғасын, белсенділігін, дербестігін  дамыту; 

4)  балалардың  эстетикалық  көзқарастары  мен  көркемдік 

талғамдарын қалыптастыру және дамыту. 

42. «Фортепиано» пәнінің бағдарламалық талаптары: 

1)  педагог  сабақтарда  музыканы  тыңдау,  ән  айту,  музыканы  есту 

бойынша  теру,  ритм  сезімін  дамытуға,  ұсақ  моториканы  алғашқы 

ұйымдастыруға  арналған  жаттығулар,  отырудың  алғашқы  дағдыларын 

және  фортепианода  ойнау  тәсілдерін  қалыптастыру  сияқты  қызмет 

түрлерін жиі қолданады; 

2)  педагог  білім  алушының  қабілеті  мен  жасына  байланысты 

міндеттерді  қиындата  отырып,  ноталық  сауат  негіздері  мен  күрделірек 

тарауға біртіндеп ауысады; 

3) барлық оқыту сабақтары ойын процесінде өткізіледі; 

4)  білім  алушы  оқу  жылының  ішінде  әр  түрлі  ойын  дағдыларын 

non  legato,  legato,  staccato,  музыкалық  шығармалардың  жанрларын, 

формалары  бойынша  әртүрлі  20-25  музыкалық  шығармаларды:  халық 

әндері,  этюдтер,  әншілік  және  бишілік  сипаттағы  пьесалар, 

ансамбльдер, полифония элементтері бар пьесаларды меңгереді.  

43. «Фортепиано» оқу пәнінің мазмұны. 

Тақырыптық жоспарлау.  

1-тақырып.  Кіріспе  сабақ.  Музыка  әлеміне  кіріспе.  Жанрлық 

музыка туралы әңгіме.  

2-тақырып.  Көне  клавишалық  аспаптармен,  дыбыс  шығару 

тәсілдерімен, дыбысталу айырмашылығымен танысу. 

3-тақырып.  Фортепианоның  шығу  тарихы.  Клавиатураға  шолу 

жүргізу.  

4-тақырып. Кішкентай пианиношының ережелері. Аспапта дұрыс 

отыру ережелерін тәрбиелеу. Отыру, дене жағдайы, білектің биіктігі.  

5-тақырып.  Орындаушылық  аппаратын  аспапта  ойнауға 

дайындау. Қолды қою және қолды клавиатурадан алу бойынша жұмыс. 

Д. Артаболевскаяның жүйесі бойынша сермеу жаттығулары. 

6-тақырып.  Нотаға  дейінгі  кезең.  Орындау  қимылдарын 

ұйымдастыру.  Шығармашылық  дағдыларды  жетілдіру.  Берілген 

сөздерге музыкалық сөздерді және есімдерді шығару.  




15 

 

7-тақырып.  Шығармашылық  дағдыларды  дамыту.  Музыкалық 



есту  қабілетін  дамыту.  Шығарған  музыкалық  сөздер  мен  есімдердің 

ритмін сипаттау үшін шулы музыкалық аспаптарды қолдану. 

8-тақырып. 

«Финал» 


бағдарламасындағы 

компьютерлік 

технологиялар. 

9-тақырып. Қолмен ойнау, жеңіл әндерді іріктеу. Педагогпен бірге 

ансамбльде  ойнау.  Қолдарды  алмастыру,  пластикалық  қимылдарды 

тәрбиелеу.  

10-тақырып.  Білім  алушылардың  педагогтің  сүйемелдеуімен 

жеңіл әуендерді орындауы.  

11-тақырып. Музыкалық мәнерлілік құралдары туралы әңгіме. 

12-тақырып.  Музыканы  тыңдау  және  қабылдау.  Музыканың 

жанрын, мінезін, көңіл-күйін анықтау. 

13-тақырып. Нота парағы, скрипка және бас кілттері, клавиатура. 

14-тақырып. Әуен түсінігі. Сарын, сүйемел, фраза, кезең. 

15-тақырып.  Ноталардың  ұзақтығы.  Паузалар.  Динамикалық 

ерекшеліктер. Лад (мажор, минор). 

16-тақырып. Альтерация белгілері.  Музыкалық терминдер. 

17-тақырып.    Мажор  және  минор  үш  дыбыстылығы.  Дауыс 

ырғағын таза келтіре білу. 

18-тақырып.  Орындаушылық  штрихтері.  Non  legato,  legato, 

staccato штрихтерін меңгеру. 

19-тақырып.  Гамма.  Жаттығулар.  Аппликатура  негіздері.  Бірінші 

саусақтың  дербестігін  дамыту,  төртінші  және  бесінші  саусақтарды 

бекіту. 

20-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.  

21-тақырып. Этюдтер мен пьесалар. Екі қолмен ойнау. Әр қолмен 

кезектесіп ойнаудан бір уақытта екі қолмен ойнауға көшу. 

44. «Фортепиано» бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.  

Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі 

білім, білік және дағдыларға ие болады. 

Біледі: 


1) музыкалық сауат ашудың алғашқы негіздерін; 

2) клавишалық музыкалық аспаптарды;  

3) музыканың негізгі жанрларын; 

4) non legato, legato, staccato ойын тәсілдерін

5)  музыканың  мәнерлілік  құралдарын:  әуен,  ритм,  үзілістер, 

штрихтер, динамика. 

Жасай алады:  

1) аспапқа дұрыс отырады; 

2)  музыкалық  пьесаларды  кезекпен  ойнайды  немесе  меңгерген 

теориялық  білімдерін  қолданып  екі  қолмен  саналы  түрде  және 

мәнерлеп орындайды; 



16 

 

3) non legato, legato, staccato дыбыс шығару тәсілдерін қолданады; 



4)  орындау  барысында  f,  p,  крещендо,  диминуэндо  -  

динамикалық ерекшеліктерді қолданады; 

5) өзінің бұлшық ет - қимыл - қозғалыс аппаратын басқарады; 

6)  ойын  аппаратын  орындаушының  еркіне,  алғашқы  көркемдік 

міндеттерге бағындырады; 

7)  әр  түрлі  дыбыстардан  құрылған  әуендерді  іріктеп,  оларды 

айтады;  

8) 2, 3, 4, 5 нотаға берілген ырғаққа әуен шығарады; 

9) музыка жанрларын талдайды; 

10) шығарманың мазмұнын ауызша айтады, ладты сезінеді.  

45.  «Домбыра»  пәні  бойынша  бағдарламаның  мақсаты:  домбыра 

сыныбы  бойынша  оқытудың  негізгі  курсын  ыңғайлы  меңгеруі  үшін 

білім  алушыларды  дайындау,  музыкаға  және  аспапқа  деген  белсенді 

қызығушылығын  тәрбиелеу,  музыкалық  және  орындаушылық 

мүмкіндіктерді дамыту. 

46. Бағдарламаның міндеттері. 

Оқыту: 

1) музыкалық сауаттылықпен танысу; 

2) қарапайым орындаушылық дағдыларды иелену; 

3) есту қабілетін бақылауды қалыптастыру; 

4) бастапқы домбыра тәсілдері мен дағдыларына оқыту. 

Дамыту: 


1)  есту  қабілетін,  ырғақты,  шығармашылық  қиялды,  музыканы 

бейнелі қабылдауды дамыту; 

2) баланың эмоциясын, қиялын, талғамын дамыту; 

3)  білім  алушылардың  табиғи  мүмкіндіктерін  ескере  отырып, 

жалпы музыкалық  дамыту; 

4) бастапқы шығармашылық нышандарды дамыту. 

Тәрбиелік: 

1) балаларды музыка әлеміне баулу; 

2) сабаққа деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру; 

3) бала тұлғасын, белсенділігін, дербестігін дамыту; 

4)  балалардың  эстетикалық  көзқарастары    мен  көркемдік 

талғамдарын қалыптастыру және дамыту. 

47. 

«Домбыра» 



пәні 

бойынша 


дайындық 

сыныбының 

бағдарламалық талаптары: 

1)  білім  алушылар  ноталық  сауаттың  негіздерімен,  нота 

ұзақтығымен,  үзілістермен,  динамикалық  ерекшеліктерімен,  ладпен, 

альтерацияның  тональді  белгілерімен,  музыкалық  терминдермен 

танысады; 

2) педагог сабақтарда музыканы тыңдау, ән айту, музыканы естуі 

бойынша  теру,  ритм  сезімін  дамытуға  арналған  жаттығулар,  отырудың 



17 

 

алғашқы  дағдыларын  және  домбырада  ойнау  тәсілдерін  қалыптастыру 



сияқты қызмет түрлерін жиі қолданады; 

3) барлық оқу сабақтары ойын процесінде жүргізіледі; 

4)  білім  алушылар  оқу  жылының  ішінде  орындаушылық 

штрихтарды, ойнау тәсілдерін, ноталарды парақтан оқуды, гаммаларды, 

жаттығуларды,  этюдтер  мен  пьесаларды,  музыкалық  шығармалардың 

жанрларын, формасы жағынан әртүрлі 20-25 музыкалық шығармаларды 

меңгереді.  

48. «Домбыра» оқу пәнінің мазмұны. 

Тақырыптық жоспарлау.  

1-тақырып.  Кіріспе  сабақ.  Музыка  әлеміне  кіріспе.  Жанрлық 

музыка туралы әңгіме.  

2-тақырып.  Аспаппен,  дыбыс  шығару  тәсілдерімен,  дыбысталу 

ерекшелігімен танысу. 

3-тақырып. Домбыраның шығу тарихы. 

4-тақырып.  Дұрыс  отыру  және  аспапты  дұрыс  орналастыруды 

тәрбиелеу. Отыру, дененің қалпы, білектің биіктігі. 

5-тақырып.  Орындаушылық  аппаратын  аспапта  ойнауға 

дайындау. Қолдың қойылымы.  Саусақ қойылымымен жұмыс жасау. 

6-тақырып.  Нотаға  дейінгі  кезең.  Орындау  қимылдарын 

ұйымдастыру.  Шығармашылық  дағдыларды  жетілдіру.  Берілген 

сөздерге музыкалық сөздерді және есімдерді шығару.  

7-тақырып Шығармашылық дағдыларын дамыту. Музыкалық есту 

қабілетін  дамыту.  Шығарған  музыкалық  сөздер  мен  есімдердің  ритмін 

сипаттау үшін шулы музыкалық аспаптарды қолдану. 

8-тақырып. 

«Финал», 

«Сибелиус» 

бағдарламасындағы 

компьютерлік технологиялар. 

9-тақырып.  Жеңіл  әндерді  іріктеу.  Педагогпен  бірге  ансамбльде 

ойнау.  

10-тақырып. Педагогтің сүйемелдеуімен жеңіл әуендерді орындау.  

11-тақырып. Музыкалық мәнерлілік құралдары туралы әңгіме. 

12-тақырып.  Музыканы  тыңдау  және  қабылдау.  Музыканың 

жанрын, мінезін, көңіл-күйін анықтау.   

13-тақырып. Нота парағы, скрипка кілті.  

14-тақырып. Әуен, күй, пьеса туралы түсініктер. 

15-тақырып. 

Нота 

ұзақтығы. 



Үзілістер. 

Динамикалық 

ерекшеліктер. Лад (мажор, минор). 

16-тақырып. Альтерация белгілері.  Музыкалық терминдер. 

17-тақырып.  Дауыс ырғағын таза келтіре білу. 

18-тақырып. Орындау штрихтары. ПV, ПVV, ПVПV штрихтарын 

меңгеру (төкпе). 

19-тақырып.  Гаммалар.  Жаттығулар.  Аппликатура  негіздері. 

саусақтардың  дербестігін  дамыту,  үшінші  және  төртінші  саусақтарды 



18 

 

нығайту. 



20-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. 

21-тақырып. Этюдтер мен пьесалар. Аспапта ойнау. 

49. «Домбыра» бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.  

Дайындық  сыныбында  оқу  жылының  соңында  білім  алушылар 

келесі білім, білік және дағдыларға ие болады. 

Біледі: 


1) музыкалық сауат ашудың алғашқы негіздерін;  

2) қазақтың халық аспаптарын

3) музыканың негізгі жанрларын; 

4) төкпе, шертпе ойнау әдістерін; 

5)  музыканың  мәнерлік  құралдарын  –  әуен,  ырғақ,  үзіліс, 

динамика; 

Істей алады:  

1) аспаппен дұрыс отыруды; 

2)  алған  теориялық  білімін  қолдана  отырып,  шығарманы 

мәнерлеп ойнауды; 

3) дыбыс шығару әдісі - төкпені орындауды; 

4)  орындау  барысында  f,  p,  крещендо,  диминуэндо  -  

динамикалық реңктерін қолдануды; 

5) ойын аппаратын басқаруды; 

6) әр түрлі дыбыстардан әуен шығаруды, оны айтуды; 

7) 2, 3, 4, 5 нотаға берілген  ырғаққа  әуен шығару; 

8)  музыка жанрларын талдау; 

9) шығарманы сөзбен айтып, ладты сезіну. 

50.  «Музыканы  тыңдау»  (таңдау  бойынша  пән)  пәні 

бағдарламасының  мақсаты:  білім  алушылардың  музыкалық  және 

тұлғалық  дамуына,  әрі  қарай  меңгеруге  және  оларды  музыка  өнеріне 

араластыруға жағдай жасау. 

51. Бағдарламаның міндеттері: 

Оқыту: 


1)  ноталарды  оқу  және  жазу,  музыкалық  терминдерді  білу,  лад, 

темп,  музыка  өлшемін  анықтау  сияқты  алғашқы  музыкалық  білім 

дағдыларын алуы;  

2) би музыкасының жанрларымен және ритмдерімен танысу; 

3)  білім  алушылардың  есту  қабілетін  бақылау,  музыкалық 

талғамның алғашқы дағдыларын қалыптастыру. 

Дамыту: 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет